Жұма, 29 маусым 2012 6:45
Кеше Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттік 3 шілде күні Астанада ХХХ Жазғы Олимпия ойындарына жолдама алған Олимпиада және Паралимпиада ұлттық құрамаларының қатысуымен мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына арналған мерекелік шараның өтетінін хабарлады.
Акцияға алдағы төрт жылдық сайыстарына жолдама алған спортшылар, спорт ардагерлері, жанкүйерлер қатысады.

Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Талғат Ермегияев пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың төрағасы Өмірзақ Шөкеев құттықтау сөз сөйлейді.
Қор – Лондонда өтетін ХХХ Жазғы Олимпия және ХІV Паралимпия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының ресми әріптесі.
Акция барысында Олимпиада спортшылары ант береді. Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Т.Ермегияев спортшыларға Қазақстан ұлттық құрамасы мүшесінің куәлігі мен белгісін табыстайды.
Мерекеге ең мықты спорттық ұжымдар мен эстрада жұлдыздары қатысады. Жанкүйерлерге арнайы жазылған әнұранды Ескендір мен Біржан Хасанғалиевтер (авторлары) және Мәдина Садуақасова, Әлішер Кәрімов орындайды.
Осыған байланысты Спорт және дене тәрибесі істері жөніндегі агенттік Олимпия ойындарына аттанатын спортшыларымызға қолдау көрсету мақсатында спортқа жанашырлық танытатын барлық азаматтарды салтанатты акцияға қатысуға шақырады.
Акция 3 шілде күні сағат 15.00-де «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.
Гүлдана ДАЛЕ,
ЕҰУ студенті.