• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2012

Тұманбай туралы толғаныс

1153 рет
көрсетілді

Тұманбай туралы толғаныс

Сенбі, 6 қазан 2012 7:27

Қазақтың біртуар асыл перзенті, Қазақстан Республикасының Халықжазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Физули атындағыХалықаралық Түркі дүниесі сыйлығының иегері ТұманбайМолдағалиевтің өмірден озғанына бір жылдай болып қалыпты. Қимастықпен сағыныш аралас жан баураған сезімдер толғанысы қолға қаламалғызды.

 

Сенбі, 6 қазан 2012 7:27

Қазақтың біртуар асыл перзенті, Қазақстан Республикасының Халықжазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Физули атындағыХалықаралық Түркі дүниесі сыйлығының иегері ТұманбайМолдағалиевтің өмірден озғанына бір жылдай болып қалыпты. Қимастықпен сағыныш аралас жан баураған сезімдер толғанысы қолға қаламалғызды.

 Тұманбай жайлы сыр шерту мен үшін әрі жеңіл, әрі қиын іс. Жеңілдейтінім, жарты ғасырдай ұзақ жылдар арамыздан қыл өтпесағалы-інілідей дос боп өттік. Достығымызға терең мағына берердейшығармашылыққа байланысты сырластық, тілектестік, қанаттастықигілікті себеп болды. Біздің тұңғыш таныстығымыз, алғашқы кездесуімізжайлы сөзді Тұманбайдың өзіне (“Лениншіл жас” газетінен) берейін: “Бұлжігітпен мен Жезқазғанның “Покро-15” атты атақты шахтасына түсержерде таныстым. Ол шахтаға бізбен бірге түсті. Шахта ішін аралапжүргенде туған даланың сұлулығы жайлы әңгіме шерткен ақындай мағанол шахта жайлы сыр шертті. Мен шахтадан шыққанда: “Сіз өлеңжазбайсыз ба?” деп оқыс сұрақ бердім. Ол қарқылдап күлді де: “Өлеңжазбайтын қазақ болушы ма еді, бірақ біздің өлең өзімізді ғанажарылқайтын дүниелер”, – деді. Мен Кәкімбектің өлеңдеріментаныс­тым”, – деп газеттегі өлеңдеріме алғысөз ретінде алғашқы пікірінжазыпты. Шағын кіріспесін “Кенші ақын” деп атапты. Аузы уәлі жан екен,кейін мені байтақ ел “Кенші ақын” деп атап кетті.

Тұманбай бала жастан бастап сту­дент­тік шақта да, кенші күндерде де жазған өлеңдерімді мұқият қарап, қуа­на-қуана алып кетті. Қуа­ныш­тың сыры белгілі болды, орыс ақыны Леонид Скалковскиймен бірге келіп Жезқазған­нан талант іздеуде жарысқан болып шық­ты. Алғашқы күндерінде Скалков­ский­дің табысы мол болса керек. Мен де құр алақан емеспін дегендей Тұ­ман­бай бізге анығын айтып салды. Өлең­дерімді оқуға уақытын аямады, ал Үкілі Ыбырайға, ақын Тайжанға арнаған поэмаларымды оқыған да жоқ. “Маған өлең керек” деп турасын айтты. Міне, сол күндерден бастап достасып кеттік. Жезқазғаннан тапқан талантым деп ол қуанса, мен де Алатаудың тумасы, Же­ті­судың лебіндей мінезі ғажап ақын жі­гітті қатты ұнаттым. Жаңа тапқан інім, досым бар деп, іргемізді бекіте түстім.

Тұманбай деген – сабақтасқан сезім, әрекеті қабаттасқан өмір көріністері. Оның поэзиясы ешкімге ұқсамайтын өзгеше әлем. Сарынынан жаңылмай­тын, сағасынан асып-тасып шықпай­тын, сабырлы да саялы, жағасына мәңгі көктем орнаған дариядай сұлу дүние. Ақын Тұманбай балғын жас кезінен ақырғы сағаттарына дейін өмірді кең толғап өтті, халқына тән дәстүрмен те­бі­реніп өз жолын тапты. Қыз-шабыт­тың ақын­ның пәк жүрегіне арнаған жеке сыйындай, Тә­ңірімнің өз қолымен көрсетіп берген жолындай лирика атты сезімтал поэзия­ның құлы болып бастап, ұлы көшбас­шысы болып өтті. Оны биік­тен биікке құштарлық пен сұлулық жетеледі.

