• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2012

Сырлы әлем

874 рет
көрсетілді

Сырлы әлем

Бейсенбі, 22 қараша 2012 7:17

Өткен ғасырдың елуінші-тоқсаныншы жылдары аралығында қазақ жырына қа­зына қосып, елді елең еткізіп, топ жарған тұлғалы ақындардың ең басында сырлы өлеңнің сұңқары Сырбай Мәуленов тұр­ды. Сол бір жылдарда Сырбай лирика­сы­ның сырлы әлемімен тыныстап, өмір сүр­ген өлең сүйер қауым жарқыл қаққан най­зағайдай жалынды жырлардың жаңғыры­ғын әлі күнге дейін естен шығармай жадында сақтап келеді.

Бейсенбі, 22 қараша 2012 7:17

Өткен ғасырдың елуінші-тоқсаныншы жылдары аралығында қазақ жырына қа­зына қосып, елді елең еткізіп, топ жарған тұлғалы ақындардың ең басында сырлы өлеңнің сұңқары Сырбай Мәуленов тұр­ды. Сол бір жылдарда Сырбай лирика­сы­ның сырлы әлемімен тыныстап, өмір сүр­ген өлең сүйер қауым жарқыл қаққан най­зағайдай жалынды жырлардың жаңғыры­ғын әлі күнге дейін естен шығармай жадында сақтап келеді.

Оның жастық шағы, бозбала кезеңі бүкіл халықтың басына түскен ауырт­па­лық – сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келді. Сол соғыстың алдында ол Қостанай өңі­ріндегі боздала – «Жаркөл» стансасынан Отан алдындағы борышты мінде­тін атқа­ру үшін әскерге алынып, Дондағы Рос­товтан бір-ақ шыққан болатын. Сол кез­дің өзінде-ақ болашақ ақынның жыр жолдары жас жүрегінде ұшқын ата бастап еді:– Он сегізде әскермін,Ростовта келемін.Күздің желі ұшырған,Жаздың жасыл желегін.

Көзден ұшты кешегі,Аққу сынды айқай жаз.Донда толқын көшеді,Сол толқынға айтам наз.

Дабыл жиі қағылып,Оятады ұйқымнан.Тек түсіме енеді.Алыстағы үй – туған.

Аптада бір келеміз,Казармаға қонақтай.Шығармақшы бізді Отан,Шынықтырып болаттай.Бұл – 1940 жылдың қазан айында Дондағы Ростовта жазылған өлең.Ақынның өзі айтқандай, «болаттай шы­ныққан» бозбала Отан алдындағы мін­детті әскери борышын абыройлы атқарып елге оралған бетте, жайнаған жаз айында ойда-жоқта сұрапыл соғыстың от-алауы бұрқ ете қалады.Міне, осы сәттен бастап, бейбіт өмір­дің бей-жай күйін, алаңсыз кескін-кел­бе­тін кестелеп, өз өлеңіне арқау етіп жүрген жас ақынның жырлары туған елден қан майданға аттанған алғашқы сәттен бастап-ақ, мүлде бөлек күй кешіп, ерекше бұлқынысқа ие болады.Қоңырау қағылып,Жылжыды эшелон.Сағымды жамылып,Қалды артта неше жон.

Қалды артты туған үй,Қара түн жасырып.Дауыл боп тула күй,Жарқыра жас үміт.

Мен енді жауынгер,Қатерге буған бел.Батысқа жол тарттым,Сен үшін, туған ел.Бұл 1942 жылдың қоңыр күзінде, «Жаркөл» стансасында қан майданға аттанып бара жатқанда жазылған жыр.Алғашқы адымнан бастап мазасыз күй кешіп, тұтана бастаған жырдың алау-оты бара-бара ақ жалынға айналып, көңілінің көгінде тынымсыз нажағай ойнап жатты.Барған бетте от пен оқтың ортасынан бір-ақ шығып, қан майданға қапысыз араласып кеткен ақынның бұдан былайғы жырларының бәрі де жалынды, дабылды, зеңбіректің үніндей ызалы да ызғарлы.Қып-қызыл боп тұтылып,Бұлтқа кірді азалы ай.Қара аспанда қанжардай,Жарқылдады нажағай!Бұл жас жауынгердің қан майданның ортасынан туған сол кездегі сұрапыл соғыстың жанды суреті, жалынды жүрек үні. Осыдан бастап, өмірінің соңына дейін Сырбай өлеңдері қызыл шоқтай жанып, алаудай жалындап, үзілмес жырға, сөнбес нұрға айналды.«Жаркөлден» жол тартқан эшелон оны Волхов майданынан бір-ақ шығарды. Осы сәттен бастап, ақынның өлең-өмірі Волхов даласымен біте қайнасып, қан май­дан­ның қатал суреті, қаһарлы бейнесі бір сәт қағас қалған емес. Көзі көрген оқиға – көңіл-күй сезімдері жан түкпірінде ши­ыр­шық атып, от-жалынмен араласып, өлең болып өріліп, жыр болып төгіліп жатты.Шаршаған жол батып,Волховтың батпағында.Жатыр бие толғатып,Зеңбіректің арт жағында.

