• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2012

Аттестаттау

524 рет
көрсетілді

Аттестаттау

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:19

Білім мен біліктілік

Елбасының «Қазақстан Рес­пуб­ликасы құқық қорғау орган­дары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы» Жарлығына сай өткізілген аттестаттау барлық құқық қорғау органдары үшін үлкен сынақ. Бұл сынақтан өту­шілерге республика заңдарының тізбесі, логикалық ойлау сындары, қызметкердің құқық қорғау ор­га­ны мәртебесіне сай келетіндігін адамгершілік-психологиялық жә­не дене шынықтыру жағынан анық­тау және қару қолдана білу барысы алға қойылды.

 

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:19

Білім мен біліктілік

Елбасының «Қазақстан Рес­пуб­ликасы құқық қорғау орган­дары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы» Жарлығына сай өткізілген аттестаттау барлық құқық қорғау органдары үшін үлкен сынақ. Бұл сынақтан өту­шілерге республика заңдарының тізбесі, логикалық ойлау сындары, қызметкердің құқық қорғау ор­га­ны мәртебесіне сай келетіндігін адамгершілік-психологиялық жә­не дене шынықтыру жағынан анық­тау және қару қолдана білу барысы алға қойылды.

Кезектен тыс аттестаттаудың тағы бір ерекшелігі, мұнда құқық қор­ғау жүйесі қызметкерлерінің бар­лығы, яғни генералдан бастап прапорщикке дейін тексерістен бірдей өтті. Мұндай сыннан Қар­жы полициясы академиясының қыз­­мет­керлері де қағыс қалған жоқ.Қаржы полициясы академиясы қызметкерлерінің сынақтан қалай өткендігі туралы Қаржы по­ли­ция­сы академиясының бастығы, генерал-майор Рүстем Ыбырайымов айтып берді. Ережеге сай ведо­мст­волық ЖОО қос аттестаттаудан, яғни құқық қорғау жүйесі саласы мен жоғары оқу жүйесі саласынан өтеді, дейді ол. Мә­се­лен, үсті­міз­дегі жылдың қаңтар-ақ­пан айла­рында Қаржы поли­ция­сы акаде­миясы жоғары және ЖОО кейінгі білім беру бағдарламасын жүргі­зуші ретінде Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттес­таттауынан сүрінбей өтті. Енді келесі бесжылдықта бізге «Заң», «Құқық қорғау қызметі», «Кеден ісі» секілді мамандықтар бойынша оқыту құқығы бекітілді.Үстіміздегі жылдың осы өткен айында академия қызметкерлерін қайта аттестаттау барысы да сәтті жүргізілді. Бір апта бойы акаде­мияның про­фессорлық-оқыту­шы­лық құра­мы мен ғылыми қызмет­керлері психологиялық тұрақты­лық пен логикалық ойлауға, қол­даныстағы заңдарды білуге, дене шынықтыру мен атыс қаруынан атуға тестілер мен нормативтер тапсырды. Сы­нақ­тың соңында Эко­номикалық қыл­мысқа және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы кү­рес агенттігі тө­ра­ғасының бірінші орынбасары, қар­жы полиция­сы­ның генерал-майо­ры А.Лукин­нің қатысуымен әң­гі­мелесу өтті.Әрине, өкінішке қарай, бұл күр­делі сынақтан академияның барлық қызметкерлері бірдей өте алған жоқ. Өйткені, мұндай күр­де­лі талапты жоғары ведомстволық мектептің алдына өмірдің өзі қойып отыр. Қаржы поли­циясы­ның академиясы бұл тек еліміздің қаржы полициясы мен кеден ор­ган­дары үшін кадрлар дайын­дай­тын ғана орын емес, сондай-ақ мұн­да PhD магистратурасы мен докторантурасы бойынша жоғары дәрежелі кадрлар әзірлейтін, өзі­нің жеке еңбектерімен қатар ғы­лы­ми журнал шығаратын, ТМД елдерінің салық (қаржы) орган­дары үшін базалық дайындайтын орталығы болып табылады. Сон­дықтан біздің қызметкерлерге қойы­латын талап өте жоғары. Ал мұның маңыздылығы Елбасының Назарбаев Университетінде «Қа­зақ­стан білім қоғамы жолында» атты оқыған дәрісінен де айқын байқалады, дейді Р.Ыбырайымов.Академия бүгінде өзінің білім беру қызметінде жаңа сатыға кө­те­ріліп отыр. Республика құқық қор­ғау органдары үшін 2013-2014 жыл­дарға кадрларды дайындау қысқартылған екі жылдық бакалавриат бағдарламасы бойынша жос­парлануда. Қазіргі таңда тек жо­ға­ры білімі барларды қабылдау мақ­сатында академияда қайта құрылу жұмыстары жүргізілуде. Олар мұнда тек арнайы мамандық білімі бойынша ғана оқытылып, жоғары заң білімі дипломын ала­ды.Демек, бір сөзбен айтқанда, Қар­жы полициясы посткеңестік кеңіс­тіктегі айрықша оқу орын­дарының бірі болған және солай қала бермек. Академияда, соның ішінде білім деңгейін көтеру ку­р­с­тарында Тәжікстан, Литва, Латвия, Қырғызстан, Украина және Ресей азаматтары білім алуда.Елбасының «Қазақстанның әлеу­­­меттік жаңғыртылуы: Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы мен «Қа­зақ­стан білім қоғамы жо­лын­да» атты дәрісінде ұлттық білім беруді жаң­ғыртудың мақсаты оны халық­ара­лық стандарттарға жа­қын­дату ба­сымдығы ретінде белгіленгендей, бұл мәселе осы атал­ған жо­ға­ры оқу орнына да тікелей қатысты. Өйткені, академия ұзақ мерзімді ынтымақтастық ме­мо­рандумына қол қойған тек отан­дық ғана емес, сонымен қатар шетелдік ЖОО және ғылыми ұйымдармен толық­қанды әріптес болып табылады.Ендеше, Елбасы: «Жаңғырту процесінің ең бір ұтымды шешуші кезеңі ұлттық білім беру жүйесін тиімді жаңарту болып табылады», деп айтқандай, Академия Қазақ­станның құқық қорғау жүйесінің бірден-бір жетекші оқу орыны ретінде үздік оқытумен, ғылыми жә­не тәрбие процесінде өзінің қыз­ме­тін үнемі жетілдіріп келеді. Бұ­ған дәлел үстіміздегі жылы Қаржы полициясы академиясының екі мәрте – жоғары оқу орыны және ведомстволық мекеме ретінде – аттестаттаудан білім мен біліктілік жағынан сүрінбей өте білуі ұжымның жоғары кәсіптік және ғылыми дәрежеде екендігін көр­се­тіп берді.

 

Аяқталды

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 8 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттау үдерісі аяқталды.

Аттестаттауға жататын қыз­мет­керлер Қазақстан Рес­пуб­лика­сы­ның заңнамасы, ойлау қабілеттігін анықтауға бағытталған тестілеуді және әскери дайындық нормативтерін тапсырып, психолог мамандармен сұхбаттасудан өтті.Аумақтық аттестаттау комис­сия­сында сұхбаттасудан өту ба­ры­сында тестілеу мен әскери дайын­дық нәтижелері ғана емес, со­ны­мен қатар қызметкерлердің жедел жұ­мыс нәтижелері де ескеріліп, қо­ры­тынды шешім қабылданды.Аумақтық аттестаттау комис­сия­сының жұмысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қар­жы полициясы органдарының ар­дагерлері, партиялардың мүше­лері тартылды. Аумақтық аттестаттау комиссиясының отырысында жалпы 173 қызметкермен сұх­бат­тасу өткізілді. Аттестаттау комис­сиясының жоғары талаптарын білгендіктен 13 қызметкер аттестат­тау­дан өтуден бас тартып, қыз­меттерінен босату туралы бая­нат­тарға қол қойған. Осылайша, Ау­мақ­тық аттестаттау комиссиясы жұмысының нәтижесі бойынша 52 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келмеді, деп хабарлады Астана қаласы бойынша эконо­ми­ка­лық қылмысқа және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес департа­мен­тінің баспасөз қызметі.

 

Ұсыныс та, шешім де қабылданды

Кеше Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болды. Онда мектептердің құрылысын жүргізу, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту барысындағы жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі заңдылықтың сақталу мәселелері қаралды. Алқа жұмысына бірқатар министрліктер мен водомстволардың басшылары, Парламент депутаттары қатысты.

