• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2012

Ажал аузынан құтқарып қалды

381 рет
көрсетілді

Ажал аузынан құтқарып қалды

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:24

Ығы-жығы қаланың сансыз тіршілігіне сай мұнда күнделікті небір оқиғалардың орын алып жа­татыны қазір ешкімді де таң­ғал­дыра қоймайды. Дегенмен, со­лардың арасында қоғамға мүлде жат қылықтардың көрініс табуы ізгі ниетті жандардың жанын жа­быр­қататыны бар. Сондай кезде полиция қызметкерлері араласпаса ар­ты не болар еді деп ойлай­сыз. Міне, сондай бір оқиға Алма­ты қа­ла­сының Әуезов ауда­нында орын алды. Кешкілік жұрт­тың жұ­мыс­тан үйлеріне қайтатын уа­қытын пайдаланған отыз бес жас­тағы әйел құшағына үш жасар сәбиін қысқан күйі бес қабатты үйдің төбесіне шықты. Шыққан бойда шатырдың жиегіне жа­қын­дап, мына өмірден баз кешкендігін білдіріп төменге айқай салды.

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:24

Ығы-жығы қаланың сансыз тіршілігіне сай мұнда күнделікті небір оқиғалардың орын алып жа­татыны қазір ешкімді де таң­ғал­дыра қоймайды. Дегенмен, со­лардың арасында қоғамға мүлде жат қылықтардың көрініс табуы ізгі ниетті жандардың жанын жа­быр­қататыны бар. Сондай кезде полиция қызметкерлері араласпаса ар­ты не болар еді деп ойлай­сыз. Міне, сондай бір оқиға Алма­ты қа­ла­сының Әуезов ауда­нында орын алды. Кешкілік жұрт­тың жұ­мыс­тан үйлеріне қайтатын уа­қытын пайдаланған отыз бес жас­тағы әйел құшағына үш жасар сәбиін қысқан күйі бес қабатты үйдің төбесіне шықты. Шыққан бойда шатырдың жиегіне жа­қын­дап, мына өмірден баз кешкендігін білдіріп төменге айқай салды.

Алас-қапаста шыққан ащы дауысқа назар аударған тұр­ғын­дар сұмдық көрініске тап болды. Анасының жат ниетін ұғын­ған­дай болған нәресте де сонау тө­мен­де ажалдың аузын ашып тұр­ға­нын байқағандай қорқыныштан бажыл­дап құшаққа тығыла тү­сті. Бірақ есі-дертін бір-ақ нәрсе жай­лаған әйел алған бетінен қайтар емес. Жылап, көкірегіне жабыса түскен балапанын қос қолдай өзінен алыс­тата «тастаймын» деп ай­қайлады. Төменде жиналып қал­ған жұрт бес қабатты үйдің ұшар басынан ай­қайлаған белгісіз әйел­­дің сә­биімен бірге өзінің жерге секіруге анық бекінгенін түсінді. Мұн­дай қадамға бұл бейбақтың неліктен бел буғанын ешкім біле алмады. Сондықтан олардың ара­сынан сол сәтте ажалға араша тү­суге талпын­ған­дары да көрінбеді. Тек әлде­қа­лай біреуі полицияға орын ал­ғалы тұрған сұмдық оқи­ға ту­ралы хабар жіберіп үлгерді. Бұл да болса сол сәттегі өте дұрыс қадам еді.Дәл осы кезде «Боран-086» патрульдік тобы аталған үйге таяу тұста қоғамдық тәр­тіп­ті қа­дағалап жүрген болатын. Олар рация арқылы орталықтан сұм­дық хабарды естісімен бес қабатты үйдің ауласына ұша жетті. Адамдар қарасы да көбейіп қа­лыпты. Жағдайды бірден ша­малаған топ жетекшісі, полиция аға лейтенанты Серік Жапаров шатырға көтерілу үшін кіреберіске еніп кетті де, оның әріптесі полиция аға сержанты Зайтжан Аюпов төменде қалды. Ол жағ­дайдың тым ушығып бара жат­қанын бірден байқап, төбедегі әйелді ақылға ша­қыруға кірісті. Әріптесі жоғары көтерілгенше мүмкіндігінше уа­қыт оздырып, келіншекті алған бетінен кідірте тұру керек. Бірақ өршеленген бейбақ ешкімді тыңдағысы да келмеді.Амал нешік, қос өмір­ді құт­қарам деп жоға­ры­ға құсша көте­ріл­ген полиция аға сержанты С.Жа­­паров әйелді сәбиі­мен ұстап алу­ға үлгере алмады. Оның иек ас­тындағы көріністі көр­генде төменде тұрған көпшіліктің жан даусы шық­қандай болды. Біреулері қарауға дәттері шы­да­май көз­дерін көле­гей­лей берді. Ана­сы сәбиін сонау биіктен өз қолы­мен лақ­ты­рып жібереді дегенге кім сенген. Иә, көпшілік сен­бей тұрған. Алайда, өмір­ден шын­дап баз кешкен әйел қас-қағым сәтте құ­ша­ғынан нәрес­те­сін айыр­ды да тастап кеп жіберді. Жұрт шу ете қалды. Адамдар ғана емес, қаты­гездік сал­дарынан ғимарат­тар да теңселіп кеткендей бол­ды. Ой­ла­ма­ған оқыс оқиға қас-қағым сәтте орын алды. Жазықсыз сәби ыс­тық құ­шақтан өз ана­сының аялы алақаны арқылы ажырап, бес қа­батты үйдің төбе­сі­нен керегі жоқ қу дү­ние­дей құл­дилай жө­нел­ді. Аға­раңдаған киімдері ауа­ны қақ жара зу­лаған екпінінен жел­біреп, қараған жан­­ның демін тарылтып жіберді. Көпшілік орын­дарынан қоз­ғала алмай қал­­ды. Тек полиция аға сержанты Зайтжан Аюпов атқан оқтай аққан сәбидің денесі көз ал­дында тасқа соғылып, мыл­жа-мылжасы шыға­рын біліп, бар қай­ра­тын жия ажал­ға қарсы ұмтыл­ды. Үл­гер­ді. Асқан ептілік пен күшті­лік­тің ар­қасында күнәсіз пәк сә­би­ді ажал аузынан қағып алды. Жұрт тағы шу ете қалды. Сосын демдерін терең алып, жадырап сала берді.Өзіне не болып, не қойғанын түсінбеген ба­ла­­ны жедел жеткен дәрі­гер­лер қаумалап, психо­ло­­гия­лық көмек беру үшін ауруханаға алып кетті. Ал оны құтқарып қалған полиция аға сержанты Зайтжан Аюпов қызметін одан әрі жалғастыруға кірісті.

Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».