• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2012

Процесс одан әрі жалғасуда

290 рет
көрсетілді

Процесс одан әрі жалғасуда

Бейсенбі, 22 қараша 2012 7:25

Талдықорған қалалық сотында әскери қызметші В.Челахтың ісі бойынша сот процесі одан әрі жалғасуда. 21 қараша күні үзіліс­тен кейін сағат 14.30-да сотталушының қор­ғау­шысы С.Сәрсеновке сөз берілді. Ол өзінің қатысуымен қорғалушысының айдауылдың бөлмесінде өз қолымен жазған арызын сотқа тапсырды. Онда сотталушы камерадан шығып сот залына барудан және процеске қатысудан бас тартатынын жазыпты. Бұған қоса сот­та­лу­шы сот ісі бойынша айғақтарды зерттеп бол­ған соң ғана түсінік беретіндігін жеткізген.Сот сотталушыға сот отырысына қа­тыс­пауға рұқсат бергенімен, бірақ оның қорғау­шыларын сот отырысына қатысуға міндеттеді. Оның үстіне соттың ұйғарымы бойынша, В.Челах өзінің қалауы бойынша кез келген уақытта сот отырысына оралуына болады. Адвокатқа бұл туралы өзінің қорғаушысын құлақтандыруға уақыт берілді. Осылайша сот процесі сотталушы В.Челахсыз жалғасты.Бұдан кейін адвокат С.Сәрсенов В.Челах­ты психологиялық-психиатриялық сараптамадан қайта өткізу жөнінде ұсыныс айтты. Сот бұл ұсынысты ашық қалдырды.Бұдан соң сот іс бойынша айғақтарды зерт­теуге кірісті. Процеске қатысушыларға В.Че­лахтың тергеу оқшаулағышында отыр­ған­дармен, анасы және атасымен әңгіме­ле­рі­нің бейнежазбасы көрсетілді. Осы бей­нежаз­ба­лардың бәрінде сотталушы еш­қан­дай қы­сым­сыз өзінің қызметтестерін өл­тіру­дегі жа­са­ған қылмысын тиянақты түрде баяндайды.

«Егемен-ақпарат».