Сенбі, 21 шілде 2012 7:23
Жуырда «Мыңжылқы» мәдениет үйінде «Жанарым – менің жүрегім» атты көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың облыстық фестивалінің ауданаралық іріктеу кезеңі өтті. Бәйдібек және Созақ аудандарының өнерпаздары қатысқан мәні де, мазмұны да ерекше өнер сайысында тағдырдан қағажу көрсе де, таланттары қайырылмаған, жүректерінде әсемдік гүлі көктеген, айналаны көзбен емес, көңілмен аялаған айрықша дарын иелері бірнеше номинация бойынша сайысқа түсті.

Жиналған қауым Созақ ауданының намысын қорғаған Қасымжан Өмірұлы, Төлеген Аққұлиев, Жомарт Барлыбаев, Гүлһая Жуашбаева, Дәмен Дәулет, Сатыбалды Дүйсенбековтің өнеріне риза көңілмен қол соқты. Сол сияқты, Рухия Аймұратова, Ербол Әділбеков, Нұржан Төребаев сынды бәйдібектік өнерпаздар да көрермендер көңілінен шыға білді. Зағип және нашар көретін азаматтардың облыстық арнайы кітапханасы директорының орынбасары Бәкір Нұрманбетов төрағалық еткен қазылар алқасы ауданымыздың 5 өкілін облыстық фестивальда өнер көрсетуге лайық деп таныды. Осы арада байқаудың ойдағыдай өтуіне айтарлықтай үлес қосқан жандарды да атай кетсек, артық болмас. Байқаудың өз дәрежесінде өтуіне жырақта жүрсе де тілегі елмен бірге азамат – «Южқазэнергоремонт GOLTD» ЖШС-ның директоры Бәкен Мақұлбеков, ауыл азаматтары Талғат Сейсенбаев, Айнагүл Тәңіржанова, Алмас Рысбай, Райхан Нұрмаханова, Гүлзат Нәсреддинова демеушілік жасаса, Созақ аудандық орталық кітапханасы жанындағы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсететін қосынның кітапханашысы Айман Балтабекова демеушілер іздеумен бірге, байқауға дайындықтың бел ортасында жүрді, қатысушыларды дайындады. Білікті, ізденімпаз, мамандығына адал кітапханашының осы еңбегіне халық шынайы ризашылығын білдірді.Гүлнәр ӨМІРБЕК,Созақ аудандық орталық кітапханасының оқырмандармен жұмыс және шығармашылық бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі.
Оңтүстік Қазақстан облысы.