• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2012

Кезекші прокурор. Ол қандай прокурор?

555 рет
көрсетілді

Кезекші прокурор. Ол қандай прокурор?

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:18

Қызылорда облысының прокуроры Сапарбек Нұрпейісов – әртүрлі деңгейдегі прокуратура органдарында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, ысылған білікті маман. Ол үстіміздегі жылдың басында орталық аппаратта лауазымды қызметте жүргенінде «Кезекші прокурор» жүйесін ойлап тауып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңдылық сақтаудағы жұмысын жетілдіре түсуге жол ашып еді. Бұл тәжірибе қазірдің өзінде ТМД-ның бірқатар елдеріне, соның ішінде Ресей Федерациясына тарай бастады. Әлбетте, жаңалықтың иесі осы бастамасын бүгінде өзі қызмет ететін Сыр өңірінің құқық қорғау жүйесіне де енгізді. Біздің ендігі әңгімеміз осы және осыған қатысты басқа да мәселелерге арналды.

 

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:18

Қызылорда облысының прокуроры Сапарбек Нұрпейісов – әртүрлі деңгейдегі прокуратура органдарында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, ысылған білікті маман. Ол үстіміздегі жылдың басында орталық аппаратта лауазымды қызметте жүргенінде «Кезекші прокурор» жүйесін ойлап тауып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңдылық сақтаудағы жұмысын жетілдіре түсуге жол ашып еді. Бұл тәжірибе қазірдің өзінде ТМД-ның бірқатар елдеріне, соның ішінде Ресей Федерациясына тарай бастады. Әлбетте, жаңалықтың иесі осы бастамасын бүгінде өзі қызмет ететін Сыр өңірінің құқық қорғау жүйесіне де енгізді. Біздің ендігі әңгімеміз осы және осыған қатысты басқа да мәселелерге арналды.

– Сапарбек Айтуұлы, әуелгі сөзді дәстүрге сай қазіргі таңда облыс прокуратура органдары алдында тұрған негізгі міндеттерден бастасақ.

– Өзіңізге де белгілі, облыстық про­куратураның алдында тұрған негізгі мін­деттердің бірі құқық қорғау органда­ры­ның қылмыспен күрестегі өзара үйлесім­ділігін арттырып, оған тиісті бағыт-бағдар беріп, кримоногендік ахуалды тұрақтан­дыру арқылы азаматтарды қорғау жөнін­дегі заңмен жүктелген қағиданың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта біз тірлікті облыстағы басыңқы бағытқа ие – мал ұрлығы, мұнай өнімдерін ұрлау, есірткі заттарын заңсыз айналымға салу төңірегіндегі құқық бұзу­шылықтармен күресте қылмыстық ізге түсу органдары қызметін үйлестіріп тұру­дың төлқұжаттарын жасаудан бастадық. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары күрт өсіп келе жатқан мал ұрлығын ашу барған сайын қиындап барады. Сондықтан бұл мәселе таяуда облыс құқық қорғау орган­дарының үйлестіру кеңесінде арнайы талқыланып, оған қатысты күресті күшей­ту туралы бірлескен нұсқаулық өмірге келді. Сондай-ақ, тұрғындардың малы ұрланған жағдайдағы құқықтары мен полиция қызметкерлерінің міндеттері көрсе­тілген жаднама дайындалып, оның мәні жұртшылыққа толық жеткізілді.

Тағы бір атап өтерлік жайт, пайдакү­немдік, зорлық сипатындағы қылмыстар мен оның алдын алу бағытындағы іс-ша­ралар үйлестіру кеңесі мен алқа мәжі­лісінде қаралып, қылмыспен күрестің тиімділігін арттырудың бірлескен кешенді шешімдері қабылданды. Облыс прокуратура органдары сонымен бірге, қылмыс­тық іс жүргізуде адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостан­дықтары, қылмыстық іс жүргізу кезінде қатысушылар өтініштерін қарау заңды­лығы сақталуын қамтамасыз ету секілді қадағалаудың басыңқы бағыттарына ай­ры­қша мән беріп келеді. Жүйелі атқа­рылған осы жұмыстардың нәтижесінде қылмыстық істердің басым бөлігі сотпен аяқталып, олардың ақтау негізінде қыс­қар­тылуына, азаматтардың заңсыз қама­лып, ұсталуына жол берілген жоқ. Осы кезеңде тергеу органдары қабылдаған процессуалдық шешімдерді зерделеу сапасы едәуір жақсарды. Бұл тұрғыда азаматтардың ұзақ уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан арыздарының тоқта­тылуына қол жетті. Облыс прокурорының жеке қабылдауында болып, шағым біл­дірген азаматтардың келтірген уәждері олардың өздерінің қатысуында тексерілуі ұйымдастырылып, нәтижелері бойынша дайындалған жауаптар арызданушыларға алдын ала беріліп, оларды қайта қабылдау тәжірибеге енгізілді.

