• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
06 Маусым, 2012

Спорт

268 рет
көрсетілді

Спорт

Сәрсенбі, 6 маусым 2012 6:56

Кәсіпқой бокс. АҚШ-тың Лас-Вегас қала­сын­да Бү­кіл­әлем­дікбокс қауым­дас­­­ты­ғы­ның (WBA) нұсқасы бойынша жартылай ауырсал­мақ­тағы әлем чемпионы Бей­біт Шүменов мекси­ка­лық Энрике Орнеласпен өт­­кіз­ген кез­де­су­ін­­деөз атағын қорғап қалды.

 

Сәрсенбі, 6 маусым 2012 6:56

Кәсіпқой бокс. АҚШ-тың Лас-Вегас қала­сын­да Бү­кіл­әлем­дікбокс қауым­дас­­­ты­ғы­ның (WBA) нұсқасы бойынша жартылай ауырсал­мақ­тағы әлем чемпионы Бей­біт Шүменов мекси­ка­лық Энрике Орнеласпен өт­­кіз­ген кез­де­су­ін­­деөз атағын қорғап қалды.

Осыған дейін 13 жекпе-жек өткізіп, соның бәрінде айқын ба­сымдықпен жеңген Шүменов бұл жолы да 12 раунд­қа созыл­ған ай­қас­та қарсыластын тізе бүктірді.

Ол жекпе-жектің бірінші раундын жақсы бастап, кездесуді уақытынан бұ­рын аяқтап тастайтындай болып көрін­ген еді. Алайда, мексикалық боксшы да анау айтқандай осал емес екен. Ол бесінші раундта белсен­ді­лігін арттырып, соққы­лар­ды діттеген жеріне дарыта білді. Сөйтіп, 12 раундқа созылған ай­қаста Шүменов қарсыласын ұпай санымен ғана жеңе алды.

Жақында Шымкентте өткен тағы бір кәсіпқой бокс кешінде Жанат Жақиянов WBС Asia Coun­cil Continental тұжыры­мы бойынша Азия чемпионы ата­ғын қорғап қалды. Ол осы атақ­қа күрескен Тимур Шайлезовпен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті.

Бокс. Астанада өткен Бокс феде­рациясының кеңейтілген отырысында«Астана арландары» жартылай кә­сіпқой клу­бының директоры қыз­­­ме­тінде Болат Манкенов қалатын болып шешілді.

Отырыста федерацияның президен­ті Тимур Құлыбаев команда басшысына жаңа мін­деттер жүктеп, жаңа құрам жа­сақтауды тапсырды. Осы кездесуде ерлер және қыздар ұлттық құрама ко­мандаларының бас бапкерлері Мырза­ғали Айтжанов пен Вадим Присяжнюк Олимпиадаға дайын­дық туралы баяндама жасады.

Кикбоксинг. Жақында Вен­грияда кикбоксингтен өт­­кен Әлем кубогыжолындағы жарыста Қазақстан ұлт­­тық құ­ра­масының мына спорт­шы­ла­рыжеңімпаз бен жүл­дегер­лер атан­ды. Саян Жа­қы­пов, ӘлімжанҚұдайбергенов, Нұр­сұлтан Хасанов, Стельян Аврамиди, Захар Воробей, Әй­ге­рім Төрехан, Тимур Хамзин, Айдархан Нүкенов, Мұ­ха­­мед­жан Тіле­генов, Әлі­шер Қаб­дианов жеңімпаз атанса, Рауан Смағұ­лов, Айдана Тө­ре­ханова, Георгий Валынский, Әліби Ха­лилла екінші орынды, Же­ңісЕрдәулет, Жал­­ға­с­бай Әб­ше­ке­нов, Ерсайын Қа­самбаев, Мұ­хамед Масақ­баев, Дидар Жа­баева үшінші орынды иеленді.

20 елдің өкілдері қатысқан жарыста еліміз құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға ие болса, бірінші ор­ын­ға Беларусь шықты. Үшінші орынды Ресей спортшылары қанағат тұтты.

Футбол. 2013 жылы Қа­зақ­стан премьер-лигасы күзде басталып, көктемдеаяқта­ла­тын жүйеге көшеді. Алғашқы маусымда отандық командалар үшкезеңнен тұратын бі­рін­шілікті өткізеді.

Бұл туралы Астанада өткен Футбол федерациясының отырысында хабарланды. Отырыста премьер-лигадағы 14 клуб­­тың басшылары биылғы мау­­­­сым­ның кемшіліктері мен ше­шімін тап­­паған мәселелерін талқылады. Онда өңірлерде фут­­­болды насихаттау, клуб­тардың бойтұмарын жасау, командалар­дың танымал­дығын арттыру, матчтарға билет сату сияқты мәселелер көтеріл­ді. Соның іш­ін­дегі ең басты жа­ңалық – Қа­зақстан премьер-ли­гасының күз­де басталып, көк­темде аяқ­та­латыны болды. Осы­­ған байланысты елімізде кемін­­­де 3 000 адам сыятын жабық футбол залдарын салу мәселесі айтылды.

Дайындаған

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

_______________________

Шведова ширек финалда

Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Роллан Гаррос«Үлкен шлем» бәсекелерінде қазақстандық теннисші Ярослава Шведова ширек финалға жолдама алды.

Дүйсенбі күнгі кездесуде ол осы жарыстың өткен жылғы жеңімпазы Ли Наны үш сетте 3:6, 6:2, 6:0 есебімен ұтты.

Шведова енді Варвара Лепченконы (АҚШ) қапы қалдыр­ған Петра Квитовамен (Чехия) кез­деседі. Соңғы рет Шведова Роллан Гаррос жарысының ширек финалына 2010 жылы шық­қан болатын. Содан бері жарақат­тар­ды көп алуына байланысты көп­теген турнирлерде жолы болмай жүрді.

Осы турнирде тағы бір қазақстандық теннисші Галина Воскобоева микст бойынша ширек финалға шықты. Ол итальян Даниел Брачиаллемен бір жұпта аргентиналық Гиселуа Дулко мен Эдуардо Шванкты ұтты. Есеп – 6:4, 7:5.