• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Шілде, 2012

Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев

838 рет
көрсетілді

Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев

Сенбі, 28 шілде 2012 7:27

64 жасқа қараған шағында, өзінің ұзақ жылғы жемісті қызметі арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Қазақстан мемлекетінің құрылуына және нығаюына қомақты үлес қосқан талантты ұйымдасты­ру­шы және басшы Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев қайтыс болды.

 

Сенбі, 28 шілде 2012 7:27

64 жасқа қараған шағында, өзінің ұзақ жылғы жемісті қызметі арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Қазақстан мемлекетінің құрылуына және нығаюына қомақты үлес қосқан талантты ұйымдасты­ру­шы және басшы Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев қайтыс болды.

С.С.Қалмырзаев 1949 жылы 10 маусымда Жамбыл облы­сын­дағы Шу ауданының «Жаңа жол» ауылында туған. Мәскеу экономика-статистика институтын бітіргеннен ке­йін оның еңбек жолы еліміздің халық шаруа­шылығы ке­ше­німен тығыз байланыс­ты болды. Ол экономистен Қазақ КСР Статистика жөніндегі мемлекет­тік комитеті төраға­сының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өтіп, кейіннен Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік мүлікті басқару жө­­нін­дегі мемлекеттік комите­ті­нің төр­аға­сы, Жамбыл облысының әкімі, Қа­зақ­стан Республикасы Экономика­лық қылмысқа және сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы болды.

Оның Қазақстан Республикасы Президенті Әкімші­лігі­нің Басшысы, кейіннен Мемлекет Басшысының Іс басқа­ру­шысы қызмет­терін атқарған ке­­зеңі айрықша жемісті болды. С.С. Қал­мырзаевтың басшылығымен еліміздің Президент Әкімшілігін Ақ­молаға кө­­­шіріп, толыққанды қызмет жүргі­зу­­ге бейімдеу қысқа мерзім іш­інде қамта­масыз етілді. Ол жа­ңа ас­та­намыздың құрылысын жүргізуге, маңызды әкім­ші­лік және әлеуметтік нысандар салу ісіне белсене атсалыс­ты.

Мол тәжірибе, білім мен кәсі­би­лік, тапсырылған іске зор жа­уапкер­шілік оған қоғамда лайықты бедел әкеліп, құрметке бөледі.

С.С.Қалмырзаевтың еңбегі жоға­ры мемлекеттік марапаттармен: «Парасат», «Қазақстан Республика­сы­ның Тұң­ғыш Прези­ден­ті Нұрсұл­тан Назарбаев» ордендерімен, көпте­ген медальдармен атап өтілді.

Өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін еліміз бен ха­лқы­мыздың игілігіне жұмсаған ол Қазақ­станның нағыз патриоты болды.

Сарыбай Сұлтанұлы Қалмыр­заев­тың жарқын бейнесі біздің жүрегі­міз­де әрдайым сақталады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі.

 

Іскер азамат, талапшыл басшы еді

Тал бесікке тиген жауырынның бір кү­ні жер бесікке де тиетіні  белгілі ғой. Әйт­се де, күні кеше ғана көз алдымызда жай­раңдап жүр­ген жанның кенеттен бақи­лық­қа аттанып кете барғанына көңіл шір­кін­ді бір дегеннен сендіру қиын-ақ. Ал­пыс­тың асуынан кеше ғана асқандай кө­рінетін Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев­тың бей­мезгіл ортамыздан ұзап сала беруі де бізге сондай оқыс әрі жайсыз әсер етіп отыр.

Мен Сарыбай Сұлтанұлын ол кісі Қа­зақстан Республикасы Пре­зидентінің Әкім­шілігін басқарған жылдары көбірек танып-білдім десем болады. Бір босаға­да ынты­мақ­­таса жүріп жұмыс істедік. Жұ­мыс ба­бын­­дағы мәжілістерде жиі бас қосып отыр­дық. Ол кісі жақсы ұйымдас­тырушы болумен қатар, талапшыл басшы да еді. Сонымен бір­ге, оның бойына әрдайым әділ бо­лу­ға деге­н бір ұмтылыс пен қазақы қайырым­дылық сияқты жақ­сы қасиеттер де тән болатын.

