Сенбі, 9 маусым 2012 8:15
Польша және Украинада биыл футболдан ХІV Еуропа чемпионаты жалау көтерді
Биылғы чемпионатқа А, В, С, D топтарына бөлінген 16 команда қатысуда. Командалардың ойындары Польшаның Варшава, Вроцлав, Гданьск, Познань және Украинаның Киев, Харьков, Львов, Донецк қалаларында өтеді. Алғаш рет 1960 жылы Францияда ұйымдастырылған Еуропа чемпионаты жер жүзінің миллиардтаған халқының жаз айларында аса қызыға тамашалайтын сүйікті жарыстарының біріне айналып отыр.
Сенбі, 9 маусым 2012 8:15
Польша және Украинада биыл футболдан ХІV Еуропа чемпионаты жалау көтерді
Биылғы чемпионатқа А, В, С, D топтарына бөлінген 16 команда қатысуда. Командалардың ойындары Польшаның Варшава, Вроцлав, Гданьск, Познань және Украинаның Киев, Харьков, Львов, Донецк қалаларында өтеді. Алғаш рет 1960 жылы Францияда ұйымдастырылған Еуропа чемпионаты жер жүзінің миллиардтаған халқының жаз айларында аса қызыға тамашалайтын сүйікті жарыстарының біріне айналып отыр. Ал сол кездегі алғашқы чемпионатта Кеңес Одағы құрамасы топ жарса, одан кейінгі бәсекелерде Германия футболшылары үш мәрте (1972, 1980, 1996) бас жүлдені жеңіп алды. Испания (1964, 2008) мен Франция (1984, 2000) екі реттен чемпиондық тұғырға көтерілді. Сондай-ақ. Италия (1968), Чехословакия (1976), Голландия (1988), Дания (1992) және Грекия (2004) құрамалары бір реттен чемпион атанды.
Осы жолғы чемпионатта қай құраманың жұлдызы жанатынын қазір дөп басып айту қиын. Біздің білетініміз – іріктеу жарыстарында топ жарғандар бір-біріне оңайлықпен беріспейді. Демек, әр кездесудің жанкүйерлерге қуаныш сыйлайтыны анық.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».