• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2012

«Алтын белбеу» иесі анықталды

604 рет
көрсетілді

«Алтын белбеу» иесі анықталды

Жұма, 1 маусым 2012 7:34

Қостанайдағы спорт сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назар­­баев­тың жүлдесі үшін қазақ күресінен  «Алтын белбеу» облыс­­тық тур­нирі өтті. Бұл турнир еліміздегі  жауырыны жерге тимейтін күшті балуандардыіріктеу және  ұлттық спорт­тың осы түрін дәріптеу, сөйтіп, келешекте оныңолимпиялық  ойындар қатарына енгізілуіне  ықпал етуді мақсат тұтты.

 

Жұма, 1 маусым 2012 7:34

Қостанайдағы спорт сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назар­­баев­тың жүлдесі үшін қазақ күресінен  «Алтын белбеу» облыс­­тық тур­нирі өтті. Бұл турнир еліміздегі  жауырыны жерге тимейтін күшті балуандардыіріктеу және  ұлттық спорт­тың осы түрін дәріптеу, сөйтіп, келешекте оныңолимпиялық  ойындар қатарына енгізілуіне  ықпал етуді мақсат тұтты.

Қазақ күресінен екі күн бойы қызған жарыс жасына қа­рай үш топта, яғни жасөс­пірім­дер, жастар, бірнеше салмақ категориясында ересектер арасында өтті. Оған облыстан бар­лығы 200-дің сыртында балуан қатысып, ба­ғын сынады. Олар­дың арасында самбодан Мәскеу қаласында өт­кен Харламатьев атындағы ха­лық­аралық турнир жеңімпазы, халықаралық дең­гейдегі спорт шебері Мұрат Кең­тонов, қазақ күресінен Азия­ның абсолюттік жеңімпа­зы, ха­лықаралық дең­гей­дегі спорт шебері Рамиль Шаригин, қазақ күресінен Еуропа чем­пио­натының жүлдегері, қазақ күресінен Азияның абсо­лютті жеңімпазы, халықаралық дең­гей­дегі спорт шебері Гербер Максим және Қазақстан Рес­публика­сы­ның чемпионы, спорт шебері Ерлан Омаров және тағы басқалар болды.

Абсалютті біріншілікте Мұ­рат Кеңтонов «түйе балуан» атанды. Оған облыс әкімі Нұ­ра­лы Сәдуақасов турнирдің «алтын белбеуін» тағып, 5000 АҚШ доллары көлемінде ақша­лай сый­лық тапсырды. Ба­луан­ға «Қос­танай қыраны» атағы бе­рілді. Мұратты жанкүйер­лері «алып» деп атайтын. Ал екінші орынды жеңіп алған А.Бай­тұрсынов атындағы универси­тет­тің студенті, спортшылар мен жанкүйерлері арасында «ақ аю» деген атпен белгілі Максим Гербер де қомақты ақшалай сый­лыққа, яғни 3000 АҚШ долларына ие болды. Енді қос балуан жаз маусы­мы­ның соңына қарай Астанада өтетін жалпы­респуб­ликалық финалға қатыса­тын болады. Турнир­дің облыс­тық сатысында «алтын белбеу» таққан балуандар, енді боз кі­лемнің үстін­де білек ұстасып, «Қазақ­стан барысы» кім болатынын өздері анықтайтын болады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

Қостанай.