Сенбі, 24 қараша 2012 7:13
«Жасанды құрылғылар» деп аталатын бұл тораптардың жағдайы сын көтермейді
Бас көлік прокуратурасы өз қызметінің ерекшелігі бойынша көліктің барлық дерлік түрлеріне қадағалау жасайды. Ең маңызды мәселелердің бірі жасанды құрылғылардың жағдайы болып табылады. Ол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін көлік қан тамырларының бір бөлігі.Әлемдік тәжірибеде жасанды құрылғыларды тиісінше күтпеудің және пайдаланбаудың, соның ішінде көпірлерді сапасыз салудан, не құрылыс нормалары мен ережелерін сақтамай жөндеу салдарынан олардың қирау, құлау жағдайлары өте жиі кездеседі.
Сенбі, 24 қараша 2012 7:13
«Жасанды құрылғылар» деп аталатын бұл тораптардың жағдайы сын көтермейді
Бас көлік прокуратурасы өз қызметінің ерекшелігі бойынша көліктің барлық дерлік түрлеріне қадағалау жасайды. Ең маңызды мәселелердің бірі жасанды құрылғылардың жағдайы болып табылады. Ол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін көлік қан тамырларының бір бөлігі.Әлемдік тәжірибеде жасанды құрылғыларды тиісінше күтпеудің және пайдаланбаудың, соның ішінде көпірлерді сапасыз салудан, не құрылыс нормалары мен ережелерін сақтамай жөндеу салдарынан олардың қирау, құлау жағдайлары өте жиі кездеседі.
Мұндай деректер соңғы уақытта біздің елімізде де тіркеле бастады. Олардың көпшілігі темір жолдағы жасанды құрылғылар, ал олардың 9 мыңнан астамы 70-100 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді.Бас көлік прокуратурасы ағымдағы жылы темір жолдарды кесіп өтетін көпірлер мен автокөлік жол өтпесі меншік иелерінің оларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманы қалай сақтайтындығына тексеру жүргізді. Тексеру меншік иелерінің жасанды құрылғыларды күтуге тиісті назар аудармайтындығын, күрделі жөндеу жұмысын жүргізу мерзімдерін сақтамайтындығын, жекелеген көпір құрылыстарының толық ауыстырылуы тиіс екендігін көрсетті.Егер жағдайы қанағаттанғысыз әрі қозғалыс қауіпсіздігі сақталмаған жасанды темір жол құрылғылары жайлы сөз етсек, олардың саны – 250, республикалық мәні бар автокөлік жолдары желісіндегі темір жолдарды кесіп өтетін 66 жол өтпесінің 18-і апатты жағдайда және күрделі жөндеуді талап етеді.Республикалық «Мерке – Шу – Бурылбайтал» автокөлік жолы учаскелерінде орналасқан 3 жол өтпесі, олардың техникалық жағдайына жоспарлы зерттеу жүргізу нәтижелері бойынша 2010 жылдан бері апатты жағдайда деп танылды. Алайда, осы уақытқа дейін оларға күрделі жөндеу жүргізу шаралары қабылданған жоқ.Негізгі транссібір магистралі жолдарының үстімен өтетін, Петропавл қаласында орналасқан жол өтпесін тексеру арқалық бойында көптеген жарықтардың пайда болғанын көрсетті, жекелеген арқалықтар қабырғалары 40 мм-ге дейін қисайған, олардың геометриялық өлшемдерінде ауытқулар бар болып шықты.Сараптама қорытындысына сәйкес «Оңтүстік-Орал темір жолы Петропавл бекетіндегі автокөлік жол өтпесі» пайдалануға жарамсыз. Қарағанды қаласына кіреберіс автокөлік жолында 1973 жылы салынған, ұзындығы 50 м. жол өтпесі 2006 жылдың өзінде-ақ апатты жағдайда деп танылды, алайда, оны күрделі жөндеуден өткізуге қаражат бөлу туралы мәселе осы уақытқа дейін шешілген жоқ. Тек көлік прокуратурасының араласуымен ғана Жезқазған қалалық әкімдігі жол өтпелерін күрделі жөндеуден өткізуге қаражат іздестіре бастады.Қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайдағы жасанды құрылыстарды пайдалану жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіріп, қирауына және құлауына байланысты қайғылы салдарларға апарып соқтыратындығы қадағалау органының алаңдаушылығын тудырып отыр. 2011 жылдың мамыр айында Қарағанды қаласында салмақ түсетін тірек конструкцияларының бұзылуы салдарынан автокөлік көпірі қирады. Ағымдағы жылдың ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облысында болған су тасқыны салдарынан автокөлік көпірі опырылып түсті.Аталған құрылыстарды 30-50 жыл бойы пайдаланудың шекті нормативтік мерзімдерін белгілейтін құжаттардың болмауына байланысты проблемалар да туындауда. Осындай жағдай темір жол желілеріндегі көпірлерді пайдалану кезінде де кездеседі. Темір жол көлігі туралы заңда темір жол көлігіндегі тасымал қызметі мен басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін олардың жасанды құрылыстарды күту, пайдалану және жөндеу ережелерін сақтауы бөлігінде уәкілетті органның тексеруге құқылы екендігі дәл анықталған. Заңның қабылданғанына 10 жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Көлік және коммуникациялар министрлігі автокөлік жол өтпелерін зерттеуге мамандандырылған зертханалар, не сәйкес диагностикалық жабдықпен аумақтық инспекцияларды жарақтандыру үлгісінде темір жол көлігінің жасанды құрылыстарын зерттеу жөніндегі бөлімшені құру туралы мәселені осы уақытқа дейін шешкен жоқ. Нәтижесінде министрлік темір жол жасанды құрылғыларының техникалық жағдайына бірде-бір рет кешенді зерттеу жүргізбеген. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанынан құрылған еліміздегі көпір сыналатын бірден-бір орталық зертханада тиісті зерттеулер жүргізу үшін қажет вагон-зертханалар мен аспаптар жоқ.Зертхананың жасанды темір жол құрылғыларына жыл сайын зерттеу жүргізетіндігіне қарамастан, 2012 жылдың маусым айында Маңғыстау облысында Шетпе – 14-разъезд бекеттерінің аралығындағы жер төсемін су шайып кетті. Құбырлардың құлауынан жер төсемін су шайып кету жағдайы 2011 жылы «Бейнеу-Маңғыстау» учаскесінде де болды.Сонымен қатар, талдау қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстың аталған салада жүргізілмей отырғандығын көрсетеді, осының салдарынан жасанды темір жол құрылыстарын күту мен жөндеу тәртібі бірде-бір нормативтік құжатпен реттелмеген. Осының нәтижесінде, негізгі темір жол бағыттарында ғасырдан астам уақыт бұрын салынған, оны салған кезде қазіргі уақыттағы пойыздардың жүк салмағы ескерілмеген құрылыстар әлі күнге дейін пайдаланылып келеді.Еліміздің көптеген аймақтарында мерзімі өткен ақаулы көпір құрылыстарының пайдаланылатындығы байқалып отыр, яғни олар көптеген жағдайда бірде-бір рет толық аспаптық түрде зерттелмеген, соның салдарынан олардың санаты, құрылыстың кластығы мен көпірлердің салмақ түсетін қабілеті осы уақытқа дейін белгіленбеген.Қазіргі күні республикада салынғанына 100 жылдан асқан, яғни нормативтік қызмет мерзімінен асып кеткен 300-ден астам темір жол көпірі пайдаланылуда. Темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру міндеттері жүктелген министрлік жасанды құрылыстарды пайдалануға жасалатын бақылаудан іс жүзінде шеттеген, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілмейді.Айтылғандарды қорыта келе айтарымыз, Көлік және коммуникациялар министрлігі еліміздің барлық жолдарындағы жасанды құрылыстардың, оның ішінде, аудандық мәндегі жолдардағы жасанды құрылыстардың да техникалық жағдайына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға міндетті жалғыз жол органы болуы тиіс. Қазіргі күні ешкім де аудандық мәндегі, соның ішінде, ауылдық елді мекендерге жақын орналасқан, сонымен қатар елді мекендердің өздеріндегі (қалалар, ауылдар) автокөлік жолдарында пайдаланылатын жасанды құрылыстардың техникалық жағдайына нақты баға бере алмайды деп ойлаймын.Бас көлік прокуратурасы жүргізген тексеру қорытындылары бойынша Көлік және коммуникация министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ атына заңдылықтың бұзылуын болдырмау жөнінде ұсыныс енгізілді.
Ыбырай ТІЛЕУҒАЛИЕВ,Бас көлік прокуроры.