Осындай жанды жұмыстардың арқа­сында көптен бері шешімін таппай жүр­ген арыз-шағымдардың тағдырын оң шешуге қайырлы қадам жасалды. Бұған таяу­да ғана орын алған Ұ.Әлішевтің зорлық-зомбылықтың белгілері бар мәйіті табылуына байланысты атқарылған жұмыстың дерегін келтіре кетсек те болады. Бұл оқиға бойынша қозғалған қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданып, тиісті үкім шығарылды. Осы арқылы марқұмның туыстары тарапынан тергеу­дің әділдігіне келтіріліп келген күмән сейіліп, ақиқаттың ақ туы желбіреді.

– Бұл деректің өзі сіздің соңғы кез­дері жергілікті құқық қорғау орган­да­ры­ның жұмысын жиі сынға алуы­ңыз­дың тектен-тек емес екенін көрсетсе керек.

– Құқық қорғау, әсіресе, ішкі істер органдары жұмыстарын сынға алудағы бас­ты себеп қоғамдық қауіпсіздік қызметі құрылымы жұмысының дұрыс ұйымдас­тырылмауынан құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда атқарылған іс-шаралардың оң нәтиже бермеуінен туындап отыр. Көп жағдайда олардың қыл­мыс­пен күрестегі рөлі тек қылмыс жасал­ғаннан кейін ғана көрініп жатады. Ал оған дейінгі алдын алу қызметі сүйейсалды сипат алған. Бұл ретте ішкі істер орган­дарының аймақтық учаскелері жұмысына айтылар сын өте көп. Тексеру көрсет­кендей, учаскелік полиция инспекторлары өздеріне қарасты әкімшілік аумағындағы тұр­ғындармен тығыз байланыс жасамайды, қылмыс жасауға бейім тұратын, бұ­рын сотты болған адамдардың жүріс-тұ­рыс­тарына мұқият бақылау жүргізбейді. Олар­дың базбірі өздеріне бекітілген учас­кедегі тұрғындар саны мен олардың кәсіби сипатын білмейді, себебі әкімшілік аумағындағы пәтерлер мен үйлерді ұдайы аралап тұрмайды. Бұл талаптың сақта­луын тексеру мақсатында таяуда қалалық прокуратура қызметкерлері 14 учаскелік полиция бекеті аумағындағы жұрт арасына сұрау салды. Сонда сауалнамаға қатыс­қандардың 75 пайызға жуығы өздерімен жұмыс істеуге тиісті учаскелік полиция инспекторын танымайтындарын және көрмегендерін айтқан.

Қылмыстың алдын алу мен оның жолын кесудегі учаскелік полиция қызмет­керлерінің жұмыстарын ұйымдастыру, профилактикалық іс-шаралардың тиімді­лігін көтеру мәселесі сондықтан да би­ылғы қыркүйек айының соңында үйлес­тіру кеңесінің Шиелі ауданында өткен көшпелі отырысында нақтылы сөз болды. Отырыста учаскелік полиция инспектор­ларының жұмыстарына жаңа серпін беріліп, заң бұзушылықтардың алдын алу жөнінде бірлескен шешім қабылданды.

– Енді осы әңгіменің ыңғайында өзіңіз дүниеге келтірген «Кезекші прокурор» жүйесіне тоқталатын кез де келген сияқты. Біздің пайымымызша, ол тап осы құқық қорғау саласында көпе-көрнеу заң бұзушылықтардың орын алмауы мен азаматтардың құқықта­рын қорғау мақсатында пайда болған жоқ па?

