Бейсенбі, 24 мамыр 2012 7:40
Жақында елімізден Лондон Олимпиадасында тағы бір отандасымыздың төрелік жасайтыны белгілі болды.
Ол – спорттық гимнастикадан КСРО спорт шебері, 2005-2008 жылдары спорттың осы түрінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған жоғары дәрежелі жаттықтырушы Тимур Әмірбеков. Тимур Шертайұлы – спорттық гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері – Тимур Құрбанбаев, Ильдар Валеев, Максим Петришко, Станислав Валиевті дайындаған маман. Қазіргі кезде осы спортшылар ұлттық-штаттық команданың құрамына кіреді.

Тимур Әмірбеков бұған дейін де Олимпия ойындарының төрешісі болғаны белгілі. Ол – 2004 жылы Афинада өткен Олимпиадада Қазақстанның атынан төрелік жасаған санаулы мамандардың бірі. Ал оған дейін оның шәкірттері Ильдар Валеев пен Тимур Құрбанбаев Азия чемпионы мен Азия ойындарының қола медаліне ие болды. Сол сияқты 2010 жылы Станислав Валиев, Ильдар Валеев та құрлықтық ойындардың қола медалін иеленсе, Максим Петришко Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.
Ал биылғы Лондонда өтетін Олимпия ойындарына аталған мектептің оқушысы Әзімбай Мөлдір қатысады.
Тимур Әмірбеков 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін гимнастикадан ОҚО ОРМБЖМ ММ директоры болып жұмыс істейді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
“Егемен Қазақстан”.