• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2012

Қарағандыдағы қарымды іс

230 рет
көрсетілді

Қарағандыдағы қарымды іс

Сенбі, 10 қараша 2012 7:04

Қарағанды облысының ІІД қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауы өткізілді. Жоғары аттестаттау комиссиясында Қа­рағанды облысының ІІД 4 басшысы аттестаттаудан өтті, бар­лығы атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келеді. Орталық аттестаттау комиссиясында Қа­рағанды облысының ІІД-нің 138 қызметкері аттестаттаудан өтті. Олардың ішінде 102 қызметкер сәтті өтсе, 36 қызметкер аттес­таттаудан өткен жоқ, оның ішінде, 8 адам жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсыныл­ды. 12 қызметкер лауазымынан төмендетілді. Ал 15 қызметкер жұмыстан шығарылды.

Бүгінде Қарағанды облы­сының ІІД қызметкерлерінің кезектен тыс аттестаттауын өткізу бойынша облыстың ІІД аймақ­тық аттестаттау комиссиясының 33 отырысы өткізілді. Аттестаттаудан өтуге 5281 қызметкер қатысып, 4925-сы сәтті өтсе, 356 қызметкер аттестаттаудан өте алмай қалды. Оның ішінде атқарып отырған лауазымына 70 адам сәйкес келді. 93 адам лауазымынан төмендетілді. 175 адам құқық қорғау органынан қызметтен босатылды.Аттестаттауға жататын қыз­меткерлер үшін қойылған негіз­гі талаптардың бірі заңнаманы білу және логикалық ойлау бойынша тестілеуден өту, денешы­нықтыру және атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсыру бол­ды. Аттестаттауды өткізудің алдында жеке құраммен кезектен тыс аттестаттауды өткізу мақ­саты мен тәртібі туралы түсіндірме жұмысы өткізілді. Тестілеу сыныптары, спорт залдар, тирлер, аудио және бей­небақылау құралдарымен жаб­дық­талды. Қарағанды облысы­ның денсаулық сақтау бас­қармасында облыстың ІІД ААК аттестаттауға жататын қызмет­керлер кестеге сәйкес психо­ло­гиялық тұрақтылық өтті. Жедел тобындағы аттестаттаудан өтетін адамдар (созылмалы аурулармен ауыратын, 40 жастан жоғары және т.б.) денешы­нық­тыру даяр­лығы бойынша нор­мативтерді тапсыру алдында медициналық тексеруден өтті және әрі қарай нормативтерді тапсыру кезеңінде оларды ме­дициналық бақылау жүзеге асырылды.Аттестаттау комиссиясының отырысында қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындауы шынайы түрде көрсетілген оларды сипаттайтын мәлімет­терге ерекше назар аударылды. Қызметтік міндеттерін тиімді және адал орындауына, шы­ғар­машылық бастамашылығына, бағ­дарламалық құжаттарды, кә­сіби білімін қолдануы мен оның деңгейіне, оларды жұмыста қол­дануына, заңдылықты, мемле­кеттік, еңбек тәртібін, ішкі тәртіпті сақтауына, іскерлік, жеке қасиеттері мен қызметке деген көзқарасына баға берілді. Жұмыс көрсеткіштері, қыз­меттік жұмыстағы кемшіліктері, орын алған ескертулері мен ұсыным сипатындағы ұсы­ныс­тар аталды.

Айқын НЕСІПБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар