10 наурызда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді.
ЭСК мүшелері еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуындағы жаңа міндеттерді есепке ала отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры тұжырымдамасының жобасын талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша К.Мәсімов енгізілген ұсыныстарды ескере отырып, тұжырымдаманы пысықтауды тапсырды.
Дерек көзі: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.