Ақынның өзі қандай мейірбан, бауыр­мал, адамсүйгіш болса, поэзиясы да сол қалыптан таймай мөп-мөлдір, тап-таза қалпында адам жанын жылыта білді. “Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқ­сайды, Алматыда жаңа жауып басыл­ған” деп өзі айтқандай, ел құлағын елең еткізген лирикасы да ақ жаңбырдан кейінгі тау самалындай тыңдаған жан­ның жүрегіне әп-сәтте жетіп тынды. Бояуы анық сурет, тартымы терең асыл ой, әуез, аңсап тұр­ған нәзік лебіз, мөл­дір сезімнің сәу­ле­сі Тұманбай өлеңде­рінің негізін құрады.

“Қараймын айға көп төнген,

Дірілін, нұрын қабылдап.

Табысам сұлу көктеммен,

Қаламын сонда дамылдап”, –

деген шумақты “Студент дәптері” атты алғашқы кітабынан (1956) көрген­де таң­данып едім. Қарай қалыңызшы, Айға кім сүйсінбейді, оның сәулесіне, нұры­на, шуағына, жүзіне кім таңдан­ба­ды?! Ал, жас Тұманбай “дірілін” бай­қап қал­ды. “Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп” деп данышпан Абай жырласа сол сезіммен сол лүпіл жас ақынның жадына қонып, халқына берген жаңа тар­ту болып жарық көрді. Сезімтал ли­риктің алғашқы балғын қадамы осындай болса, кейінде “Тынық мұхит дәптері” атты өлең­дер жинағын­дағы (Алматы. Жа­зу­шы. 1985) “Абай аға” атты өлеңінде:

“Алыпсың айтарыңды айтып өлген,

Бір көшсің асып кеткен қайқы белден.

Сен жеміс ағашысың, мен де сенің

Бір дәнің жер бетіне қайтып өнген”, –

депті. Екі “дәптердің” арасында қан­­шама жылдар өтті. Сол жылдардың арасында қазақтың Тұманбай Молда­ға­лиев атты ақыны да заңғайыр тұлға, лири­ка­ның саңлағы болып қалыптасты. Оның “Бір дәніңмін жер бетіне қайтып өнген” деп інілік ілтипатпен, кішіпейіл­ділікпен айтуға дәрежесі әбден жетті. Абайға жақын тұрған лириктердің қата­рына енгенін телегей-теңіз лирикалық дария шығармалары дәлелдеп берді. Оның лирикасы махаббаттың жалауына айналды, ән оранған музыкалық кере­меттердің негізін құрады. Тұманбай лирикасының жан-жақтылығы жорға­сы­­­нан таймас жүйріктің жүрісіндей, сарынынан жа­ңыл­мас қалпында ойшыл­дық, филосо­фиялық құзарт биіктерден көрінді.

“Өмір деген – күнде алысқа аттаныс,

Қайда ұшсаң да қасиетіңді сақтап ұш.

 Бүгін дардай көрінгенмен

 Күн ертең,

Мен сендерге бола алам

ба мақтаныш?!”

деп толғануында қаншама терең се­зім, асыл арман, өмірге деген құштар­лық, салиқалы терең ой жатыр. Ақын­ның барынша сыр етіп ашық айтқан “бола алам ба мақтаныш?!” деген ой алаңы білген жанға нағыз кереметтік.

“Айтшы, Алатау, ақсақалды қариям,

Бір балаң ем, әрі батыл, әрі ұяң.

Қашан менің ерте шығып көктемім,

Қашан менің тасиды екен дариям?”

деп ішкі сырын монолог етіп тебі­ренсе, ақын Тұманбай ерен-ғайып еңбе­гімен сол Алатаумен ақылдасып, өз жүрегінің сырын толғана шертсе, өз дегеніне жетіп өтті. “Я пережил свои желания” деп Пушкин айтқандай, Тұ­ман­байдың бұл тілектері көзінің тірі­сінде артта қалды. Бірақ ол арманыма жеттім деп төс қаққан жоқ. Ұлылардың салмақтысы, салмақтылардың ұлысы болып, парасатты ойшыл, ақ ниетті сезімтал қалпында өтті.

