• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2012

Хас батырдың ескерткіші қайда?

311 рет
көрсетілді

Хас батырдың ескерткіші қайда?

Сенбі, 20 қазан 2012 7:51

Редакциямызға бір бума қағазын арқалап, елдің қадірменді ақсақалы келді. Айтары өз қамы емес, халқымыздың хас батыры Рақымжан Қошқарбаев ерлігін келер ұрпаққа жеткізу. Сол арқылы егеменді елдің бүгінгі және һәм ертеңгі буынына отансүй­гіштік жайын әңгімелеп, сол жолда қандай ерлікке де барудың да қажеттігін айту. Көп жыл ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек еткен Вокзал Кәрімұлы батыр жайында жинаған материалдарын алдымызға жайып салды. Бір кезде батырдың «Халық қаһарманы» атануында «Егемен» ерен еңбек сіңіріп еді, алдарыңызға тағы да келіп отырмыз, бірлесіп үн қосайық, «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген, – дейді Вокзал аға.

 

Сенбі, 20 қазан 2012 7:51

Редакциямызға бір бума қағазын арқалап, елдің қадірменді ақсақалы келді. Айтары өз қамы емес, халқымыздың хас батыры Рақымжан Қошқарбаев ерлігін келер ұрпаққа жеткізу. Сол арқылы егеменді елдің бүгінгі және һәм ертеңгі буынына отансүй­гіштік жайын әңгімелеп, сол жолда қандай ерлікке де барудың да қажеттігін айту. Көп жыл ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек еткен Вокзал Кәрімұлы батыр жайында жинаған материалдарын алдымызға жайып салды. Бір кезде батырдың «Халық қаһарманы» атануында «Егемен» ерен еңбек сіңіріп еді, алдарыңызға тағы да келіп отырмыз, бірлесіп үн қосайық, «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген, – дейді Вокзал аға.

Рақымжан Қошқарбаев. Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында от кешіп, кеудесін оққа төсеп Берлинге дейін жеткен, Рейхстагтың қабырға­сы­на алғаш ту тіккен, бірақ сол ерлігі өзгеге таңылған ер тұлғаға батыр атағын беруде көп ең­бек сіңірілді. Ал­ғашқы болып, Бау­кең­нің – Бауыр­жан Момышұлының нұс­қауымен батыр­дың іздеушісі-май­дангер жазушы Кәкімжан Қазыбаев бол­ғаны мәлім. Осыдан кейін неше рет мақа­ла­лар жазылып, Мәскеуге неше мәрте хат жібе­рілгенімен, амал не, батыр ерлігі бағасын ала алмады. Тек, тә­уелсіздік алған соң 1999 жылы батыр ағаның 75 жылдығы қар­саңында «Егемен Қа­зақ­стан» га­зетінде «Халық ала алма­ған қа­мал» деген атпен жа­рық көрген журналист Жанболат Ауп­баев­тың мақа­ла­сы қоғамдық пікірдің дүмпуін жасады. Сол жылы Же­ңіс күні қарсаңында тұң­ғыш Прези­ден­тіміз – Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев Рахымжан Қош­қар­баев­қа «Халық қаһар­ма­ны» атағын беру жа­йындағы Жар­лығына қол қойды. Ха­­лық осылай еңселі батыр тұлғасы­ның биік­тегенін көрді. Қуанды. Тасыды.

Арада жылдар өтті. Алайда, көңі­лі­мізде бірағымыз әлі бар. Айтпағы­мыз, егемендік алған­нан кейін Тұң­ғыш Пре­­­зиден­ті­міздің қолдауымен ел тарихында өшпес із қалдырған батыр ба­ба­лар­ға көшелердің, даңғылдар­дың аты бе­рі­ліп, биік-биік ес­керт­кіш орнатылып жатқанда Ра­қымжан батырдың тас тұ­ғыр­дағы бейнесінің болмауы.

Оның балалық шағы туыс­қан­дарсыз, жанашырлық білді­ретін жа­қын адамдарсыз өтті. Ананың мейі­рімі мен алақа­ны­ның жылы­лығын, әкенің қамқор­лығын сезіне алмаған жас шы­бық жастайынан интернатта тұрды, асханадан тамақ ішті, бір үл­гі­де тігілген арнаулы киіммен жүрді. Сонысына қарамай, Ра­қым­жан 21 жасында ел үшін, халқы үшін адам сенгісіз ерлік жасады.

Рақымжан жөніндегі естелік­терде былай деп жазылыпты: «Беттерімен жер сызып, қара тер­ге малынып жеткен «Гиммлер үйімен» Рейхстаг арасы 500 метр. Қатардағы жауынгер Григорий Булатов екеуіне секунд са­йын өлім қаупі төніп тұрды. Түтін қалың тұманға айналған. Бауырын төсеген қара жер – сыз. Екеуі қан аралас су ағып жатқан жерде қолайлы сәтті күтіп жатыр. Таңдайлары кеуіп шы­да­маған соң қанды су ішеді. 1945 жылдың 30 сәуір күні кешкі сағат 18.30-да Рейхстаг қабы­р­ғасында алғашқы жеңіс жалауы желбіреді».

Дәрежесі мен маңызы жағы­нан теңдесі жоқ ерлік жасаған Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов­тың есімдерін кө­леңкеде қалдыру – әділетсіздік және үлкен қателік. Григорий Булатов батыр ағаға жазған хатында: «Рақымжан, Жеңіс тойында көпшілік алдында сөйлеп тұрғаның­да, топ ішінен бір да­уыстың: «Ей, егер сен Рейх­стаг­қа ту қадаған батыр болсаң, неге кеудеңде Алтын жұлдыз жарқырамайды?» – деген сөзін есту қандай ауыр», – деп жазады. Ерлігі еленбей, өмірден қайғы кешіп өткен осы батыр турасында жазылған мақа­ла, дерек­терді оқып отырып, жаның ауырады, жүрегің сыздайды.

Сол қайран батыр, тарихи әді­лет­тікті орнатамын деп қан­шама жүгі­реді. Бірақ, есесіне, «Гришка-рейхстаг» деген ма­зақ атты иеленгеніне зәбірленіп оңбай сынады. Әділдіктің жеңі­сінен күдерін біржолата үзіп, өмірмен қоштасады. Ал Рақымжан батыр болса, өзіне емес, Григорий Булатовқа Ке­ңес Ода­ғы­ның батыры атағын беру үшін қан­ша­ма рет Орталық Комитетке хат жазады. Бірақ, тас қамалдың есігі сол тарс жа­бық күйінде қалған болатын.

Рақымжан батыр ұзақ жылдар абы­ройлы еңбек етіп, ажалы жеткен күні өмірден озды, халқы ақ жуып, арулап жерледі. Артында ол кісінің өшпес ерлігі мен кісілігін білетін көзкөргендер мен ұрпағы қалды.

Даңқты жерлесіміз Рақымжан Қош­қарбаевты қазіргі жастардың көбі біле бермейді. Олар үшін соғыс – та­рихтың өткен күндері. Соғыстың улы запыранын ішпеген, оның зардабын өз бастарынан өткізбеген ұрпақты ол үшін кінәлай да алмайсың. Алайда, ерлік іс ел есінде мәңгілікке қалса, оны еске түсіретін, сөйтіп, кейінгі буынға Отанды сүюдің үлгісін көр­сететін ұлттың ұландары ардақтал­ғанда ғана ерлік іс өлмейді, ол ұрпақ­тан-ұрпаққа аңыз боп таралады, соған қарап әлденеше буын бой түзейді.

Халқымыздың маңдайына біткен парасат-пайымы терең, өр тұлғалы ұл­дары мен қыздары аз болмаған. Соның бірі – батыр Баукең, тұңғыш рет Ра­қымжандай батырдың ерлігін жарыққа шығаруға мұрындық болыпты. «Мен де соғысқа қатыстым. Д­и­визияға дейін басқардым. Төрт жыл бойғы сұрапыл­дың небір сұмдықтары көз алдымда. Бірақ, Берлинді алар­дағы, Рейхстагқа ту тігердегі қырғын – ол нағыз ақыр­заманның өзі. Жаңағы жігіт сол тозақ отының ішінде болған. Сол алапаттан аруақ қолдап, аман шыққан. Жеңіс жалауын тіккен! Тағ­дыр оның тарихи адам ретіндегі өмір­баянын сол сәтте жазған!!! Сендердің міндеттерің енді соны елге айтып, жалпақ жұртқа жет­кі­зу», деп аманаттапты қайран Баукең.

Әрине, осындай жоғары атақ Ра­қымжанға сонау соғыс жылдары, ер­лік жасаған сәтте-ақ берілу керек еді. Бірақ, Жеңіс туын бір грузин мен орыс тікті деген саясат оған жол бер­меді. Енді келешек ұрпақтарды, аға­лар ер­лігінен үлгі алуға тәрбиелеуде Рақым­жан Қошқарбаевқа ескерткіш қоюдың жөні келіп-ақ тұр. Ол ескерт­кіш далада емес, еліміздің бас қаласы Астанада, өзін жоқтаған Бауыржан ағасынан алыс емес жерде, халықтың көп жүре­тін жерінде тұруы керек.

– Шүкір, халық мақтанышы Ба­уыржан Момышұлының ерлігі санадан кетпейді де, өшпейді. Есілдің сол жа­ғындағы Баукеңнің ескерткіші ор­на­­тылған жер, ардагер ағаның атын­дағы жаңа, кең де, ұзын көшенің бо­йында. Сол жердегі әсем саябақ, үл­кен көпір, алыстан еңселеніп көрінетін Ақорда, Министрлер үйі, респуб­ли­ка­лық дә­ре­жедегі көп мекемелердің ғимарат­тары барлығы жарасымын тауып, көңілді көркейтеді. Осы тамаша орын жастарды патриоттық сезімге тартатын ерекше бір орынға айналды, ал Астанада Рақымжанға үлкен даң­ғыл­дың атын қойғанда осы мәселе де ескерілген шығар деп ойлаймын,– деген Вокзал аға. – Бірақ уақыт зымырап, күн артынан күн зулап өтіп барады. Жылдан-жылға республикамыз нығайып, жер жүзіне танымал болуда. Заманымыз жақсарып, еліміз­ге ты­ныштық орнады. Экономикамыз кү­шейіп, бюджет қорымыз жыл сайын өсіп, жеке кәсіпкерлеріміздің де саны көбейіп келеді. Барлығы тамаша, бірақ өкінішке қарай, еліміздің бас қаласы Астанада «Халық қа­һар­ма­ны» Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіші жоқ. Ескерткіш орнатылса, Мемлекет басшыларына халқымыз шексіз алғы­сын айтар еді, – дейді толғана.

Бір кездері «Халық ала алмаған қамал» деп батырын жоқтаған, артынан Елбасы Жарлыққа қол қойғанда сүйіншілеп, «Халық алған қамал» деп Рақымжан Қошқарбаевтай асылдың есімін ардақтауға үлес қосқан аға газет бетінде қайтадан «Хас батырға ескерткіш қажет» деп ұрандап отырмыз. Сіз не дейсіз, оқырман? Ра­қым­жан тұлғасы ескерткішке сұранып-ақ тұр емес пе?!

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

АСТАНА.