• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2012

Спорт

245 рет
көрсетілді

Спорт

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 6:40

Дзюдо

СЕНГЕНІМІЗ – СЕГІЗ САЙЫПҚЫРАН

Халықаралық дзюдо федерациясы Олимпия ойындарына жолдама алған татами шеберлерінің тізімін жариялады.

Бұл тізімге Қазақстаннан 8 спортшы енді. Олардың ішінде 7 жігіт пен 1 қыз бар. Біздің үздік дзюдошылардың қатарын әлемдік рейтингтің көшбасшысы 100 кило салмақтағы Максим Раков бас­тап тұр. Ол жақында Ташкентте өткен Азия чемпионатына қатыспаса да, әлі де ешкімге әлемдік тізімнің тізгінін бермей келеді. Одан кейінгі орында голландиялық Хенк Грол орналасқан. Оның ұпайы Максимдікінен 160-қа кем.

 

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 6:40

Дзюдо

СЕНГЕНІМІЗ – СЕГІЗ САЙЫПҚЫРАН

Халықаралық дзюдо федерациясы Олимпия ойындарына жолдама алған татами шеберлерінің тізімін жариялады.

Бұл тізімге Қазақстаннан 8 спортшы енді. Олардың ішінде 7 жігіт пен 1 қыз бар. Біздің үздік дзюдошылардың қатарын әлемдік рейтингтің көшбасшысы 100 кило салмақтағы Максим Раков бас­тап тұр. Ол жақында Ташкентте өткен Азия чемпионатына қатыспаса да, әлі де ешкімге әлемдік тізімнің тізгінін бермей келеді. Одан кейінгі орында голландиялық Хенк Грол орналасқан. Оның ұпайы Максимдікінен 160-қа кем.

Қазақстан дзюдошыларының арасында Максимнен кейін 66 кило салмақтағы Азия чемпионы Сергей Лим тұр. Ол Өзбекстанда өткен Азия чемпионатын жеңіп алған соң, бірден 10-шы сатыға көтерілді. Келесі, 11-ші орында Азия чемпионатының күміс жүл­де­гері 78 килодан жоғары салмақтағы Гүлжан Исанова орна­лас­қан. Одан басқа олимпиадалық рейтингте 60 кг. салмақтағы Еркебұлан Қосаев – 13-ші, Ислам Бозбаев (81 кг.) – 15-ші, Тимур Болат (90 кг.) – 18-ші, Ринат Ибрагимов (73 кг.) – 19-шы, Ержан Шынкеев (10 килодан жоғары) 23-ші орынды иеленген.

Жалпы, тізім есебінде 252 балуанға орын берілген. Бұл –Олимпиадаға тікелей жолдама алған спортшылардың тізімі. Алдағы кезде тағы 100 лицензия таратылады. Сол кезде әйелдер арасында ең жеңіл салмақтағы Александра Подредованың да жолдама алуға мүмкіндігі болады.

Су добы

ТАҒЫ МЫҚТЫЛАР ТОБЫНА ТҮСТІ

Халықаралық су добы федерациясы Олимпия ойын­да­ры­ның жеребесін тартты.

Қазақстан құрамасы жеребе бойынша Австралия, Испания, Хорватия, Италия және Грекия елдерімен «А» тобына түсті.

Ал «В» тобында АҚШ, Ұлыбритания, Сербия, Румыния, Венгрия, Черногория ватерполшылары бар.

Әйелдер арасындағы командалардың саны ерлерге қа­ра­ған­да аздау. Олар ерлер сияқты әр топта алты емес, төрт құ­ра­мадан ойнайтын болады. Жеребе бойынша «А» тобына Қытай, Венгрия, Испания, АҚШ түссе, «В» тобында Ұлыбритания, Италия, Ресей мен Австралия өнер көрсетеді.

Күрес

БҰЙЫРҒАНЫ ОН БЕС ЖОЛДАМА

«Бұйырған кетпес, қу­­ған жетпес» дегендей, кү­рес түр­­­лері­нен Олимпиа­да­ға біздің елден жоспарлан­ғандай 18 балуан емес, 15 балуан баратын болды.

Жақында Финляндияның аста­насы Хельсинки қаласын­да өт­­кен олимпиялық іріктеу жарысында үш балуанымыз жеңіліп, жолдамадан тыс қалды. Атап айтқанда, грек-рим күресінде ең жеңіл сал­мақтағы Марат Кәрішалов, 96 килодағы Алзахур Өздиев, әйел­дер күресінде 55 кило салмақтағы Айым Әбілдина жолдамадан қағылды.

Біз осы сында балуандарымыздан әбжілдік күткен едік. Алайда, олар да Олимпиадаға үш мүмкіндік берілсе, соның бәрінде жеңілген 55 килодағы Асхат Құдайбергенов, 96 килодағы Марғұлан Әсембеков пен Жасұлан Сыдықов, әйелдер арасында Айжан Смағұлова сияқты қарсыластарынан ұтылып, жер сипап қалды. Сөйтіп, грек-рим күресінен 5 балуанымыз ғана Лондонға баратын болса, еркін күрестен Алтай Таңатаровтың жігіттері Олимпиадаға толық құраммен қатысады.

Ал әйелдер күресінде әу баста мақсат етілгендей, үш қызымыз жарысқа қатысатын болады. Олар 48 килодағы Жұлдыз Ешімова, Елена Шалыгина (63 кг.), Гюзель Манюрова ( 72 кг.). Әйелдер күресінен Олимпия ойындарының бағдарламасына 4 салмақ дәрежесі ғана енгізілсе, бұл біздің балуандарымыз үшін жақсы көрсеткіш деуге болады. Енді Саржан Жақсыбековтің тәлімін көрген үш қызымыз Олимпиадаға алаңсыз дайындалуда.

Лондон Олимпиадасына грек-рим және еркін күрестен жолдама жеңіп алған балуандар мыналар: грек-римде Алмат Кебіспаев (60 кг.), Дархан Баяхметов (66), Асхат Ділмұхамбетов (74 кг. ), Даниял Гаджиев (84 кг.), Нұрмахан Тінәлиев (120 кг.); еркін күресте Дәулет Ниязбек (55 кг.), Дәурен Жұмағазиев (60 кг.), Ақжүрек Таңатаров (66 кг.), Абдулхаким Шәпиев ( 74 кг.), Ермек Байдуашев (84 кг.), Таймураз Тигиев (96 кг.), Дәулет Шабанбай (120 кг).

* * *

АРҒЫ ЖАҚТАН ЖАҢАЛЫҚ

«Лондон-2012» ұйымдастыру комитетінің директоры Дебби Джевонс Олимпия ойындарына қатысатын спортшылар үшін жат­тығу кешендерінің 16 шіл­де­ден бастап ашылатынын хабарлады.

Ал жалпы, Лондон Олимпиадасы кезінде спортшылар үшін 37 спорттық жаттығу кешендері жұ­мыс істейтін болады. Соның 30-ы Корольдік астанасында болса, қал­ған жетеуі Лондонның маңындағы қалаларда орналасқан.

***

Қытай үкіметі екінші рет балалы болған суға секіруден Бей­­жің Олимпиадасының чемпионы Тянь Лянды жазалаудан бас тартты.

Осыдан біраз күн бұрын оның әйелі Е.Ицянь Гонконгте екінші рет босанған болатын. Сол үшін олар Қытай заңы бойынша жазалануы тиіс еді. Алайда шекесі тор­сық­тай ұл бала Қытайдан жеке ав­то­номиялық құқық алған Гонконгте туған соң, спортшылар отбасы жазаға тартылмайтын болып ше­шіл­ді. Өйткені, олардың тұңғышы Қытайда туып-өскендіктен, осы ел азаматы болатын болса, екіншісі Гонконг азаматы болады екен.

Ал Тянь Лянның өзіне екінші баласы дүниеге келгені үшін Қы­тайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясы спорт істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары қызметінен кетуіне тура келіпті.

Дайындаған

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».