Осы айтылған, мақтан еткен достық сырларым, жалғыз менің ойым емес, елдің ойы деп ұғынам. Тұманбай ха­лықтың арасында өсіп, халық кешкен қиындықтарды басынан өткеріп, қуа­ныш­тарға ортақ күйде өтті. Оның бала кезінде соғыс деген зардап шығып, әкесі майданға аттанғанда алты жасар жеткіншек екен. Өсе келе тағдырдың ол салмағын жыр етті:

“Қара қағаз” келді әкемді өлді деп,

Өзімді өзім кез жетіпті қолға алар.

Бір тамшы жас шықты көзден

мөлдіреп,

Тұңғыш рет жылағаным сол болар”.

Міне, шіркін, мұңлы жүрек деген осы­дан туады. Ай-әлемнің астында мұң­сыз ақын жоқ шығар?! Ол алты жаста екен, әкесін көрген екен, мен қыр­қымнан шықпай әкемді жұтыппын. Бұл өмір маған өте таныс. Аналарымыздың көрген қиындықтары да, ауылдары­мыздың шеккен азаптары да ұқсас. Мен Тұманбайдан үш жас үлкенмін, ол мені аға деп, мен оны туған інімдей көріп кеттім. Жарты­ғасырлық достықтың да негізі осы мұң­дастықта, сыйластықта, сырластықта жатқан шығар. Өліміне сендірмей жүрген қимастық та осынау өмір өткелінің қатал ұқсастығынан туды ғой деп ойлаймын.

Әрине, оқыс ажалдың әрекетіне елмен бірге көніп, ерен еңбегін бірге атауымыз ардақты дос, ағынды ақынның алдындағы міндетті парыз деп түсіне­мін. Асыл азаматтың өмірдегі бар табысын ұлағаттар жалғыз мен емеспін, ол шын мәніндегі ұлы ақын, барша қазақ­тың, бүкіл Алаштың “Тұмашы” болып ел сүйіспеншілігіне бөленген дарын. Менің айтарым, зор құрметтің бір тамшысы ғана. Өзінің тірі кезіндегі арнауларымды, мақалаларымды қатты ұната­тын. Сондықтан да өмірлік белгі болар естеліктерді жазуға жалықпаспыз. Мен оған сеніп, ол маған сеніп, керегінде бір бірімізді тез табушы едік, есте қалған сондай бір қымбатты мезетті еске алайын. Алпыс жылдық тойына дайындық кезі еді, кешке салтанатты кеші болайын деп жатыр, соған қара­май түс кезінде тезірек кабинетіне ке­луімді қатты сұра­ды. Ол кезде “Бал­дырған” “Көк базар­дың” түбіндегі баспалар үйінде отыратын. Барсам, “Хабар” телеарнасынан кел­ген жастар тосып отыр екен. Тұман­байдың шығарма­шы­лығы жайлы сөй­лет­кізді. Ешқандай дайындықсыз, қағаз­сыз шын жүректен толғаныспен ақын досым жайлы бар білгенімнің асылын, бір ақынның ға­сырына жетердей жеткі­зуге тырыстым. Тұманбай да, “Хабар­дың” қызметкер­лері де қатты қуанды. Енді кете берге­німде Тұмекем: “Кәке, осы айтқаны­ңызды жазып беріңізші, орысша кіта­быма алғысөз етейін”, – деді. Ол сұрағын да орындадым.

Тұманбайдың ақындық болмысы жай­лы сөз арнау өте қызық жағдай. Өмірдің күнделікті күйбеңінен ештеме қалдырмай өлең ете білу үлкен ерлік. Оны түсінбейтін, сынайтын да ағайын­дар бар, олар тым көп жазады деп те қалады. Менімше, ол дұрыс емес, төгі­ліп тұрған ақын көрініп тұрған жарық дүниедегі кереметтерге көз салмай тұрмайды, көз салса өлең болып шыға келеді. Басымызда бар жағдай ғой, бұ­таға қонған торғайдай, жүрекке қонған тылсым сәт қашан өлең болып ақ қа­ғазға түскенше маза бермейді. Сұлулық деген бұл пәнидегі ақын жанын тыншытпас бір сұмдық қой.

“Қайда барсам құтыла алмас

құштарлық,

Қорғаныш жоқ бойымды сау ұстар­лық”, – деп Пушкин айтқандай, Тұман­бай да құштарлықтың құрығынан шыға алмады. Шәмші Қалдаяқовты “Вальс­тің королі” деп ел атаса, Тұманбайды махаббат лирикасының патшасы деп атап кетті.

“Қарындас, айтшы, атың кім?

Фамилияңыз кім? – дедім.

“Фамилиям менің жоқ”, – дедің,

Атыңды айтып сен әрең…

Осындай қызға мен тегін,

Фамилиямды берер ем”, –

десе, құштарлық қысып, сұлулық шы­дам бермей тұрмаса фамилиясын бе­ріп қайтсін?! Осал қыз болмағаны ғой.

Жан жары Күлтайға арнаған өлең­дері аз емес, соның алғашқыларының бірінде:

“Менсіз бір сауық кештерде,

Қадалар саған көз талай.

Қанатын вальс ескенде,

Айтылар жылы сөз талай.

Қиын-ақ, білем, асыл жар,

Қинала көрме сонда да;

Дей салшы:

“Күткен кісім бар”,

Сұрарым сенен сол ғана! –

десе, өмірдің шындығын дәлме-дәл айтып тұр, ал “күткен кісім бар” деген қызға шындығында жоламаушы едік қой. Күлтайға: “Қылықтарың, бал міне­зің, тартты мені, тартты мені” дегенінің өзі де жетіп жатыр. Күлтай осылай сыйпаттауға тұратын бал мінезді, мөп-мөлдір жаны таза періште ару. Ойлап тұрсам, Тұманбай екеуінің мінездері бірін бірі жалғастырып жатқандай сүйкімді әсер қалдырады.

Ақын жаны аямпаз, ол арудың бәрі­не де қамқор. Арманына жетпей, қоса­ғына көңіл толмай жүрген шырайлы келіншектің: “сүймеген кісіме шық­тым” деп жылағанын көргенде қалай шыдасын, бұл да әдемі өлең болып жыр кестесін көркейтіп тұр.

“Келіншек қайғысы сары аяз,

Соны мен көңілімде тербетем.

Адаспай табысқан адам аз,

Соған да кінәлі мен бе екем?” –

деп Тұманбай толғанады. Адам тағ­дырына ақыннан артық жанашыр жоқ қой, соның бір айшықты көрінісі осы емес пе? Жуырда ақынды еске алып отырғанда “Егемен Қазақстан” газеті АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов Тұманбайдың бір өлеңін жатқа айтты, өте қызық, жатталу себебін де келтірді. Турасын айтсақ, 1963 жылдан бері оқырманның жадынан шықпай жүрген бұл өлең жәй емес, біздің поэзия­мыз­дың жақұты. Өзге сөзді көп созбай өлеңді толық келтірейін:

“Қайтесің маған ғашық боп,

Абайла, кетпе өртеніп.

Ұқсаймын кейде қасқырға,

Қақ жолда жатқан жорта өліп.

Абайла, жаным, алыс жүр,

Жақындай берме көп маған.

Сен-дағы маған таныс жыр,

Көп уақыт өзім жоқтаған.

Ол бақыт қалған, қарағым,

Ол жолдың арғы жағында.

Мініп ап зулап барамын,

Өмірдің арғымағына.

Ұстама оның жалынан,

Ойынға, назға құмар қыз.

Өмірдің арғымағынан

Үшеуміз бірдей құлармыз”.

Бұл бір поэма ғой, ғажайып романс, композиторлар қалай көрмей жүрген дерсің. Басқа жағынан қарасақ, өзіндік шындығы, шырылдап тұрған кереметі: “Өмірдің арғымағынан, Үшеуміз бірдей құлармыз” дегені. Бұл “Күткен кісім бар” деп ешкімді жолатпауға Күлтайын бағыттаса, есейгенде “үшеуміз бірдей” дегенде өзінің жан жары, өмірлік қоса­ғы барын айтып тұр. Бәрі де дарқан өмірдің айқын бейнесі. Бұл ақындық парасаттың адамгершілік деген биігін­де жүрген өкілінен ғана туатын ұлы дүние. Өлеңнің сапасы қандай биік, поэзиялық көркемдігі, Абай атамыз айтып отырғандай, нанымды да сенімді, орынды да қонымды. Өзін жорта өліп жатқан қасқырға кей-кейде болса да ұқсатуы табиғи ақиқат. Алакөңіл жігіт­тер­дің бәрі де жанын арбаған сұлуды көрсе “жорта” жалғызбас бола қалмай ма? Тағы бір тартымдылығы – өмір өтіп, жас ұлғайған сайын адам кей алып­қашпа мінездерден арылып, егде­ліктің құрығына көнбей ме?! “Ол бақыт қалған, қарағым…” деп өкінуі де әбден дұрыс айтылған уәж. Сөйтіп, “ойынға, назға” жақындықтан бойын аулақ ұстар кездің де келіп қалғанын мойындайды. Құштарлықтың құлы бұл жолы қанша­лық ынтық болса да сезімге бой бер­мейді. Ұстамдылықтың тамаша үлгісін көрсетті. Бұл да ұлы өнеге.

Парасатты ақын өзі жайлы сөз еткенде: “Бір-екі жерде мақталсам, Беймаза тірлік кешем мен”, – дей келе:

“Көгімнен күннің ауғаны,

Кеудеме мұң боп толады.

Бұлттанбай жаңбыр жауғанын,

Көзіміз көрген жоқ әлі”, –

деп, ел аузына жақсы бағамен ілігу де оңай жатқан шаруа еместігін “бұлт­танбай жаңбыр жаумасын” айтып, лирик ақын қанатты сөз жасап кетті.

Тұманбайдың өмірі жайлы сөз еткенде оның бауырмалдығына тоқталмау еш­қандай жөнге келмейді. Өз басым ата­қ­ты ақынның өмір бойғы ауылдас достарынан айрылмай көз жұмғанша бірге жүргенін оның досқа адалдығы, ағайын­ға беріктігі, шаңырақтың мықты иегері болғандығы деп білемін. Ұзақ жылдар­ғы сыйластықтың арқасында Тұманбай біздер мекендеген қай қалаға келсе де ат басын арнап бұратын, өзім Алматыға жол түссе оның үйіне соқпай өтетін күнім болмады. Қашан келсем де қойын сойып, қолын қусырып, ежелгі достарын шақырып мәре-сәре болмаған күні­міз жоқ. Студенттік кездерде қара нанды қақ бөліп жеген досы Едіге өмірлік серігі болып келді. Дәл сондай менің шымкенттік Орынбек атты досым болатын. Орынбекті мен қандай сыйласам, Едігені Тұманбайдың солай сыйлайтынына дән разы болдым. Менің достарым: Орынбек Тұрсын­ба­ев, Шота Уәли­ханов, Аманжол Қоша­нов, Садық Асатов, Жә­лел Қалмағам­бетов Тұманбайға да дос болып кетті. Оның достары Едіге Сапаев, Әли Ортаев, Нығмет Әбенов, Бек То­ғысбаев, қайын ағасы Пансат Қа­сы­мов­тар маған да жақын, туыс адамдардай бауыр басты. Астаналық досы Нұр­ғожа Оразовпен ұшырасқанда Тұ­ман­байды тау­сылмас жыр етеміз, бұл екеуі­нің дос­тығы, достықтан да жоғарырақ жа­қын­дық­қа ұласып кеткен жан бірлігі. Тұ­манбай Едігеге арнаған соңғы өлеңінде:

“Біріміз бірімізден бақ асырмай,

Келеді көңіл көншіп ара сынбай.

Екі үйде өмір сүріп жатсақтағы,

Күн кештік бір ананың

баласындай”, –

дегені Нұрғожаға да қатынасы бар өмір­дің шындығы, және де ешбір мүлтіксіз шындық. Бұл үш жігіттің достығы нағыз үлгілі достық. Ортақ достар мен туыстарды сөз етсек, ортақ ағаларымыз Серік Қи­­рабаев, Тұрсын­бек Кәкішев, Есет Әу­ке­баев, Мұзафар Әлімбаев болды. Ерекше сыйлы ағамыз Әбділда Тәжібаевпен өмі­рінің соңғы сағаттарына дейін аралас-құралас жүр­дік. Тұманбай осы аты атал­ған адам­дардың бәріне де өлең арнап, өзінің оларға деген арадан қыл өтпес жақын­дығын биік сақтап, жырлап өтті.

Тұманбай жасында қаншама қиын­дық кешіп, тұманды күндерді басынан өткізсе де, өсе келе бақыт құшағына бөленді. Асыл жары Күлтай екеуі төрт қыз, бір ұлды дүниеге әкеліп, замана талабына сай өсірді. Өзге балаларды, яғни немере жиендерді санамай-ақ, ұлы Дәу­реннен төрт немере көрді, қызы Зәу­­реш­тен тараған шөбересін көргенін айтсақ, жетіп жатыр. Осы қуаныштары жайлы:

“Ақырындап жылжып келіп

жыл қасқа,

Мені тағы қартайттың-ау бір жасқа.

Еңбектеді кеше туған шөберем,

Бақыт өзі баянды боп тұр басқа”, -

деп, жер бетіндегі қуаныштың бір үлкеніне аталық назар аударыпты.

Әкеден Тұманбай ерте айрылса да, анасы Қымқап қажырлы да өте инабатты кісі болатын. Ол кісі Тұманбайдың ат жалын тартып мінген 32 жасында көр­сеткен қызығына куә болып өтті. Қайын атасы Қасым, қайын енесі Нә­сиқа Алатаудың әйгілі адамдары, екеуі де Еңбек Ері атанған жұлдызды еңбек­керлер. Қасым аға туралы естуім болатын, ол кісіні көре алмадым. Ал Нәсиқа апаймен Тұманбайдың үйінде көп кездестім. Ел анасы атанған ардақты Нәсиқа апай Молдағалиевтер шаңыра­ғына сән берді. Менің домбыра тартып, өлең айтатыныма таңғалатын һәм өте жақсы көретін. Тұманбайға ана болып, көп жылдар төріне көрік беріп жүрген батыр ана бертін 2002 жылы дүниеден өтті. Тұманбай: “Біз екеуміз ғашықтар­мыз қосылған” деп жан жары Күлтайға айтса, оның ата-аналарының да ақ батасы бойына рухани азық болып дарыды, өмірінің сәтті болуына септерін тигізді. “Әкесі де жақсы адам” деп өлеңде ай­тылғандай, жан жарының ата-анасы­ның асыл тұлғалар болғаны Тұман­бай­ға дем берді. Осынау толағай өмір сабырлы да салмақты, төзімді де қажыр­лы ақынға күш қосып, арқау болды.

“Ақын ғұмыр ой қуған, сезім қуған,

Аштырмайды кейде бір көзімді удан.

Қанша жылым қалада өткенменен,

Жүрісімде дала бар өзім туған”, –

десе, жүріс-тұрысында да Алатау­дың асқарлығы, ауылының бауырмал­дығы, ата-аналарының мінезі бар, сол дәстүр өлеңдеріне де молынан сіңіп қалада жүрсе де даланы ұмыттырмады. Күлтайдың анасын өз анасындай сүй­генін де жырға орады:

“Жаным апа, ел ішінде жүр аман,

Құдалықта, келісімде жүр аман.

Сені көрсе өз анасын көргендей,

Қуанатын мен үшін де жүр аман”, –

деуі ақынның ақ жүрегін ақтарып, асыл анаға бар алғысын айтқызып тұр. Осының бәрін егжей-тегжейімен толы­ғырақ айтып жатсам, бұл да жас ұр­паққа ақын өмірінен аларлық өнеге, ашық сабақ емес пе?!

