• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2012

Қазақстан лигасы – Еуропада

375 рет
көрсетілді

Қазақстан лигасы – Еуропада

Сенбі, 21 сәуір 2012 7:42

Жақында елімізге Чехияның Прага қаласынан қуа­нышты хабар келіп жетті. Бұл жерге еліміздің атынан Еуропа федерациясының құрылтай конференциясына қатысуға барған «Қазақстан Республикасы Әуесқой футболшылар лигасы» қоғамдық бірлестігінің төраға­сы Ерлан Жарылқасынов еліміздің аталған ұйымға мүше болғанын хабарлады.

 

 

Сенбі, 21 сәуір 2012 7:42

 

Жақында елімізге Чехияның Прага қаласынан қуа­нышты хабар келіп жетті. Бұл жерге еліміздің атынан Еуропа федерациясының құрылтай конференциясына қатысуға барған «Қазақстан Республикасы Әуесқой футболшылар лигасы» қоғамдық бірлестігінің төраға­сы Ерлан Жарылқасынов еліміздің аталған ұйымға мүше болғанын хабарлады.

Қоғамдық бірлестік төрағасының айтуынша, Че­хия­­ның Прага қаласында өткен шағын футболдан Еуропа федерациясының жиынына біздің елімізден басқа тағы 14 елдің өкілдері қатысып, ұйымның қызметі мен ал­­дағы жоспарлары туралы мәселе қараған. Осы жиында Е.Жарылқасынов Қазақстан әуесқой футбол лига­сының атынан сөз сөйлеп, елімізде шағын футболдың даму барысы туралы баяндама жасап, тұсаукесер рәсімін де өткізген екен. Сол жерде ол спорттың бұл түрінің Қазақстанда жылдан-жылға дамып, көпшіліктің сүйікті ойынына айналғаны туралы ойларымен бөліс­­кен. Жа­қында біз «Қазақстан Республикасы Әуесқой футболшылар лигасы» қоғамдық бірлестігінің төр­ағасы Ерлан ЖАРЫЛҚАСЫНОВПЕН кездесіп, осы конференцияда қа­рал­ған мәселелер туралы айтып беруін өтінген едік.

– Қазақстан әуесқой футболшылар лигасының Еуропа футбол лигасына қабыл­данғанын үлкен оқиға деуге болады. Бұған қалай қол жеткіздіңіздер? Жалпы, сіздер қатысқан жиында қандай мә­селелер қаралды?

– Бұл ұйымға мүше болу үшін көп жұмыстар атқарылды. Өздеріңіз біздің елде әуесқой футболшылар лигасы ойында­ры­ның көктем, күз және қыс мезгілдерінде өткізіліп келе жат­қанын білесіздер. Бұл ойын­дарға көптеген командалар қа­ты­сып, олардың саны жылдан жылға артып келеді. Биылғы көктемгі маусымға мысалы, Астанадағы «А» және «В» лигасына қатысуға біраз командалар өтініштерін берді. Екі лига 18 командадан құралып отыр. Сон­дай-ақ, Алматыдағы лигалар да жыл­дан-жылға дамып келеді. Еуропадағы әріптесте­рі­міз осы жағын ескеріп, бізге қарт құр­лықтың әуесқой футболшылар федерациясына мү­ше болуды ұсынды. Біз ол ұсынысты қуана қа­был­дадық. Бұл еліміздің спорт тарихына тасқа қашалып жазылатын оқиға болады деп ойлаймын.

Ал жиынға бізден басқа тағы 14 елдің өкілдері қатысты. Оның ішінде Хорватия, Италия, Израиль, Ұлыбритания, Молдова, Грекия, Румыния, Чехия, Словакия, Болгария, Словения, Польша, Люксембург пен Кипр елдері болды. Болашақта оның қатарына Германия, Франция, Босния және Герцоговина, Қы­тай, Өзбекстан мен Қырғызстан да қабылданатын болады. Жиында Қазақстан футболы туралы тұсаукесер рәсімін өткізіп, баяндама жасадым. Бәрі тұсау­кесер мен баяндамаға риза болды. Тұсаукесер жоғары деңгей­де өтті. Осы жиында Румыния федерациясының президенті Бурлеану Разван Еуропа феде­ра­циясының президенті, Чехия федерациясының президенті Филип Иуды ЕФ-тің вице-пре­зиденті, Хорватия федерация­сының президенті Алпеза Бруно бес жылға бас хатшы болып сайланды. Конференцияда Еуропа федерациясының жарғысы мен ережелері қабылданды.

– Кездесуде сіз федера­ция­ның ұйымдастыру кеңесінің мүшелігіне сайланыпсыз. Сіз­ден басқа тағы кімдер кеңес­тің мүшелігіне сайланды?

– Бұл кеңеске тағы Ұлы­британиядан Дэвид Виндзор-Харрис, Израильден Яир Шаер, Молдовадан Эухенио Чобу, Грекиядан Афаносис Пападопулос сайланды. Жиында біз шағын футболдан Еуропа лигасын дамыту туралы мәселені қарап, болашақта 500 000-нан астам адамды әуесқой футболға тартуды айттық. Осы жерде мен Қазақстан әуесқой футбол лиг­а­сының Еуропа лигасына мүше болуына мына азаматтардың көп еңбек сіңіргенін атап өткім келеді. Олар – «Қазақстан Рес­публикасы Әуесқой футболшылар лигасы» қоғамдық бір­лес­тігінің төрағасының орынбасары Ғани Жұртанов, бас хатшы Ғалымжан Тіленшиев пен атқа­рушы комитеттің мүшесі Валерий Салимов деген азаматтар. Осы азаматтар біздің Еуропа федерациясының мүшелігіне қа­былдануымызға көп еңбек етті.

Енді біз келесі жылдың мамыр айында Болгарияда осы елдің футболшыларымен дос­тық кездесу өткізетін боламыз. Біздің алдағы жоспарымыз ли­гаға қатысатын ойыншылар санын 1123-ке жеткізіп, еліміздің барлық қалаларында әуесқой футболшылар лигасын ашу.

Қазіргі кезде Қазақстан лигалары Астана және Алматыда өткізіліп келеді. Оған Астанадан «Сайран», «Қуат», «Аманат» пен еліміздің бас газеті «Егемен Қа­­­­зақстанның» – «Егемен» ко­­­ман­­­­да­­­лары сияқты ұжым­дар қа­тысуда.

Әңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН.