• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2012

Әбіләзовтің қылмыстық ісі

338 рет
көрсетілді

Әбіләзовтің қылмыстық ісі

Бейсенбі, 15 қараша 2012 7:53

Бүгінде Әбіләзов сендіруге ты­рысып жүрген өтіріктің бар­­лық пирамидасы кірпіш үс­тіне кірпіш қойылғандай етіп қа­лан­ған Қазақстаннан ұрланған ақша екені ешкімге де құпия емес.

Егер Әбіләзов ұрлаған қар­жы­ны Қазақстан тұрғындарының са­ны­на бөлетін болсақ, әрқай­сы­мыз­дың қалтамыздан, балалар мен зейнеткерлерді қоса алғанда, ол шамамен 1 мың доллар ұр­лаған болып шығады.

 

Бейсенбі, 15 қараша 2012 7:53

Бүгінде Әбіләзов сендіруге ты­рысып жүрген өтіріктің бар­­лық пирамидасы кірпіш үс­тіне кірпіш қойылғандай етіп қа­лан­ған Қазақстаннан ұрланған ақша екені ешкімге де құпия емес.

Егер Әбіләзов ұрлаған қар­жы­ны Қазақстан тұрғындарының са­ны­на бөлетін болсақ, әрқай­сы­мыз­дың қалтамыздан, балалар мен зейнеткерлерді қоса алғанда, ол шамамен 1 мың доллар ұр­лаған болып шығады.

Бұл тәсілді қылмыскер «Ал­ға» деп аталатын өзі қаржы­лан­ды­ра­тын ұйымға белсенді енгізіп келген. Бұл бизнестің сызбасы қан­дай да бір моральдан, идея­лық­тан және оның үстіне қара­пайым қа­зақ­стандықтар жағ­дай­ын жақсар­тудан мүлдем тысқары жатыр. Әуелі Әбіләзов пен оның қол­шоқ­парлары әлеуметтік жан­жалдың отын жағып, содан кейін Интернет пен өзінің БАҚ-тарын ақпа­рат­тық күл-қоқыспен тол­ты­рады және… пайда табу мақ­са­тында қиран­ды­лар үстінен сайтан құсап сап етіп табыла кетеді. Козловқа, Са­пар­ғалиға және Әминовқа қа­тыс­ты сот процесі барысында бел­гілі бол­ғанындай, басты мақ­саты біз­дің әмиян­да­ры­мызды босату ғана емес, сон­дай-ақ ақыл-ойымызды да шаю болып табылатын жұмыс сыз­басы мен қағидаттары толық­тай айғақталып отыр.

Пайданы қайдан іздейді?

Мұндай қызметті бөтеннің мүл­кін төтенше жағдайларда заң­сыз иеленетін тонаушылармен ғана салыстыруға болады.

21 ғасырда бұл қылмыстық құбылыс қағидатсыз саудагерлер пайда табатын «қара бизнестің» бөлшегіне айналғандай. Ал жұрт­­­шылық Жаңаөзен қаласындағы қасіретті оқиғалардың басты ұйымдастырушысы және күнә­һа­ры алаяқ Әбіләзов екенін әуел­ден-ақ айтып келеді.

Оның үстіне Әбіләзов жа­һан­ға жанжалдың отын жағуға өзі­нің қатыстылығын барлық жағы­нан және үлкен қанағат сезімімен жария етуден айылын жияр емес. Жаңаөзен ол үшін өзіндік бір визитті карточка, алғашқы ірі ха­лықаралық қылмыс болып отыр.

Оның үстіне Әбіләзов адамдарды өзінің сыбайластары ар­қы­лы құқық қорғау органдарымен ашық жанжалға баруға қа­лай үгіттегенін, ереуілшілердің реніштерін қолма-қол ақша ар­қылы қалай «қыздырғанын», ақ­паратты қалай бұрмалағанын және алданған мұнайшыларды өзі­нің өтірік уәделерімен қалай тойдырғанын айтудан еш қысы­лып-қымтырылмайды.

Куәгерлердің айтуларынша, Әбі­ләзовтің сыбайластары Жа­ңа­өзенге келіп, ашық түрде ке­ліссөздерге бармауға, мәмілеге кел­меуге, жағдайды ушықты­ру­ға, ашық жанжалға баруға үндеген.

Оның үстіне мұнайшылар се­нім білдіргенді жөн көрген жер­гілікті белсенділер Әбіләзовке бар болмысымен сатылып кеткен. Және олар талап еткен сома да езуге күлкі үйіреді – 15 мың теңгеден 5 мың доллар көле­мін­де. Бүгінде арандатушылардың құны бар болғаны осындай-ақ.

Өткенге деген өкпемен

Халықаралық қылмыскер Әбі­ләзов өзін Қазақстандағы тұ­рақтылық пен өркендеудің бел­сен­ді жақтаушысы ретінде көр­сет­­кісі келеді. Бірақ осы адамның өзі туып-өскен, жұмыс пен ай­тар­лықтай көлемде ақша алған еліне осындай көзсіз жеккө­ру­шілігінің себебі неде екенін ойланатындар бар ма екен?

Біріншіден, әрине, мемлекет­тің оған әрі қарай да БТА Банк салымшыларының ақшасын ұр­лауға жол бермегені үшін үлкен өкпесі бар. Сол кезде, өз манса­бы­ның таң сәрісінде-ақ ол ба­лық­ты лай судан, жанжалдар мен түрлі алаяқтық әрекеттер арқы­лы аула­ған жеңіл екенін айқын түсінген.

Екіншіден, Қазақстандағы ахуалды тұрақсыздандыру Әбі­лә­зовке жаңа табыстар мен ұр­ланған ақшасының сақталуына деген кепілдік тұрғысынан тиім­ді. Өзінің шулы қуыршақтарына мың доллар сала отырып, ол қылмыстық жоспарларынан мил­лиондаған пайда табады.

Және, әрине, үшіншіден, Лон­донның Жоғары соты Әбі­лә­зовті тұтқындауға санкцияны әлдеқашан бергенін ұмытпауы­мыз керек. Фемида іс жүзінде оны бүкіл Еуропа бойынша іздеу үстінде. Ал үлкен халықаралық жанжалдың отын тұтату Әбілә­зовке кішкене үзіліс алып, қазақ­стандықтардан ұрланған 7 миллиард долларын сенімдірек жасыру үшін керек деген сөз.

Жалпысында, Әбіләзовтің өз Отанына деген жеккөрушілігі – ұрлаған мол ақшасын мұқият ты­ғуға тырысушылығын жасырған перде ғана.

Арандатушыларды қолғаптай ауыстырады

Әдетте жиі кездесетініндей, алаяқтардың қақпанына еш кінә­сіз адамдар түсіп қалады. Бұған Әбіләзовтің қылмыстық акцияларынан кейін Жаңаөзенде бір­не­ше сағат бойы ұры-қарылар­дың, қарақшылар мен зорлық­шы­лардың «салтанат құрғаны» мысал. Олардың іс-әрекетте­рі­нен кім зардап шекті? Екінші қабаттан қарғып кетуге мәжбүр болған екіқабат әйел, өзінің биз­несінен айырылып, енді балала­рының үстінен үнемдеуге мәж­бүр үш баланың әкесі, мәшинесі өртеліп, енді өзінің аурушаң зайыбын процедураға апара алмай қалған зейнеткер. Бұл қасірет Жаңаөзеннің әр тұрғынын айналып өткен жоқ.

Әбіләзов, тәжірибелі алаяқ ретінде, өзінің қолшоқпарларын қолғаптай ауыстырады. Өйткені, осылай із жасыру оңай. Оған өзінің жарымжан шамшылдығын қанағаттандыру үшін тұрақты түрде жаңа адами материал қа­жет. Қарапайым жаңаөзендік ең­беккерлерді айтпағанның өзінде Козлов, Сапарғали – осы­лардың барлығы тек алаяқ­тың ес-түссіз ойынындағы бөлі­ніс картасы ғана секілді.

Әбіләзов адамдарды өзінің молшылық қазанын қыздыратын тамызық ретінде пайдаланады.

Ал Қазақстандағы кез келген қасіретті оқиғалар мен қатал және ауыр қылмыс жасағандары үшін өзінің сыбайластарын тұт­қындауларды Әбіләзов жаңа жан­жалдар мен жаңа шытырман оқиғалар үшін ақпараттық желеу ретінде тиімді пайдаланады.

Қазақстандықтардан миллиардтар ұрлаған Әбі­лә­зов шетел асып кетті. Ашық өтірікпен бүрке­ме­лен­­­­­ген ол өзі туып, бір кездері қалыпты адам болуға мүмкіндік алған өз елін жамандауға шімірікпестен кірісті. Енді оның өзінің қылмыстық мақ­­­саттарына қандай жолдармен жеткісі келетіні әбден түсінікті. Бұл әрекеті Әбіләзовтің Жаңа­өзен­дегі оқиғаларға тікелей қатыстылығын жа­­­­­сыр­мақ түгілі, керісінше, айғақтауға ұмтылысынан-ақ анық көрінеді.