• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2019

Тұңғыш ғарышкерге ескерткіш орнатылды

624 рет
көрсетілді

Петропавлдағы Ю. Гагарин атындағы № 14 мектептің алдына әлемдегі тұңғыш ғарышкердің ескерткіші қойылды.

Салтанатты  шараға ғарышкер-ұшқыш, Халық қаhарманы, авиация генерал лейтенанты Талғат Мұсабаев,  Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, экономика ғылымдарының докторы Анатолий Башмаков қатысты.

Мәртебелі қонақтар Юрий Гагаринннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін мектеп  оқушыларымен кездесіп, сауалдарына жауап берді.

 «Мағжан елі–елімізге, әлемге әйгілі тұлғаларды тудырған  өлке. Осы жерде  Қазақстанның екі бірдей ғарышкері  туып өсті. Владимир Шаталов – ақылшым, әрі ұстазым.  Александр Викторенко–досым.  Қызылжардың қасиеттітопырағын басып, тағзым ету–мен үшін үлкен құрмет», деді Талғат Амангелдіұлы.

Ғарыш әлемін бағындырған үш қазақтың бірі Талғат Мұсабаев ашық аспан кеңістігіне 8 рет шығып,  30 сағат 8 минут болып,  Гиннестің рекордтар кітабына енген. 

Іс-шара  Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде жалғасып,  үздік оқытушылар мен студенттерге  Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз, ғарышкер-ұшқыш Александр Викторенко атындағы сыйақылар табыс етілді.