– Дұрыс айтасыз. Бәріміз үшін де азаматтар тарапынан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерін негізсіз ұс­тайтыны, күш қолданатыны, ұрып-соға­ты­ны және әртүрлі қинау шараларын атқа­ратыны жөнінде шағымдар айтылып тұратыны да, бұл арыздардың ішінара шындық болып шығатыны да жасырын емес. Міне, қоғамымызда болып жататын осындай келеңсіз оқиғалар мені көптен толғандырушы еді. Ақырында кеңінен ойлана келе, мұндай фактілерге біржола тосқауыл қою, заңдылықты нығайту, жеке адамның конституциялық құқықтарын қорғау және прокурорлық қадағалау тетік­терін жетілдіру мақсатында «Полиция­дағы кезекші прокурор – азаматтар құқы­ғының кепілі» атты серпінді жоба ұсын­дым. Бұл жоба өз кезегінде басшылық тарапынан мақұлданып, Бас Прокурордың биылғы жылғы 30 қаңтардағы №9 санды бұйрығымен өндіріске енді. Сонымен бір мезгілде жобаның ережесі де бекітілді. Ал 17 ақпанда Бас прокуратура мен Ішкі іс­тер министрлігінің «Кезекші прокурор­лар­дың Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кезекші бөлімдері­мен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі» туралы №98-бірлескен бұйрығы шығарылды.

Қабылданған ережеге сәйкес, кезекші прокурор тәжірибелі, кәсіби деңгейі жоға­ры, білікті қызметкер болуы тиіс. Жоба бойынша ішкі істер органдары ғимара­тына жеткізілген әрбір адам кіргеннен бас­тап одан шыққанша кезекші прокурор­дың немесе аумақтық прокурордың тіке­лей бақылауында болады. Бақылау ішкі істер органдары ғимаратының кіребері­сіне орнатылған бейнекамераға локалды жүйе арқылы қосылған қала, аудан прокурорлары мен кезекші прокурор кабинетін­дегі электронды жүйе арқылы жүзеге асырылады. Адамның полиция ғимаратына кіргені мен шыққаны электрондық жүйе­де тіркеліп, мәртебесі анықталып, компьютерге енгізіледі, процессуалдық нормалар бұзылған жағдайда тиісті бағдар­лама прокурор мониторына белгі береді. Кезекші прокурор өз құзыреті шеңберінде заңдылықты қалпына келтіріп, кінәлі лауа­зым иесінің тиісті жауапкершілігін шеше­ді. Азаматтарды заңсыз әкелу, ұстау, қинау фактілеріне жол бермеу кезекші прокурор қызметінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Оған уақытша ұстау камераларын, қызметтік бөлмелерді тек­се­ріп, ретсіз ұсталғандарды босату және заңдылықты орнату үшін әлгінде айтыл­ған ережеде тиісті өкілеттіктер берілген. Осы өкілеттіктерді толық және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі үшін кезекші прокурор күнделікті қызметінен босатылып, бірыңғай ішкі істер органдары ғимаратында болады. Яғни, өтінішпен келген адам ішкі істер ғимаратындағы кезекші прокурорға кез келген уақытта жолығып, өзін толғандырған мәселесін сол жерде шешуге мүмкіндік алады. Ішкі істер органдарының басшылығы болса, бірлескен бұйрыққа сәйкес, кезекші про­ку­рордың қызметтік міндеттерін атқаруы­на жан-жақты жағдай жасауға тиіс. Аталмыш жоба алдымен Астана мен Алматы қалаларындағы ішкі істер органдарында тәжірибелік сынақтан өтті. Сынақ сол аралықта азаматтарды негізсіз ұстау, қамау, ұрып-соғу, қинау деректерінің күрт азайып, қылмыстық ізге түсуді заң шеңберінде жүргізуге мүмкіндік туғанын көрсетті. Айналып келгенде, бұл халық­тың полиция қызметкерлеріне деген сені­мінің артуына ықпал етуде. Елбасының құқық қорғау органдары қызметін жетіл­діруде қойған талаптары да осыған саяды. Осылайша көпшіліктің оңды бағасын ал­ған серпінді жоба бірден еліміздің барлық өңірлеріндегі ішкі істер органдарының қызметіне енгізіле бастады. Кезекші прокурор жүйесі үстіміздегі жылдың шілде айынан бері халық көп келетін Қызыл­орда қалалық ішкі істер басқармасында да қолға алынды. Бұған дейін серпінді жоба жөнінде республикалық және облыстық телеарналарда бірнеше рет бейнесюжеттер көрсетіліп, халыққа оның мәні мен мақсаты кеңінен түсіндірілді. Осы жүйе енгізілгеннен кейінгі 3 ай бойына қалалық ішкі істер басқармасында азаматтардың бостандығын шектеуге байланысты деректер орын алған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, жоба өзінің нәтижелілігі мен тиімділігін дәлелдеп, полиция қызметкер­лері тарапынан қылмыс пен құқық бұ­зу­шылықты болдырмауда профилактикалық маңызы зор екенін көрсетті.