Фугас бомбасы,Жерді өртеген қиын күнде.Тіршілік жолдасыБүлкілдейді биенің бүйірінде.Адамдай жапа шегіп құса-мұңнанСәби бір үн сағынған.Жалын тарап, көзіне үнсіз қарап.Солдат оның сипайды құрсағынан.

Шашыраған көк жалынан бүркіп темір,Орманның іші үрейлі.Ал оттың ортасында –Шіркін өмір,Құлын боп кісінейді!Мұндай мұңлы сурет, талайлы тағдыр қалайда қайталанбайды. Бұған дейін адам­зат баласының басынан сұмдық-сұра­пыл, сойқанды соғыстың сан түрі жүректі тітіркенткен шығар. Майдансыз-соғыссыз кезең, адамзат баласының бей­біт дүниесі бір қалыпты болады деп, еш­кім де кепілдік бере алмайды. Болашақ­тағы соғыс үні бұдан да үрейлі, бұдан да қатал, бұдан да қаһарлы. Адамзат баласы «басқа бермесін» деп тілейтін соғыс­тың жолы – басқа жол, қысқа жол. Қазір дүниеде ақ пен қараның, адал мен арам­ның, жақсылық пен жамандықтың, өмір мен өлімнің арасында жүріп жатқан толассыз арпалыс, қиян-кескі қақтығыс, атыс-шабыс, қантөгістің баршасы ол соғысқа мүлде ұқсамайды. Ол соғыстың басы мен аяғы бар, біртұтас кезеңі бар, от-жалын өзегі бар жанды соғыс – қанды соғыс. Содан болар, солдаттың көз алдында қанды кезеңмен қат-қабат жанды сурет – жануардың жан күйзелісі арқылы ақын шабыты шиыршық атып, бұрын ешкім бейнелеп бермеген біртұтас суретті көл­денең тартады. Бұл – қанша қырғын, қанша жойқын болса да енді ешқашан дәл осылай қайталанбайтын құбылыс. Осы құбылысты қайталанбайтын хас тұлға – ақын Сырбай ғана сырлы сөзбен, мұңлы көзбен бейнелеп беріп отыр. Бұл кешегі өткен сұрапыл соғыстағы енді ешқашан қайталанбайтын құйқа тамырды шымырлататын шынайы құбылыс – қатал көрі­ніс. Бұл Сырбай сынды хас таланттың ғана қолынан келетін, қаламынан туатын сирек сурет. Бас-аяғы үш шумақтан тұра­тын қысқа өлеңінің өн бойынан сұрапыл соғыстың ызғарлы лебі, шиыршық атқан ақын жүрегі, «құлын боп кісінеген» қу тіршіліктің қатал реңі тал бойыңды тітіркендіріп жіберері хақ.Осы сұрапыл соғысқа қалам ұстаған талай ақын қатысып, қан кешіп жан берді. Артында соғыс тақырыбын соқталаған қанша қазына жыр қалды. Соның бәрін көңіл сүзгісінен өткізсең дәл осы Сырбай сомдаған сұрапыл көрініс еш ақынның қаламына ілікпеген екен. Өлеңдегі сұм­дық оқиғаны көз алдыңнан өткізе бере, соңынан шырқыраған құлын дауысы құ­лағыңнан кетпей, толғатқан биедей мең-зең күй кешесің. Бұл ақын табысы, ақын шеберлігі, нағыз ақынның қайталанбас қолтаңбасы!Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақ елінен қан майданның басынан аяғына дейін қатысып, керзі етігі мен сұр шинелі үстінен түспей, қанмен хат жазған қан­ша­ма қаламгерлер болды. Әр өлең жолынан қан майданның оқ-дәрісінің иісі мүң­к­іп тұратын Қасымның мұңлы жыр­ла­ры­ның өзі неге тұрады?! Абдолланың арпалысты сәттері, Жұмағали Саинның сағы­ныш­қа толы сырлы жырлары, Тоқаштың өршіл отты толғаулары, Әбудің ақша бұлтпен сырласқан ұлпадай нәзік сезімді майдан әсерлері сыншылардың талай әңгімесіне арқау болары хақ. Әйтсе де, сырлы сөзбен сурет салып, бүкіл майдан болмысын жыр мақамымен бейнелеу сыршыл ақын Сырбайдың ғана қолынан келгені яғни, қаламынан туғаны бұл күнде қалың оқырманға тайға басқан таңбадай анық та қанық белгілі жай.Мың қолдар сау болсын деп,Мен бір қолымды бердім.Мың жолдар жалғансын деп,Мен бір жолымды бердім, – деп тебі­ренген ақын қан майданнан жаралы болып, ерте оралып, елге келген ақын, со­ғыс­тан қайтқан солдаттарды өз көзімен көрді. Енді сол оқиға соғыстан соңғы жаздың, соғыстан соңғы жайсаң жылдар­дың жалынды жыршысына айналды.Жаутаңдап қарап дала тұр,Көз жасын сүртіп жаңа бір.Хабарсыз ұлын сұрауғаЖолыңды тосып ана жүр.Кетерде солдат жарыныңІшінде қалған ана жыл.Көкемді айтпай танырмын,Деп бір сәби бала жүр.Қайрылмай қалай кетесің.Хабарсыз қалай ол тоқтар.Көрдің бе оның көкесін,Соғыстан қайтқан солдаттар!Ащы зар, зәрлі запыран, ызалы үн, ызғарлы үкім. Осының бәрі – бес шумақ өлеңнің өн бойына сыйып тұр. Әсілі, Сырбай Мәуленов дөп сөйлеп, келте қайыратын, қысқа да нұсқа өлеңдердің ұстасы. Бір-екеуін мысалға келтірейік.Дауылдан күту жақсылық,Торыққанның белгісі.Жауыңнан күту жақсылық,Қорыққанның белгісі.немесе,Саясыз таудан пайда жоқ,Сапсиып жалғыз тұрғанмен.Құрақсыз көлде көрік жоқ,Жағаны жарып ұрғанмен.Махаббат сезімі жайлы:Бір кезде қара көзің қайда маған,Бір кезде майда сезім аймалаған.Бұл күнде көрген түстей жоғалыпты.Қашасың мені көріп айдаладан.Мұндай бұлт астынан шыға келген жарық күндей жан жадыратар жалқы шумақтар Сырбай шеберлігінің қапысыз куәсі болып, көркін келтіріп тұрады.Соғыстан соң Сырбай ауа, күн, жел, тау, тас, өзен-көл – жалпы, туған табиғат туралы көп толғанып, поэзия әлеміне парасатты, көрікті қолтумалар ұсынды.Мәселен, Сырбай сұлулық символы ақ қайыңды қалай жырлайды. Бізге әлімсақ­тан белгілі қайыңдар бар. Мәселен, Абайдың аударма болса да төл туындыдай әсер ететін ұзын қа­йы­ңы, Құрманғазының күйге айналған қы­зыл қайыңы, Шашу­бай­дың әнге айналған сыр­лы қайыңы, Мұ­қағалидың мұңлы қа­йы­ңы, Төлегеннің нұрлы қайыңы. Осылай қайыңдар гале­рея­сы тізбектеліп, ұзара бе­реді, ұласа бере­ді. Ал Сырбайдың ақ қа­­­йы­­ңы мүлде басқа күйде, басқа сипатта:Тұр ақ қайың түнде де,Сұңғақ бойын сақтап тік.Құйылады гүлдерге,Айдан саулап аппақ сүт.