Тұманбайдың ақындық жолын, басынан өткерген өмірін қанша шолып өтсек те, оның балаларға деген ұстаз­ды­ғын ұмытуға хақымыз жоқ. Ол “Бал­дырған” журналын 25 жыл бойы бас­қарды. Ширек ғасыр балдырғандарға ұс­таз болды. Басқарудың да басқаруы бар, ал Тұман­байдың тәжірибесінде жур­­налға автор­лыққа елде бар бала­сүй­гіш, қаламдары ұшталған жазушыларды жұ­мылдыра білді. “Балдырған” ол басқа­рып тұрған кезде құлпыра түсті. Ең ғажабы, журнал өз түлектерінің ұғымы­на сай туып, жылдан жылға жандана берді, саны да, сапасы да ұлғая түсіп, қуантты. Бір тамашасы, Тұма­н­бай жур­нал­дың әр кезекті санына өз қолтаң­ба­сын да қалдырып отырды, өзге автор­ларға, жас талапкерлерге де үлгі-өнеге көрсетіп тұрды. Бұл да еңбекқор­лық­тың айқын белгісі.

“Әрбір тау мен әр мекен,

Өз алдына сүйікті-ау.

Дүниеде бар ма екен,

Алатаудан биік тау?! –

дегенін оқығанда кәрі-жасқа бірдей, отансүйгіш, туған жерін сүйгіш сезім ұялатты. Басқа өлеңдерінің бәрі де ғажайып тумалар, ол негізгі поэзиясына қандай жауапкершілікпен қараса, “Балдырғанда” жарық көретін өлеңде­рі­не де соншалық жіті қарап, жан-тәнімен беріле жырлады.

“Отан – анаң аяулы,

Отан – атаң қадірлі.

Өмірің ол баянды,

Салмақты да сабырлы, –

деп, балдырғандарға сыр шертеді. Тұманбай балалар әдебиетінің атасы Мұзафар Әлімбаевқа ең жақын тұрған ақын, ол “Балдырғанды” өз баласындай әлпештеген асыл тұлға, жасөспірім­дердің екіншісі атасы.

Тұманбай Молдағалиевтің өресін биік­тете түсіп, еңбегін ерен әнге ораған өлеңдері. Ол өлеңдерінде адамның жан дүниесін жайлаған сансыз әрекеттерге терең үңіліп, мұң мен шерін, қуанышы мен құштарлығын, мәңгі сөнбес махаб­баттың сиқырлы сипаттарын жасады. Сансыз түрлі адами асыл қасиеттерді табиғат әсерімен аптап, тіршіліктің шыр еткен шындығынан ән туғызар құ­діреті күшті өлеңдерді дүниеге әкелді. Ол шығармаларында жалынды қарқын мен кей достарының күйбең қимыл, күрең жүрісін айнытпай түсіріп, әдемі өлең етті. Адамға бұйырған асыл қа­сиеттер адалдықтың, тазалықтың бағ­дар-бағытын болжай білгіш, суреттей алғыш ұлы дарын поэзияның махаб­бат­қа, достыққа, адамгершілікке арнаған асыл түрін туғызды. Содан болар Тұ­ман­байды халық махаббат жырының төр басындағы патшасы деп таниды.

“Ақ гүлім”, “Алатау қызы”, “Куә бол”, “Алматы түні”, “Арман қыздар”, “Аяулым”, “Қыз сағынышы”, “Әнім сен едің”, “Бақыт құшағында”, “Ғашық жүрек” сияқты көптеген әндерді жүрек тілімен ғана сөйлей біліп, ел жүрегіне ұмытылмас ән болып жетті. Ал “Құстар қайтып барады” деген өлеңі дана композиторымыз Нұрғиса Тілендиевтің әні­мен қазақ әндерінің ең асылдарының қа­тарына қосылды. Халық әні болып кетті. Бұл ән қазақтың қос дүлдүлдері Нұрғиса мен Тұманбайдың ұлы досты­ғы­нан туған аса қымбатты, аса биік дәрежеге жетіп, ұлылықтың заңғар шы­ңына көте­рілді. Тұманбайды мақтан етсек, осындай кереметтеріне сүйенеміз, елге аян ақиқатты еске түсіреміз. “Құс­тар қай­тып барады” әні таңғажайып құбылыс­қа айналғанын барша қазақ мойындады. Барлық әнге оранған өлең­дерін 2007 жылы “Құстар қайтып барады” деген атпен жеке кітап етіп шығарды.

Тұманбай ақын заманның ағымына сай өзгерген әлеуметтік жаңалықтарға жіті қарап, Тәуелсіздік әкелген жаңа өмірдің ең озық жаршысына айналды. Ол жаңа өмірден: ауылдағы аттаныстар мен қаладағы үрдіс қарқынынан өріс тапқан құбылыстарды шалқар шабыты­ның қайнар көзі етті. “Егемен Қазақ­стан”, “Қазақ әдебиеті” газеттерінде бү­гінгі күннің суретін дәлме-дәл жет­кіз­ген өлеңдерін жіті көрсетіп жүрді. Ол Тәуелсіздік таңында жаңа қарқын тапса да өзінің лирикалық сырбаз сарынынан айрылмады. Тұманбайдың жаңа өлеңдері сонысымен елге ұнап, оқу­шыны сүйсінтті. Оның елорда мен Елбасына арналған өлеңдері жарқ еткен қалпында оқушы қауымды елең еткі­зетін. Ақтаңгер ақын Тәуелсіздіктің ал­дыңғы қатарындағы жаршысы атанды.

“Күндерге көп қошемет алмасатын,

Тірлікте ақын қайда салмас атын?!

Бетіне ақ қағаздың түскен сөзім,

Өмірім ертеңіммен жалғасатын”, -

деп тәуелсіздік аясындағы жырларына берік сенді. Бұл айтқаны да сол сенімнің айқын көрінісі. Ел мен елбасы ғана емес, Елбасының реформаларына жан аямай кіріскен қазанат азаматтар жайлы да Тұманбай ашық та айқын жырлады. Маған ұнағаны – Серік Үм­бетовке арнаған, “Серік ініме” деген өлеңі. “Пре­зиденттің дегенін дөңге­ле­тіп, алып бара жатыр бұл жас қай­рат­кер” деп бір тү­йін­десе: “Кіріп шыққан адамдар Үмбе­товке, Үмбетовтен шыға­ды үміт үзбей”, деп Серік ініміздің ха­лық үшін қолайлы әкім болғанын, Тал­дықорғанды түрлент­кенін паш етеді. Менің байқауымша, Серік Үмбетов талант иелеріне, әдебиет, мәде­ниет жүй­ріктеріне әкімдік қолұшын мық­тап бе­ріп жүрді, әсіресе, Алматы облысын­да­ғы композиторларға жасаған нақтылы көмегі жалпы ұлттық өнерге деген қам­қорлығынан туындағанына кө­зім жетті. Сондықтан да Тұманбайдың осындай айтақаларлықтай әкімді мақта­ғанына шын жүректен қуандым.

Тұманбай өмірінің соңғы жылдарында төгілте жазып жүрді. Не жазса да туған елінің өзіне деген құрметін де сезімтал жүрегімен көре білді.

“Бір күнімнен қызық менің бір күнім,

Сол күндердің әуенімен мүлгідім.

Еркін жұттым ертеменен ауасын,

Қасиет тұттым ашып алып

жыр гүлін”, –

десе, заулап өтіп бара жатқан жаңа за­мандағы күндеріне ол разы болды, қа­сиетті жыр гүлін сол “Қызық күн­де­рі” үшін арнап өтті. Адамның жан дү­ние­сін баурап, рухын биіктете білетін ақи­қат­шыл, адал жырымен Тұманбай Мол­да­ғалиев ұлтымыздың ұлы тұлғасына айналды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назар­баев ақынның өмірден өтуіне байланыс­ты көңіл айту хатында: “Қаламгердің өне­гелі өмірі, жарқын бейнесі, ғибраты мол өміршең өлеңдері өшпейді деп біле­мін”, деп түйіндеп еді. Елбасының бұл сөзі асыл тұлғаның есімін мәңгі сақ­тар­лық парызымыз екенін меңзегені деп білемін. Туған еліне Тұманбай бар дарынын сарқып беріп кетті, қасиетті қаза­ғым да оның атын мәңгілікке жет­кізер белгілер орнатады деп сенемін.

Кәкімбек САЛЫҚОВ.

АСТАНА.