Бүгінгі таңда облыстың қалған аумақ­тарындағы ішкі істер бөлімдерінде осы жүйені қысқа мерзімде орналастыру жұ­мыстары атқарылуда. Менің пікірімше, жобаның өміршеңдігі мен өзектілігіне уақыттың өзі кепіл болады.

– Прокурормен сөйлесіп отырып, оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рес туралы сұрақ қоймасақ, сұхба­ты­мыз жартыкеш болып шығар еді. Облыста бұл салада қандай жанды жұ­мыс­тар қолға алынуда?

– Үстіміздегі жылдың 8 айында облыс­тық прокуратура сыбайлас жемқорлықпен күресте, осы санаттағы қылмыстық істер тергеуінде заңдылықтың сақталуын қам­та­масыз етуде айтарлықтай жұмыстар атқарды. Бұған осы аралықта облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатында әшкереленген қылмыстар санының 58-ден 69-ға немесе 18,9 пайызға өскені дә­лел бола алады. Аталған қылмыстық іс­тер­дің 52-сі қазір айыптау қорытын­ды­сы­мен сотқа жолданып, қалғандары тергеу сатысында тұр. Бұлардың ішінде ауылдық округтер әкімдеріне, аудандық соттың төрағасына, облыстық құрылыс басқар­масы мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығына қатысты қозғалған істер сотқа жолданып, өз шешімдерін тапты. Прокуратура органдарының осы бағытта жүр­гізген тексерулері нәтижесінде 200-ден астам заң бұзушылық анықталып, 26 лауа­зым иесі тәртіптік, 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 5 қылмыстық іс қозғалды.

Облыстағы сыбайлас жемқорлық си­патындағы қылмыстың басым бөлігін мемлекеттік сатып алу саласындағы өрес­кел заң бұзушылықтар құрайды. Айталық, облыстық құрылыс басқармасында мем­ле­кеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында қызметтік жалғандық жасау мен ауыр зардаптарға әкеліп соққан қызмет бабын кереғар пайдалану дерегі бойынша екі қылмыстық іс көтерілді. Осы аралықта мынадай да факт орын алды. Облыстық құрылыс басқармасының бөлім бастығы өзінің сол тұста бірқатар қылмыстық істер­ге сезікті ретінде жауап беріп жүр­геніне қарамастан, жеке кәсіпкерді мем­лекеттік сатып алу конкурсының жеңім­пазы ету арқылы одан 23 000 АҚШ долларын жымқырып қалуға әрекет еткен. Міне, қаржы полициясының қызметкер­лері оны осы қылмысы үстінде қолға түсірді. Осының негізінде бұл дауасыз қызметкер сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Құрылыс бас­қар­масының ендігі бір конкурстық комиссиясы Қармақшы ауданы, Төретам кен­тіндегі ауылдық емхана нысанын құры­лыс-құрастыру жұмыстарын медицина­лық мақсаттағы бұйымдарды әкелуге және медициналық техниканы өткізуге лицензиясы жоқ «Ақмешіт-Мелиоратор» серіктестігіне беріп жіберген. Басқарма комиссиясы Шиелі кентіндегі ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана құрылысы жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізгенде де құқық бұзушы­лықты қолдан жасаған.

Құрылыс басқармасының сондай-ақ мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарын орындау барысында да заң бұзушы­лықтарға жиі жол беретіні белгілі болды. Осындай олқылық салдарынан облыстағы 7 мектептің құрылысы бойынша биылғы мамыр-маусым айларында атқарылған жұ­мыстарға төлем жүргізілмей, келісім-шарттағы 438 169 168 теңге қаржы игеріл­мей қалған. Осыған орай біз облыстық әкімдікке мемлекеттік сатып алу шартында көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етпей, жеке кәсіпкерлердің заңды қызметіне кедергі келтірген, сөйтіп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылыққа жол берген лауазым иеле­ріне қатаң тәртіптік шара көру жөнінде ұсыныс енгіздік.

– Мазмұнды әңгімеңіз үшін рахмет!Әңгімелескен  Серік ПІРНАЗАР,«Егемен Қазақстан».ҚЫЗЫЛОРДА.