Ол Президент Әкімшілігіне астанамыз Ақмолаға ауысар тұста және ауыс­қан­нан кейінгі алғашқы жылдарда ба­с­шылық жасады. Әрине, ол өзі өте қауырт та қиын кезең еді ғой. Өйткені, жаңа ел­ор­дамызға Президент Әкімшілігінің қызметкерлерінің саны жартысынан аса қысқарып келді. Бі­рақ, әрине, одан жұ­мыс көлемі көбейе түс­­песе, азая қойған жоқ. Елба­сымыздың өзі­нен бастап, қыз­мет­керлердің бәрі де уа­қыт­пен санас­пай, күн-түн қатып жұмыс істеді.

Міне, сол кезде Сарыбай Сұл­тан­ұлы­ның іскерлігі де, басқару­шылық таланты мен талапшыл­дығы да айқын көрінді. Ол сол саны жағынан шектеулі ұжым­ның кү­шімен Мемлекет басшысының қызметін кідіріссіз қамтамасыз ете білді. Ішкі және халықаралық дең­гейдегі іс-шаралардың бәрі де көңілдегідей жүзеге асып жатты.

Сарыбай Сұлтанұлы жұмысқа талапты қатты қою арқылы Әкім­шіліктің жұ­мысын жақсы үйлес­тіріп қана қоймай, қызмет­керлер­дің тұрмыстық жағдайла­рына да сол кездің мүмкіндігінің аясында көп көңіл бөліп отыратынын көзі­міз көрді. Алматыдан келген қыз­меткер­лер­дің тез арада пә­терлі болуын назарда ұстады. Өзі бас бола жүріп, шетелден келіп жатқан қан­дас ба­уыр­ларымыздың бір бөлігі­нің өз атаме­кеніне тезірек жер­сі­ніп кетуіне қамқор бола білді. Осындай нақты көмекті сезін­ген­де, алыстан ат арытып келген, тұр­мыс жағ­дайы төмен қайсыбір орал­ман ағайында­ры­мыздың қат­ты қуанғанын көзіміз көрді.

Біз білетін Сарыбай Сұлтан­ұлы өз өмі­рінде өте жауапты қыз­меттерді атқар­ды. Әр­дайым Елб­а­сымыздың өзіне арт­қан сенімін абыроймен атқаруға тырысты. Көп жылдар бойы қауырт жағдайда атқары­ла­тын жауапты жұмыстар, әрине, адамның денсаулы­ғы­на да теріс әсер етпей қоймай­тыны бел­гілі. Сырттай қай­ратты да сырбаз көрінетін Сарыбай Сұл­танұлынан ертерек көз жазып қалуы­мыз­да мұның да өз әсері бар шығар.

Бірақ адамның өмірі қанша жыл жасауымен емес, қанша іс бітіруі­мен, еліне, хал­қына қанша­лық­ты қыз­мет етуімен өлше­не­ді деп жатады ғой. Ол біздің жадымызда әр­дайым елі үшін аянбай еңбек еткен білік­ті маман, іскер де талапшыл басшы, ақжар­қын, қам­қор азамат ретінде қалады деп ойлаймын.

Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ,

Қазақстан Республикасы

Президенті Кеңсесінің бастығы.

 

Жауапкершілікті жоғары қойған жан

Сарыбай бауырымды республикалық статистика мекемесінде бөлім бастығы болып қыз­мет істеп жүрген кезінде ал­ғаш көріп едім. Ол кезде мен Жамбыл об­лыстық партия комите­тінің ауыл ша­руа­шылығы бө­­лімінің меңгеру­шісімін. Облыс басшылығы мені республика­лық статистика комитетіне барып, өңірге қа­тысты бір маңызды мәсе­­ле­ні анықтап ше­шіп келуге жұмсады да Сарыбай Сұл­тан­ұлы екеу­міз осы мәселемен шұ­ғыл­дан­дық. Сол кезде ол маған іскер әрі ұс­там­ды және жігерлі азамат ретінде көрінді.

Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болған алғаш­қы жылдары Сарыбай республи­калық мүлікті басқару жөніндегі комитетте аса жауапты жұмыспен шұ­ғылданды. Сол күрделі де қиын істе ол өзін білікті, жа­уап­кер­ші­лік­ті терең сезіне алатын тұлға ретінде танытты. Міне, осыдан кейін Елба­сының сені­міне ие болып, қызмет бас­пал­дақтарында жедел көтерілді. Президент Әкім­шілігін басқарды. Қаржы полициясының бас­ты­ғы болды. Қай жерде болмасын, өзінің мойнына алған жұ­мысына барынша беріліп еңбек етті деп айтуға болады.

