• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2012

Араққа Алла аты араластырылды

280 рет
көрсетілді

Араққа Алла аты араластырылды

Жұма, 6 сәуір 2012 8:28

Жүре берсең, көре бересің деген. Міне, мұны да көрдік.

Бұған дейін шайтан судың шөлмегіне Әл-Фараби бабамыз­дың, қасиетті Түркістанның, киелі домбыраның суреттері са­лын­ғанын естігенбіз. Оған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының салмақты нара­зы­лық сөздері де айтылып, жа­ми­ғаттың көңілін біршама ор­ны­на түсіруге септескен еді. Әйтсе де, дәл осы жолғы сорақылық әбден шектен шығып кетті.

Араққа Алла аты аралас­тырылды.

Адамды алжастыратын, ақыл­дан адастыратын араққа  Ақтөбе қаласындағы «Геом» жауапкершілігі шектеулі серік­тес­ті­гінің  «Бәйтерек» (айтқандай, бұл да бүгінде біздің мемлекеттік брендтеріміздің біріне айнал­ған ұғым) шөлмегінің қағазына «Тек Алладан басқа жеңуші жоқ» деген сөз жазылған.

Мұның қандайлық масқара екендігін айтудың өзі артық. Бүкіл дін мұсылман қауымы ша­риғаттың арақты жасаушыға, та­сушыға, сатушыға, арақтан пайда табушыға қалай қарайтынын жақсы біледі. Ақша табу үшін еш ­нәрседен тайынбайтындар енді, міне, осыған да жол беріп отыр.

«Геом» серіктестігінің бас ди­ректоры Андрей Гооге бұл қадамға Ислам дінін қорлауды, бүкіл мұсыл­ман қауымын мазақ етуді әдейі ойластырып барды, қасақана істеді деп өзіміз анық білмейтін нәрсені айтып, күнәға батқымыз келмейді. Жаңағы сөз­дер арабша жазылған­дықтан, оның мағынасын ойламаған да шы­ғар. Бірақ, жарнама үшін, көзге тосын көрінетін араб әріп­те­рінің арақта тұрғаны таңда­ныс, қызығушылық туғыза­ты­нын біліп, осындай жазуды әдейі пайдалануы әбден мүмкін. Қалай болғанда да бұл – ауыр айып, үлкен күнә.

Болар іс болды деп отыратын жер бұл емес. Біз осы Ақтө­бе­де­гі мұ­сылман қауымының, сонау Ал­ма­­тыдан хабарласып, ашу-ыза­сын біл­діріп жатқан Қазақ­стан мұсыл­ман­­дары діни бас­қар­масының ал­да­­ғы кезде мұн­дай масқараға жол бер­меудің қа­мын қарастыру ғана емес, қа­сиет­тімізге кір жұқтырмақ бол­ған осы өнімнің барлық сауда нүктелеріндегі сатылымнан алы­нып тасталуын, осындай оспа­дар­лық орын алған мекеменің бас­шы­лығы мұсылман қауымынан кешірім сұрауын талап ету жөн деп білеміз.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

Ақтөбе облысы.