Ауылдың бір шетінде,Жатыр өзен ұйықтап.Дірілдейді бетіндеӘлгі аппақ сүт ұйып қап.Жеңіл өлең – желдірме сөз, бояуы қа­нық емес, бейнесі анық емес, құнды құді­ретінен гөрі, құрғақ сүгіреті басым бейнеден гөрі бұл ақ қайыңның сыры да, сымбаты да, болмысы да бөлек. Сырлы жанды сурет, тың теңеу, ақ қайыңға жан бітіріп, туған табиғатынан ажырағысыз, келісті кескін, көркем келбет сыйлайды.Сырбай жырларын қазақ даласының көркем шежіресі деуге әбден хақымыз бар. Өйткені, қазақ жерінде ол жырлам­а­ған тау, ол жырламаған өзен-көл жоқ. Сыр­бай жырлаған сол өлкенің тасына гүл, табиғатына тіл бітеді. Мәселен, ақын­ның «Ұлытау» деген өлеңіне үңіліп көрейік:– Қойыны қоңыр салқын күз деміндей,Көрініп қыр арқасы қыз беліндей.Ұлытау қарсы алдымнан шыға келді,Арманды ғасырлардың тізбегіндей.

Ұлытау арқасы арса, жақпар-жақпар,Ұлытау бойы борша, шатқал-шатқал.Ұлытау бір қария даладағыМаңдайы тарам-тарам қатпар-қатпар.Осылай басталатын сыршыл өлеңде көне Ұлытаудың терең тарихы көңіл көм­бесінен қопарылып, тарих таңбасындай көз алдыңа келіп, сұлу сөздің сымбаты жүрекке жетіп жатыр.Сырағаң қазақ жерінің қай түкпірін жырласа да, одан бір ерекше сыр тауып, құдірет күйін шертіп, алған тақырыбы­ның құпиясын ашып, құндағын шешіп, оқушыңа ой салады, өміріне бағыт, көңі­лі­не шабыт сыйлады. Тағы бірде, «Қар­қа­ралы маған алғаш жолықтың, жыры болып Қасым Аманжоловтың…» деп бастайды да, ғажайып өлкенің ғасыр салған таң­басын тамсана жырлап, тарихына терең үңіледі, үңіліп қана қоймай, түкпірінен сыр суыртпақтап, сырлы суретке, көркем кескінге орын береді, орнықты ой айтады.Дала табиғаты Сырбай жырларының алтын арқауы, таусылмас тақырыбы. Оның кін­­­дік қаны тамған Торғай өлкесі туралы өлеңдерінің өзі бірнеше кітаптың басын құ­рар еді. Арқалы ақын Қазақстан аумағы­­нан шығып, өзге елдердің өзен-көлдеріне, тау-тасына, жалпы табиғат көр­кіне оның тұлғалы азаматтарына өлең­нен өрнек салып, көркем ойдың көкжие­гін кеңейте түседі.Әсіресе, оның бұрынғы кеңестік ке­зең­дегі достас елдердің даңқын көтеріп, салтын әспеттеуге келгенде сол жердің өз перзентінен кем түспей, шынайы сүйіс­пен­шілігін сездіреді, ақ жүректен шыққан адал сөзін арнайды. Әсіресе, оның Та­тар­станға барғанда жазған жырлары жүрекке жылы тиеді. Таңдамалы кітабына кірген «Түркімен туындылары», «Беларусь дәп­те­рі» сынды қиялдары шын шабыттан шыққан шырайлы шығармалар.Сырағаңның қаламы жеке тұлғаларға келгенде жүйткіп шыға келеді. Оның «Өлім­­ге жан екенсің қия алмайтын, Ажал­дың құ­­­­шағына сия алмайтын, Қане­ки, қазақ кім? – деп сұрағанға, көрсетсең еш адамға ұялмайтын» деген өлеңі бұл күнде жалпақ жұртқа кеңінен тарап кетті. Немесе, батыр Бауыржан туралы тірі кезінде жазылған: …Ескерткіш боп тұрып қалмай бір жерде, Тірі болып жүргеніне қуанам», деген жолдары оқушы жүрегі­нен ешқашан өшкен емес.Сырағаң өзі ірі тұлғалы кісі еді. Сол ірі тұлғадан гүлдей нәзік лирикалық туындылар дүниеге келетін. Дауысы зор бол­ғанмен жаны нәзік. Әйтсе де әділет­сіздікке төзбейтін ұлт туралы ұлы идеялар айтып, оны өлеңмен үнемі өріп отыратын.Батыл жүректен нәзік, сыршыл лирика туындайтын.Тбилисиден Ереванға кетерде,Грузин қызы кезіктің сен бекерге.Алты-ақ минут қалды пойыз жүруге,Алты минут танысуға жетер ме?!Сызық тартып көктегі құс жолындай.Қалдың есте Церетели томындай.Пойыз жылжып жүре берді асығыс,Терезеден өзің болып көрінді ай.Жалындаған шабытымның құсы боп,Көздеріңнен тастап кеттің ішіме от.Ұзақ жолда серік болдың сен маған,Қиялдағы көрген ғажап түсім боп.