Менің ойымша, Сарыбай Сұлтанұлы өз өмі­рінде көп іс тындырған, мемлекет үшін ма­ңыз­ды мәселелермен шұғыл­дан­ған азамат. Жамбыл облысында әкім қыз­метінде аз уақыт қана жұмыс істе­гені­мен, ол жерде де халық есінде қалар­лықтай көптеген шаруаларға мұ­рындық бола білді. Одан кейінгі қызмет атқарған жер­лерінде де өз соңында жақсы із қал­дырды. Сол арқылы халқының құрме­тіне бөленді.

Осындай тұлғалы азаматтан айырылып қалып отырмыз. Мен өзім оны өмір­ден жастау кетті деп есептеймін. Бұлай дейтінім, ол жан-жақты тәжірибе жинақ­таған қай­рат­керлік кемел шағына енді келіп еді. Осыған қарап оның еліне бе­ре­рі мол болатын шығар деп ойлайтынмын. Бұл үмітті аяусыз ажал кесіп кетті.

Біздің қазақ халқы о дүние мен бұ дүниенің айырмасын ажырата білген ха­лық қой. Пейіштің бар екендігін, жәннат­тың бар екендігін, жұмақтың бар екендігін түсінген, олардың ара-жігін ажырата біл­ген қазақ се­кілді халық тым аз. Осыны еске ала отырып көнеден бізге жет­кен дәс­түр бойынша Сарыбай Сұлтан­ұлы­ның иманы саламат, аруағы разы, о дүниеде барған жері жарық болсын деймін.

Өмірбек БАЙГЕЛДІ.

 

Асылымыз, ардақтымыз

Мемлекет және қоғам қай­рат­кері, егемен еліміздің қалып­та­суы мен дамуына ерекше үлес қосқан халқымыздың асыл азаматы Сарыбай Сұлтанұлы Қал­мыр­­заев­­тың мезгілсіз қазасы туралы хабарды естігенде, қа­бырғам қа­йысты. Сұм ажалға амал бар ма, айналасына ізгілік шуағын шашып тұратын аяулы ағамыздан қапыда айырылып қалдық.

Ол кісімен мен алғаш рет 80-жылдардың аяғында Білім ми­нистрлігінде қызмет етіп жүрге­нім­де танысқан болатынмын. Сол кезде ағамыз Қазақ КСР Мемле­кеттік статистика комитетінде қыз­мет етіп жүрген еді. Содан бері Сарыбай Сұл­тан­ұлымен көп жылдар жұмыс бабымен жақсы қарым-қаты­наста болдық. Ұзақ жылдар бойы араласып жүргенім­де ол кісінің көптеген қырларын бай­қадым. Әсіресе, оңтүстік өңір­лердегі әкімдік қызметтерде бол­­ғанымда, сол өңірлердің түйт­кілді мәселелерімен етене таныс, өмір­лік тәжірибесі мол Сарыбай Сұл­танұлы маған ағалық ақылын айтып, дұрыс жолға бағыттап, әркез жанымнан табылатын.

Ел тарихындағы ауыр кезең – 90-жылдарда ол жауапты қызмет­тер атқарып, экономика­мыздың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қос­ты. Өзінің табанды қасиеттерімен үнемі алда жүрді. Абыройлы қызметі үшін туған халқының алғысына бөленді.

2010 жылы облыс орталығы Өскеменде алғаш рет аса ірі саяси шара – Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынты­мақ­­тастығы­ның VII форумы өтті. Сәкеңнің тәжірибесі мол ғой, сонда қос мемлекеттің президенттері қатыс­қан халық­аралық форумды ұйым­дас­тыруда көп көмек жасап, біз­дерге жақсы бағыт-бағдар беріп еді. Сол іс-шараны ұйым­дастыру барысында мен Сарыбай Сұлтан­ұлын ең соңғы рет көретінімді білмеппін.

Сарыбай Сұлтанұлы өзінің жар­қын ғұмырының көп уақы­тын Елбасымен бірге өткізді, әрдайым Мемлекет басшы­сының жанынан табылып, бар­лық күш-қуатын, жі­герін, ізде­нісі мен іскерлігін Қазақстан­ның өсіп-өркендеуі мен гүлде­нуіне арнады.

Зеректігі, өз ісіне асқан жауап­­кершілікпен қарайтыны, жаңа­лық­қа құмарлығы оны өз қатары­ның арасында өзгеше­лендіріп тұратын. Жолдаста­ры­ның арасында өте сыйлы болды. Көпшіл, ашық, бауырмал мінезі жұртты өзіне тартып тұратын.

Амал қанша, ажалға қарсы тұра алмаймыз…

Орны толмас ауыр қайғыға ұшырап отырған марқұмның отбасына, туыс-туғандары және жора-жолдастарына қайғырып көңіл айтамын.

Бердібек САПАРБАЕВ,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

 

Мемлекетшіл

Мемлекет қайраткері Сарыбай Сұлтанұлы Қал­мыр­заев арамыздан мәңгіге кетті дегенді естіп, қабырғам қайысып, қолыма қалам алуға тура келді. Өйткені, бұл менің ғана емес, елдің де қайғысы деп түйдім.

Мен Сәкеңді 18 жасымнан бі­лемін. Ленинград мемлекеттік уни­вер­ситетінде оқып жүрген кезім-ді. Бір күні Нева өзенінің бойында Мәс­кеуден келген қазақ жігіттері­мен кездесіп, таныстық. Солардың ішіндегі Сарыбай Сұл­танұлы өзге­лерден ерекшеленіп, алғыр да зерек екендігін байқат­ты. Адамгершілік қасиеті мол, білімді қазақ жігітінің Мәскеудегі жоғары білім ордасына өз күші­мен түсіп, үздік оқитынын артынан естіп білдік.

Қазақстан халқы Ассамблеясында қызметте жүрген кезімде Сарыбай Сұлтанұлы Президент Әкім­шілігінің Басшысы лауазымын ат­қарды. Менің ұйымдас­ты­рушылық қабілетімді ескерген болуы керек, бір күні шақыртып алып: «Осы сен Ассамблеяның стратегиясын әзір­лесең қайтеді», деген ұсынысын айтты. Негізгі ой аталған құжат қазақ халқының ұлтаралық тату­лық­ты қалыптас­ты­рудағы құра­лы­на айналуы тиіс. Яғни, өзге диаспора өкілдеріне қазақ халқының тілі мен мәде­ние­тін білуіне барынша жағ­дай жасау. Стратегия бірік­ті­ру­ші діңгек рөлін атқаратын болған­дық­тан қол­дау тауып, артынан қа­был­дан­ды да. Тағы бір айтқаны, Ассам­блеяның деңгейін кеңесуші-кон­сультативтік органнан конститу­ция­лық органға айналдыру арқы­лы мемлекеттегі татулықты сақ­тап қалу-тын.

Сарыбай Сұлтанұлының ең үлкен жақсы қасиеті мемлекетшіл адам болды. Өз халқына деген сүйіспеншілігін сақтай білді. Жас кезінен қай қызметті атқармасын халық мүддесін жоғары қоя бі­ле­тін. Елбасымыздың ең сенімді шә­кірттерінің бірі артынан кез келген істі адал атқаратын жақсы әріп­тесіне айналды.

Өз басым ол кісінің адами қа­сиеттеріне куә болған жан ретінде сөзіне берік, ісіне мығым екенін жақсы білемін. Жас мемлекеттік қызметкерлердің тәрбиесіне де өзін­дік үлесін қосты. Сен мін­детті түрде сол істі атқара аласын, оған сенің білім-қабілетің жетеді, деп үнемі жас мамандарға бағыт-бағдар беріп отыратын. Тіпті, жас мемле­кет­тік қызметшілерді өзінің баласындай көріп тәрбиеледі де. Міне, сондай ұстаздық қабіле­тінің арқа­сын­да кәсіби мамандарды Пре­зи­дент айналасына топтастыра білді. Бірге жүр­ген азамат­тар­дың басында қандай қиын-қыстау күн тумасын үнемі жан­дарынан табылатын. Және де одан шығуға қолұшын беруші еді.

Асыл азаматымыз ораза айы­ның ең қасиетті жұма күні өмір­ден озып отыр. Жас мемлекетіміз тәуелсіздігінің қалыптасуына үлес қосқан есіл ердің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болғай.

Жұматай ӘЛИЕВ,

Парламент  Мәжілісінің депутаты.