Бас прокуратураның тексеруі барысында анықталған құқық бұзушылықтардың арасында ең көп таралғандары мыналар бол­ды: құрылыс-монтаждау жұ­мыс­тарын жобалық-сметалық құ­жат­тамалардан тыс жүргізу, құ­рылыс нормалары мен техно­логияларын бұзу, қауіпсіз емес құрылыс материалдарын, сон­дай-ақ метрология орган­да­рын­да тексеруден өтпеген өлшем құ­ралдарын пайдалану. Респуб­ликада құрылысы жүріп жатқан 165 жалпы білім беру мек­тептерінің төрттен бір бөлігінің мерзімі бұзылып салынуда. Жи­налыста аталып көрсетілгендей, көбінесе қалыптасып отырған жағдай құрылысқа теріс пи­ғыл­ды құрылысшыларды жіберетін және орындалмаған жұмыс­тар­дың актілеріне қол қоятын ше­неу­ніктердің жауапкершіліксіз қатынасының салдарынан болып отыр.Тексеру нәтижесі бойынша 22 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 6 қылмыстық іс қозғалды, 5 материал тергеуге дейінгі тексеру жүр­гізу үшін қаржы поли­ция­сына жолданды. Алқа қоры­тын­дысы бойынша Үкіметке заңд­ы­лықты бұзушылықтарды жою, елімізге шетелдік жұмыс күш­терін тарту тәртібін реттейтін заңнамаларды қолданудың тиімділігін арттыру туралы ұсыныс енгізу жөнінде шешім қа­был­данды, деп хабарлады Бас про­ку­ратураның баспасөз қызметі.

Өзгерістер өлшемі

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде, өзге де құқық қорғау органдары сияқты, комитеттің аумақтық басқармалары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау аяқталды.

Алғашқы кезеңде комитет тө­рағасын және оның орын­ба­сар­ларын Жоғары аттестаттау комиссиясы (ЖАК) ел Пре­мьер-Министрінің төраға­лығы­мен аттестаттаудан өткізді.Екінші кезеңде, яғни тамыз айында Бас прокуратураның Ор­талық аттестаттау комисиясынан (ОАК) комитеттің және оның аумақтық органдарының басшы­лық құрамы өтті.Бас прокуратураның Орта­лық аттестаттау комиссиясының шешімімен комитеттің облыс­тық басқармасының 1 бастығы жо­ғары лауазымға ұсынылды жә­не қыркүйек айында Бас про­куратураның басқарушы лауа­зы­мына тағайындалды.Сонымен қатар, ОАК қоры­тындысы бойынша 3 аумақтық басқарманың басшысы атқара­тын лауазымына сәйкес келмейді деп танылып, төмендетуге ұсы­нылып, 1 басшы психо­ло­гия­лық тұрақтылығына тестілеу өт­кізілгеннен кейін жұмыстан шы­ғу туралы баянат берді.Үшінші кезеңде комитеттің аймақтық аттестаттау комис­сия­сының шешімінің нәтижесі бой­ын­ша 541 қызметкер аттестат­тау­дан ойдағыдай өтті, оның ішінде 18 қызметкер кадрлық резервке кіргізуге немесе жоғары тұр­ған лауазымға көтеруге ұсы­ныл­ды, 444-і атқаратын лауа­зы­мына сәйкес, 27-сі атқаратын лауа­зы­мы­на сәйкес емес деп та­нылып, басқа қызметке (лауа­зымға) ауыс­тыруға және 35-і атқаратын лауазымына сәйкес емес деп та­ны­лып, лауазымын төмендетуге ұсынылды.Сонымен қатар, аймақтық аттестаттау комиссиясының қо­ры­тындысы бойынша комитеттің ау­мақтық басқармасының 17 қыз­меткері атқаратын лауа­зы­мы­на сәйкес келмейді деп та­ныл­ды және құқық қорғау ор­ган­дарынан жұмыстан босатуға ұсы­нылды. Ал 4 қызметкердің аттестаттаудан өтуі кейінге қал­дырылды, деп хабарлады Бас про­кура­ту­раның баспасөз қыз­меті.

 Топтаманы дайындаған Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».