Осы үш шумақ өлеңнің ішінде қанша­ма сыр, сағыныш жатыр. Бір жалт ете қал­ған сезімнің оты өшпей жүрегіңе мәң­гі шырақ жағып кеткендей, өзек тілген өкініш, өмірге деген құштарлық махаббат құдіретін, оның тылсым сырын жан түкпірінде оятқандай әсер етеді.Сырағаңның ғашықтық, махаббат та­қы­рыбын тамсана жырлаған өлеңдері аз емес. Соның бәрінде де ақын ақ жүрегін жайып салып, өмірдегі шынайылық кен тазалықтың үлгісін ұстанады, көкірекке күй, көңілге ой салады.Алайда, мен Сырағаң шығармасының, әсіресе, оның нақышына келтіре жырла­ған нәзік лирикаларының сан-салалы қыр-сырын ашқан талай толғаулар ұсын­ған болатынмын. Ол мақалаларым негі­зін­де мен Сырағаңның махаббат тақыры­бына біраз мән берген болатынмын. Бұл жолы Сырағаң шығармасының алтын ар­қауы, өмірінің өзегі соғыс-майдан тақы­ры­бындағы жырларына кеңірек тоқталып, соның құндағын ашып, құпиясын ақтар­ғым келді. Сырағаңның майдан тақырыбы теңіздей терең, даладай кең, мұхиттай мол мұра. Оның қыр-сырын ашып, терең талдап, зерттеп, зерделеу бо­лашақтың ісі. Алайда, Сырағаң шығарма­ла­ры туралы кезінде Ә.Тәжібаев, М.Қара­таев, Ә.Шә­рі­пов, С.Қирабаев сынды қа­ламгер сыншылар өз пікір-пайымын айтып, өлеңдерінің өрнегін ашып, өресін танытатын талай талдаулар жасаған.Қазақ әдебиетінің поэзия саласына тұ­тас бір майдан сарынын алып келген даладай дархан дарынды ақын Сырбай Мәу­ле­нов кезеңі өлең өлкесінде өшпес із қал­дыр­ды. Қырқыншы жылдардан бастау ал­ған майдан тақырыбы елуінші жыл­дар­да­ғы Хрущев кезеңіндегі «жылымықта» тіз­­гін жіберіп, Абай-Мағжанның сыршыл поэзиясы ұлт әдебиетіне сыналап да кіре бастады. Тың серпінді, ойлы филосо­фия­лық өлеңдер оқырмандар жүрегіне жол тартты. Әде­биетте Қасым поэзиясымен қоса, солардың соңын ала Сырбайдың сыршыл лирикалары өз өрнегін тапты. Қасымнан кейін абдырап қалған жас қа­ламгерлер енді Сырбайға сүйеніп, Сыр­бай­ға иек арта бастады.Осы орайда қуатты қаламгер, туындыларын әлем таныған Әбіш Кекілбаевтың мына бір ғибратты сөзі еске түседі.Біз бала кезімізден бастап Сырбайша оқуға, Сырбайша жазуға, Сырбайша сөй­леуге ұмтылып өскен ұрпақпыз. Қазіргі әде­биеттегі алпысқа келгендер мен тө­мен­гі буынның барлығының әдеби болмысында міндетті түрде Сырбайдың рухы, Сыр­­­байдың әсері бар десем, асыра айтқан болмаспын. Сырбай – тек өз мектебі бар ақын ғана емес, қазақ поэзиясын жарқыраған жа­ңа кезеңге көтеріп бере алған кемел құ­былыс. Бұл тұрғыдан келгенде Сырбай – қа­зақтың ұлттық әдебиеті­нің классигі. Классик деген ұғым кез келген кісіге ай­ты­луға тиісті емес, бүкіл ұлттық әдеби бол­мысқа өзінің ізін, өне­ге­сін тастаған адам ғана осындай атқа ла­йық болуға тиісті. Бұл реттен келсек, қа­зіргі қазақ поэзия­сы­ның көш басындағы сарбаздары Сырбайды да алдымен ауызға алады деп ойлаймын.Қара ормандай қазақ поэзиясының іші­не еніп кетсек, биік қарағайды да, еңселі еменді де, ақ жолақ қайыңды да, жапы­ра­ғы жайқалған талай талдардың түр-түрін көріп таңғалмасқа хақың жоқ. Сарыар­қа­дай кеңдік пен Алатаудай биік­тікті, Кас­­пий­­дей тереңдікті алып жатқан осынау жыр орманының ішінде Абай тұлғасы анық көрінері ақиқат. Сол тараптан Мағ­­­­жанның да мағыналы бейнесі бой көрсе­те­ді. Одан бері Қасым салған қасқа жол, сені Сырбайдың сырлы әлеміне алып келеді.Осы сырлы әлемнің ішінде туған табиғаттың тылсым сыры, күркіреп аққан өзендер, бұрқырап аққан бұлақтар, тебі­реніп тұрған таулар, сол таудың етегінде құлпырып тұрған бақша-баулар бәрі-бәрі де Сырбай жүрегінің дүрсілімен дүниеге нұр сыйлап, жыр сыйлап тұрғандай.

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ.