Бейсенбі, 8 қараша 2012 7:13
Соңғы айларда Оңтүстік Қазақстан облысын «оңтайландыру» елесі кезіп жүр. Әлдебір әйдік басшының ба, әлде қосшының ба басынан бұйралана буланып шыққан бұл идеяның мәнісі неде дейсіздер ғой? «Ауылдардың кітапханалары мен мектептердің кітапханаларын қосып, қаржы үнемдеу керек. Сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы мен Қайрат Рысқұлбеков атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасын қосса, қыруар қаражат үнемделеді», – деп жалғасады.

Мінекейіңіз, ұлысыңыздың, ұлтыңыздың ұйытқысы атанған алтын құрсақты аймағыңызда өзге салаларға емес, өзгеше рухани уыз саналатын кітапханаларға қауіп төне бастады. Кезінде, осыдан он бес жылдай уақыт бұрын Қажыгелдин дегеніңіз де осылайша «оңтайландырып», опық жегенбіз. Қаншама кітапханалар жабылып, кітаптар өртеліп еді. Енді-енді оңалып келе жатқан кітапханалардың ахуалына алаңдаулымыз, ағайын.Айналайындар-ау! Айналып келіп кітапханалар мен клубтарға тиісе бермей, басқа салалардағы жебірлердің желіне ұшып, желініп кетіп жатқан миллиардтардан үнемдесек қайтеді?!Алла сақтағай, әйтеуір.
Мархабат БАЙҒҰТ.
ШЫМКЕНТ.