Сәрсенбі, 1 тамыз 2012 7:43
Табиғат тағы да тосын мінез танытты. Тағы дейтін себебіміз, кеше Астанада бұршақ жауып, тұрғындарды әбігерге салса, бұдан бірнеше күн бұрын аямай жауған ақ нөсерден көшеде жаңбыр суы көлкіп, жұрт тізеден су кешкен еді.Әрине, Астананың құбылмалы ауа райына үйренісіп қалған қала халқы тосын «сыйға» тосырқай қоймасы да мүмкін еді. Бірақ, кешегі жауынның «жөні» бөлек болды. Нөсердің соңын ала көлемі бас бармақтай болған бұршақ біраз берекені алды. Оған қоса соққан жел салдарынан кейбір ғимараттарда жарық сөніп, телефон байланысында да кедергі болды. Көшелерді су басты.
Сәрсенбі, 1 тамыз 2012 7:43
Табиғат тағы да тосын мінез танытты. Тағы дейтін себебіміз, кеше Астанада бұршақ жауып, тұрғындарды әбігерге салса, бұдан бірнеше күн бұрын аямай жауған ақ нөсерден көшеде жаңбыр суы көлкіп, жұрт тізеден су кешкен еді.Әрине, Астананың құбылмалы ауа райына үйренісіп қалған қала халқы тосын «сыйға» тосырқай қоймасы да мүмкін еді. Бірақ, кешегі жауынның «жөні» бөлек болды. Нөсердің соңын ала көлемі бас бармақтай болған бұршақ біраз берекені алды. Оған қоса соққан жел салдарынан кейбір ғимараттарда жарық сөніп, телефон байланысында да кедергі болды. Көшелерді су басты. Тіпті, қаланың кейбір орамдарындағы жолдарда жиналып қалған судың тереңдігі 60 см-ге дейін жетті. Көлік қозғалысы баяулап, жолдағы суағарлар жаңбырдың тым мол жауу салдарынан тасқынды ағызып үлгермей жатты. Соның кесірінен жаяу жүргіншілер тізеден су кешсе, көліктер белуардан суға батты.Ең өкініштісі, дауыл салдарынан қайғылы жағдай орын алды. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қатты соққан желден Астанадағы Заречный кентінде 3 құрылыс краны құлап, соның салдарынан 2 адам көз жұмды.Қазгидрометтің болжауынша, негізінен үстіміздегі жылдың тамыз айы жаңбырлы, салқын болады деп отыр. Әсіресе, алғашқы және үшінші онкүндікте қатты жел мен бұршақты күндер жиі қайталануы мүмкін. Нағыз салқын күндер 11-13 тамызда болуы ықтимал деп болжануда.
«Егемен-ақпарат».