• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2012

Төтенше жағдай енгізілді

267 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай енгізілді

Жұма, 28 желтоқсан 2012 7:16

Сәрсенбі күні қалада бір күнге төтенше жағдай енгізілді. Оған қала көшелеріне қардың әдеттегіден қалың түсуі мен алай-дүлей бұрқасын себеп болды.

Соның салдарынан қала кө­ше­­лерінде автокөліктер түгілі жаяу жүргіншілердің жүріп, тұ­руы қиынға айналды. Солайша тұрғындар жұмыс орнына жете алмай жатты. Мектептерде, әри­не сабақ өткізілген жоқ. Қызмет­тегі­лердің өзіне үйлеріне жұ­мыс­тан бір сағат ерте қайтуға рұқсат берілді.

Осы күні қала көшелерін қалың қар басып қалғаны өз алдына, кей жерлерде бағандар құ­лап, электр желілері үзілді. Соған орай, қаланың Жаңасемей бөлігі бірер сағат жарықсыз қал­ды. Ор­талық алаңдағы алып те­мір шырша да қатты бұрқа­сын­ға төтеп бере алмай бүгіліп түсті. Қаладан шығатын жолдар жабылып, ау­дан­дарға көлік қатынасы тоқ­та­тыл­ды. Астана бағытын­да­ғы пойыз мерзімінен бірнеше сағатқа кешігіп аттанды.Осындай қиын жағдайда әскерилердің көмегіне сүйенуге тура келді.Бейсенбі күні дес бергенде бұрқасын басылды. Бірақ аяз қайтадан өз күшіне ене бастады. Ал өткен жолы сарышұнақ аяз он күн бойы тұрып алған еді. Бір сөзбен айтқанда биылғы қыс бар жерге, оның ішінде Семейге оңай тиіп отырған жоқ. Артының қайырын берсін дейміз де!Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.Семей.