• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2012

Олимпиадаға тоғыз боксшы барады

256 рет
көрсетілді

Олимпиадаға тоғыз боксшы барады

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:04

Астана төрінде өткен бокстан Олимпиадаға жолдама беретін халықаралық турнирді еліміздің ұлттық құрамасы үш алтын жүлдемен аяқтады.

Ең жеңіл, яғни 49 кило сал­мақта Біржан Жақып, Ілияс Сү­лейменов (52 кг.) пен Данияр Елеусінов (64 кг.) алтын ме­даль­ді жеңіп алды. Осы кездесулерде Жақып пен Сүлей­ме­нов қарсыластарын айқын ба­сымдықпен жеңсе, Елеусіновке жеңіс түркімен боксшысы Сердар Худойбердиевтің сырқат­та­нып, финалға шықпауына бай­ла­нысты берілді. Ал, жеңіл сал­мақтағы үмітіміз Біржан Жақып турнирдің жеңімпазы атанып қана қоймай, Олимпиада жолдамасына ие болды.

 

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:04

Астана төрінде өткен бокстан Олимпиадаға жолдама беретін халықаралық турнирді еліміздің ұлттық құрамасы үш алтын жүлдемен аяқтады.

Ең жеңіл, яғни 49 кило сал­мақта Біржан Жақып, Ілияс Сү­лейменов (52 кг.) пен Данияр Елеусінов (64 кг.) алтын ме­даль­ді жеңіп алды. Осы кездесулерде Жақып пен Сүлей­ме­нов қарсыластарын айқын ба­сымдықпен жеңсе, Елеусіновке жеңіс түркімен боксшысы Сердар Худойбердиевтің сырқат­та­нып, финалға шықпауына бай­ла­нысты берілді. Ал, жеңіл сал­мақтағы үмітіміз Біржан Жақып турнирдің жеңімпазы атанып қана қоймай, Олимпиада жолдамасына ие болды.

Бұл салмақтағы Лондонға жол­дама бас жүлде иегеріне ғана берілетін болғандықтан, Жақыпқа финалда тек жапон қарсыласы Наяоа Инонені жеңу керек болатын. Кездесуде Бір­жан осы мүмкіндікті жібермей, барын салып айқасты. Жапон боксшысы да осал емес екен. Ол жекпе-жек басталмай жатып, Біржанға ұмтылып, ұпай жи­нау­ға тырысты. Бұған дейін ол тә­жік өкілі Асрор Вохидовтың жолын жартылай финалда ораған болатын. Ал тәжік боксшысын осындай Олимпиадаға лицензия беретін аса жауапты сында жеңу деген оңай шаруа емес. Оның үстіне, Вохидов – былтырғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, біраз халықаралық турнирлерде жеңіп алған атақ­тары бар. Жапон жігіті болса ондай атақ-даңқтарымен жан­күйер­леріне мақтана алмайтынын білеміз. Солай десек те нақ осы жапон өкіліне Вохидовтан жолын тазартып, біздің Бір­жан­мен жұдырықтасуға жазды. Фи­налдық айқаста ол Жақыптың ғана емес, жанкүйерлердің біраз жүйкесін жұқартты. Бірақ, біз­дің тәжірибелі боксшымыз 19 жа­сар жігітке еш мүмкіндік бер­меді. Кездесудің үш раундында ол жапонның шабуылдарына той­тарыс беріп, өзінің мықты екенін көрсетті. Қорытынды есеп – 16:11.

Осы айқастан кейін Біржан бүкіл күшін шешуші раундқа сақтағанын, ең бастысы Лондон Олимпиадасына жолдаманы же­ңіп алғанын, өйткені турнирде өнер көрсету оған психоло­гия­лық жағынан қиын болғанын айтты. Оның себебі де түсінікті. Біржан өз елімізде, өз жерімізде өткен турнирде лицензияны же­ңіп алуды ғана ойлады. Біздің қуанышымызға орай, турнирде Біржан нағыз ерлік жасады! Ерлегені сол, өз салмағындағы жалқы жолдаманы жеңіп алды. Енді оған Олимпиадаға бар күш-жігерін салу керек. Өйт­кені, Олимпиадаға әлемнің түк­пір-түкпірінен боксшылардың серуендеп қайтуға келмейтіні бел­гілі. Бәрі Лондонға бір оймен, бір мақсатпен келеді. Бір­жан­ның өзі Олимпиадада жүл­де­герлер қатарына қосылуға тырысамын, бар күшімді соған саламын дейді. «Мен Олимпиа­даға лицензия алғандармен кез­дескенмін. Жақсы дайындалсақ, бәрін де жеңуге болады», – дей­ді ол. Ендеше аузыңа май, асты­ңа тай, Біржан дейік!

Келесі салмақта шаршы алаң­ға шыққан Ілияс Сүлейме­новтің жартылай финалда жолдаманы иеленгенін білеміз. Солай болса да 52 килодағы бокс­шымыз жанкүйерлер алдында намысты қолдан бермей, тур­нир­дің жеңімпазы атану үшін барлық күш-жігерін салып, моң­ғол жігітінен айласын асырып кетті. Есеп – 18:12.

Бұл жекпе-жекте Сүлейме­нов­­пен кездескен моңғол Нямбаярды тәжірибелі боксшы­лар­дың қатарына жатқызуға болады. Ол да Астанаға Лондонға ли­цензияны ғана емес, бас жүл­дені жеңіп алуға келген боксшы. Сол себептен ол финалда барын салып айқасты. Дегенмен, Аста­надағы Қажымұқан Мұнайтпас­ұлы атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-ин­тер­наттың түлегі қарсыласына ширақ қимылдауға мүмкіндік бермей, үш раундты да сауатты өткізіп, кездесуді 18:11 есебімен аяқтады. Ал 64 килодағы Данияр Елеусінов қызыл бас киімін киіп, қолғабын түйістіріп тұр­ған­да оның түркімен қарсыла­сы­ның рингке көтерілмейтіні жарияланды.

Осы күні басқа елдердің бокс­шылары да жолдамаларын қал­тасына басып, жеңімпаз атанды. Онда 56 килода жапон Шива Тапа, қытай Киянг Лию (60 кг.), тағы бір қытайлық боксшы Кионг Майтитуерсун (69 кг.) бас жүлдені иеленді. Кейін Қытай ұлттық құрамасынан анықтаға­ны­мызда бұл боксшының ұлты ұйғыр екенін білдік. Оның жеке бапкерінің ұлты да ұйғыр болып шықты. Келесі салмақта өзбек Аббос Атоев (75 кг.), үнді Сумит Сангван (81 кг.), 91 килода иран Әли Мазахери мен аса ауыр сал­мақта қытай Жанг Жилей тұ­ғырдың биік сатысына көтеріл­ді. Осы кездесулерде жанкүйер­лер Бейжің Олим­пиадасында Еркебұлан Шы­н­әли­­ев­тің мойнын тістеп, дөрекі­лік жасаған тәжік Жаһон Құрба­нов (81 кг.) пен Василий Левит­тің жолын жартылай финалда бө­ге­ген су­риялық Мохаммед Гос­соуиннің қарсыласта­ры­нан же­ңіл­генін айызы қанып тамашалады.

Жалпы, осы турнирде Үндіс­тан, Қытай, Иран өкілдері үш, Жапония, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан бокс­шылары екі-екіден, КХДР мен Сурия елі бір лицензияны иеленді. Ал біздің құрама турнирде үш жолдаманы жеңіп алды. Сөйтіп, былтыр Бакуде өт­кен әлем чемпионатындағы 5 ли­цензия мен Қанат Әбутәліпов­тің Бүкіләлемдік бокс сериясы­ның жеке чемпионатында жеңіп алған жолдамасын қосқанда елі­міз құрамасы 9 боксшымен Олим­пиадаға баратын болды.

Кеше бокс жанкүйерлері үшін тағы бір жаңалық хабарланды. Халықаралық әуесқой бокс қау­ымдастығы мен Қазақстан бокс федерациясының арасында 2013 жылы елімізде ересектер ара­сын­дағы әлем чемпионатын өткі­зу туралы келісімге қол қою рә­сімі өтті. Оған АИБА президенті Чинг Куо-Ву мен Бокс феде­ра­циясының президенті Тимур Құлыбаев қатысты.

Дастан КЕНЖАЛИН.

Суреттерде: Біржан Жа­қып; Ілияс Сүлейменов.

Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.