Сәрсенбі, 14 қараша 2012 7:48
Қазақстанда қаржы полициясы органдарының құрылуы нарықтық қарым-қатынастардың қалыптаса бастауымен және соған байланысты етек алған экономикалық қылмыспен күрес қажеттілігіне байланысты болды. Соған орай ведомствоға еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті жүктелді.
Сәрсенбі, 14 қараша 2012 7:48
Қазақстанда қаржы полициясы органдарының құрылуы нарықтық қарым-қатынастардың қалыптаса бастауымен және соған байланысты етек алған экономикалық қылмыспен күрес қажеттілігіне байланысты болды. Соған орай ведомствоға еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті жүктелді.
Өткен 17 жылдың ішінде ведомство қызметінің тиімділігін арттыру үшін көп нәрсе жасалды. Кәсіби кадрлық құрам құрылып, органның міндеттері мен тергеуіне жататын қылмыстардың шеңбері белгіленді. Бүгінде қаржы полициясы сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикамен күрес жүргізуге құзыретті құқық қорғау органына айналды.
Мемлекет қаржы полициясы жұмысының тиімділігін арттыру үшін мүмкіндік жасауды жалғастыруда. Материалдық және техникалық қамтамасыз ету жақсартылып, құқықтық база жаңартылған, сондай-ақ, еңбекақы артып, қызметкерлер баспанамен қамтамасыз етілуде.
Біз – ардагерлер, қаржы полициясының құрылуының куәгерлері болып, ол үрдіске өз үлесімізді қостық. Қаржы полициясының қазіргі басым бағыттары жүйелі сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, оған қоса отандық кәсіпкерлікті қолдау, орта және шағын бизнесті заңсыз қолсұғушылықтан қорғау болып табылады. Ал аталған міндеттерді тиімді орындау мақсатында мемлекет пен азаматтардың құқықтары және заңды мүдделерін адал және жоғары кәсіби деңгейде қорғау үшін білімі және қарымы жететін қызметкерлердің болуы – басты алғышарт. Бұл жағдайда тек қызметіне адал және кәсіпқой қаржы полицейлері ғана өз жұмысын нәтижелі атқара алады.
Осы орайда Елбасының Жарлығына сәйкес Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп жатқан құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудың маңызы ерекше.
Қаржы полициясы қызметкерлерін аттестаттаудың мақсаты олардың кәсіби деңгейі мен қазіргі талаптарға сәйкестігін анықтау болып табылады. Біздің органның беделін түсіретін адамгершілік қасиеттері төмен және сыбайлас жемқорлыққа бейім, оған қоса қызметінде көрсеткіштері төмен қызметкерлерден арылу аса маңызды.
Жалпы, аттестаттау рәсіміне қаржы полициясы органдарының 3000-нан астам қызметкері тартылды, олардың 68-і – Жоғарғы аттестаттау комиссиясында, 508-і – орталық аттестаттау комиссиясында, ал 2,5 мың қызметкер – өңірлік аттестаттау комиссияларынан яғни, Агенттік төрағасының бірінші орынбасарынан бастап қатардағы инспекторларға дейін аттестаттаудан өтті.
Бұл жұмыстың шынайылығы, заңдылығы және ашықтығы Агенттік төрағасы Р.Түсіпбековтің жеке бақылауында тұр. Біржақтылық, тамыр-таныстық және формализмге жол бермеуге баса назар бөлінді.
Сонымен бірге, аттестаттау барысында заңсыздық пен әділетсіздікке жол бермеу мақсатында аттестаттау комиссияларының жұмысына азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылды. Оның ішінде «Қаржы полициясы органдары ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігі мен оның аймақтық филиалдарының басшылары белсенді түрде қатысты. Аттестаттауды өткізу барысында аттестатталушының қызметіне және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы біліп, дұрыс ұстанғандығына баға берілді.
Ағымдағы жылғы 21 мамырдан 19 маусымға дейін қаржы полициясының 68 қызметкері, олардың қатарында Агенттік төрағасының орынбасарлары, Агенттік аппаратының басшысы, орталық аппарат департаменттерінің бастықтары, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша қаржы полициясы департаменттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары, Қаржы полициясы академиясының бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы аттестаттау комиссиясында сынақтан өтті.
Жоғарғы аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен 68 қаржы полициясы қызметкерінің 20-сы сынақтан өте алмады, олардың 11-і жұмыстан босатылды, 8-і – лауазымдары төмендетілді және 1-еуі басқа қызметке ауыстырылды.
Сонымен бірге, ағымдағы жылдың басынан кезектен тыс аттестаттау басталмастан бұрын тапсырылған жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағандары үшін 37 басшы, олардың ішінде Агенттік төрағасының 2 орынбасары, Орталық аппарат департаменттерінің 6 бастығы, аумақтық департаменттердің 9 бастығы, аумақтық департаменттер бастықтарының 20 орынбасары лауазымдарынан босатылған.
Бұдан басқа, Жоғарғы аттестаттау комиссиясының қатаң талаптарын түсіне отырып, 9 қызметкер кезектен тыс аттестаттаудан өтуден бас тартып, өздерін лауазымдардан босатуға және жұмыстан шығаруға баянатпен өтініш білдірді.
Орталық аппараттың және тағайындалуы Агенттіктің номенклатурасына кіретін аумақтық қаржы полициясы органдары мен Қаржы полициясы академиясының қызметкерлері аттестаттауды Агенттік жанындағы Орталық аттестаттау комиссиясында өтті.
Осы комиссияда аттестаттаудан 533 қызметкер өтуі тиіс болатын, алайда 19 қызметкер лауазымдарынан босату туралы баянат жазып, аттестаттаудан өтуден бас тартты, 2-уі орталық әскери-медициналық комиссияға қаралуға жіберілді, 4 қызметкер уақытша еңбек қабілетсіздігіне байланысты аттестаттаудан өтпеді.
Орталық аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен 508 қызметкердің 63-і аттестаттаудан өте алмады.
Аттестаттау үдерісінің соңғы сатысы – сұхбаттасудан 17 аймақтық комиссияларынан аумақтық департаменттер мен Қаржы полициясы академиясының 2364 қатардағы қызметкері өтті. Одан, негізінен 2437 қызметкер өтуі тиіс болатын, алайда 16 қызметкер лауазымдарынан босату туралы баянат жазып, бас тартты, 3-уі – әскери-медициналық комиссияларға қаралуға жіберілді, 26 қызметкер уақытша еңбек қабілетсіздігіне, 20-сы – қызметтік іссапарда, 4-уі – кезекті еңбек демалысында болуына және 4-уі – жүктілігіне байланысты аттестаттаудан өткен жоқ.
Қаржы полициясы академиясы мен аумақтық департаменттердің бастықтарының төрағалық етуімен өңірлік аттестаттау комиссияларымен өткізілген сұхбаттасу қорытындысы бойынша 2364 қызметкердің 439-ы яғни әрбір бесіншісі аттестаттаудан өте алмады. Сөйтіп, 136 қатардағы қызметкер жұмыстан босатылды.
Аттестаттау барысында бақылаушы ретінде қатысқан қаржы полициясы ардагерлері заңдылық, шынайылық және әділдік қағидалары қатаң түрде сақталғандығын және комиссиялар шешім қабылдау кезінде заң талаптарына негізделгендігін атап өтті. Осылайша, қаржы полициясы органдарында кезектен тыс аттестаттауды өткізген кезде басты деп белгіленген заңдылық, ашықтық, шынайылық, тамыр-таныстыққа және біржақтылыққа жол бермеу қағидаларын қамтамасыз ету үшін аса зор күш жұмсалды. Нәтижесінде, ведомствоның кадрлық құрамы айқын жаңартылды және қазір қатарда еліміздің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша өздерінің міндеттерін адал атқаруға дайын қызметкерлер қалды деп айтуға болады.
Балжан СЕЙІЛОВА,
«Қаржы полициясы органдары
ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы.