• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2012

Тағдыр

479 рет
көрсетілді

Тағдыр

Бейсенбі, 29 қараша 2012 7:25

Адам баласы шыр етіп жарық дүние есі­­­гін аш­қанда, оның маңдайына  ащылы-тұщы­­­лы дәмі бар тағдыры жазылып қоя­ты­ны рас сияқты. Қалай десек те, адам баласы үшін тағдыр деге­ні­ңіз – үлкен  бір сынақ алаңы.

…Бүкіл дүниежүзі ға­лым­дары аспан әле­мін зерттеу үшін тұңғыш рет адам баласын ғарышқа ұшыру мақсатында күн-түн демей жұмыс істеп жатқан 1961 жыл еді. Жер-ана да бусанып, ауыл балалары доп қуып, мамыражай көктем­нің келген шағы. Сол заманда яғни, осыдан жарты ғасырдан аса уақыт бұ­рын енесі босағадан жаңа аттаған келі­ні­мен қатар босана беретін. Оны ешкім де ерсі көр­мейтін.

Бейсенбі, 29 қараша 2012 7:25

Адам баласы шыр етіп жарық дүние есі­­­гін аш­қанда, оның маңдайына  ащылы-тұщы­­­лы дәмі бар тағдыры жазылып қоя­ты­ны рас сияқты. Қалай десек те, адам баласы үшін тағдыр деге­ні­ңіз – үлкен  бір сынақ алаңы.

…Бүкіл дүниежүзі ға­лым­дары аспан әле­мін зерттеу үшін тұңғыш рет адам баласын ғарышқа ұшыру мақсатында күн-түн демей жұмыс істеп жатқан 1961 жыл еді. Жер-ана да бусанып, ауыл балалары доп қуып, мамыражай көктем­нің келген шағы. Сол заманда яғни, осыдан жарты ғасырдан аса уақыт бұ­рын енесі босағадан жаңа аттаған келі­ні­мен қатар босана беретін. Оны ешкім де ерсі көр­мейтін. Ұлы Отан соғысының ардагері Қуан­дықбай атамыздың үйіндегі Танагүл апамыз содан бір жыл бұрын ғана босанып, өмірге маңдайы жарқыраған Бақыт атты қыз келген еді. Ал, әлгі 1961 жылдың көктемінде сол үйдің үлкен келіні баладан қайтыс болып, өмір есігін жаңа ашқан торсық шекелі ұлға Қал­дыбек есімі қо­йылады. Содан жа­рық дү­ние есігін ашпай жатып жетім атанған немересі Қалдыбекті Тана­гүл апа өз қызы Ба­қытпен бірге бағып-қағып, жетіл­діреді. Қал­ды­бек өз құрбы­ларымен бірге екі үй­дің арасында жүріп, қы­зықты ба­лалық шақты өт­кізді. Олай дейтінім, өзіне жарық дүние сыйлаған ана­сының қазасын балалық кезде білмепті. Ана­сының жылы өткесін ағайын-туыс ақыл­дасып, Қал­дыбектің әкесін көрші ауылдың Райхан атты қы­зына қосады. Үлкен шаңы­раққа түскен жас келін бә­рін ақылға салып, ойын баласы Қалды­бекті бауырына басып, өзін  «мама» деп айтуды үйретеді.

Сол жылдары елдің ние­ті дұрыс болды ма, аға­йынның татулығы керемет еді. Бі­реу­дің үйіне қонақ келсе, шақырусыз-ақ көрші-қолаң түгел жиылады. Аға­йынның үйінде той болатын болса, туыстар мен көр­шілер жиналып қалай өткізу керек деген мәселені қызу талқылайтын. Үлкен­дер жа­ғы тамақты кім пісіреді, шайды кім қайнатады, отын­ды кім жарады деген сияқты ұсақ-түйекке дейін бөліп беретін. Балаларға да өздерінің шамаларына қа­рай тапсырмалар жүкте­летін. Ба­­ла­лардың тату, ағайынның бауырмал болуына осындай жағдайлардың әсер еткені сөзсіз.

Бір көшеде Қалдыбектің өзімен құрдас он шақты ұл-қыз қатар өстік. Қалдыбектің атасы шешендігі бар, өзі жақсы оқи алмаса да радио арқылы бірнеше рет тыңдаған соң жаттап  алған Рүстем-Дастан, Қыз Жібек поэмаларын көрші балаларға жа­рыс­тыра айт­қы­зып, өзі шынайы беріліп тыңдайтын. Бар­лық балалар маған оқытса екен деп бір иы­ғымызды беріп тұратынбыз. Оқытқан жағ­дай­да барынша мәнерлеп оқуға тырысатынбыз. Дастанды мәнерлеп оқыған баланы мақ­тап, осыдан жақсы азамат шығады деп отыратын.

Сөйтіп, уақыт шіркін зымырап өте шық­ты. Біз орта мектепті бітіріп, әрқайсысымыз өз жолымызбен кеттік.  Қалдыбек Қа­ратау қаласындағы политех­ни­калық институттың студенті атан­ды. Ал, орта мектепте жүргенде жұбы жазылмаған Әдемі есімді сыныптас қыз мұғалімдер дайындайтын инс­титутқа түсті. Қазіргідей бір-бірін сәл көрмей қалса, мәңгіге «бөлініп» кететін жұптар ол кезде сирек кездесетін. Біздің кейіпкерлеріміз де екі қалада оқып жүріп, бір-біріне деген ын­тық көңілін суытпай, ақыры үйленіп еді.

Қалдыбек пен Әдемі қо­сылғанда ауыл болып қуанып, үлкендер жағы ақ баталарын бергені есімізде. Әсіресе, әкесі студент ке­зін­де дүние салған соң жесірліктің дә­мін ертерек татқан Райхан ананың қуанышында шек болмады. Қалдыбек мамандығы бо­йын­ша аудан орталығындағы гео­логтар меке­месіне жұмысқа орналасып, Әдемі өзі оқы­ған мектепке мұғалім болып қабыл­данды. Қандай бақытты шақ. Жаңадан отау құрған жас отбасы осылайша өмір атты үлкен жолға қол ұстасып бірге аттанды.

Әйел адамның үлкен бақыты ана атану екені даусыз. Әдемі де айы-күні жеткенде жарық дү­ниеге шекесі торсықтай ұл әкелді. Оған бүкіл әулет жиналып, азан шақырып Жақсан есімін қойды. Одан кейін іле-шала өмір есігін ашқан қыздары Балжан есімін иеленді. Араға төрт жыл салып үшінші бала­ға аяғы ауырлаған Әдемі айы-күні жеткенде аудан орталығындағы ауру­ханаға жеткізі­ле­ді. Әдеміні дәрігерлер қиындықпен босандырып алады. Бірақ жас ана бір аптадан соң есін жимаған күйі бақилық болады.

Шиеттей үш балапанын, жан жарын тас­тап о дүниеге аттан­ған жас келіншектің қай­ғысы ауылдастарының қабырғасына қат­ты батты. Жаназасына жи­ылған жұрттың жы­ламағаны қалмады. Бірақ тірі адам тір­ші­лі­гін істейді екен. Өмірге келе сала жетім қал­ған сәбиге Анар деп ат қойылды. Тағдыр дегенді қойсаңызшы, өмір есігін ашпас­тан әжесінің ақ сүтін еміп адам болған әкесінің тағдыры, арада 28 жылдай уақыт өткенде Анар­дың басында да қайталанды. Бұл жолы кішкентай сәбиді Қалдыбектің әпкесі Бақыт асырап алып, өз баласымен қатар емізіп өсірді. Қалдыбектің бала­ларының бағы бар екен. Оларды Райхан әже ешкімнен кем қылмай өсірді.

Жас өседі, жарлы байиды. Бүгінде Қал­ды­бектің Жақсаны – үлкен азамат, жоғары оқу орнын тәмамдаған маман. Балжан да жо­ғары білім алды, тұрмысқа шықты, балалы-шағалы. Туған анасын көрмей өскен Анар да олардың ізін басып келе жатыр.

Олардың әр қадамына қуана отырып, ре­ніш енді қайталан­баса екен деп тілейсің.

Кәдірбек СӘДУБАЕВ.