• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Шілде, 2012

Алғашқы ойындар айшығы

355 рет
көрсетілді

Алғашқы ойындар айшығы

Сенбі, 7 шілде 2012 7:29

Бейсенбі күні футболдан Еуропа лигасының іріктеу турнирі басталды. Осы турнирге биыл қатысып жатқан үш қазақстандық команданың бәрі алғаш­қы ойындарын сырт алаңдарда өткізді.

Бұл ойындарда биыл алғаш рет Еуропа лигасының іріктеу сынына қатысып отырған Шымкенттің «Ордабасы» командасы Сербияның «Ягодина» клубын 1:0 есебімен ұтса, Еуропа лигасының алаңдарында талай рет ойнап, тәжірибе жинаған «Ақтөбе» Грузияның «Торпедосымен» тең түсті. Есеп – 1:1. Ал былтырғы ел чемпионы – Талдықорғанның «Жетісу» клубы болса, Польшаның «Лех» командасынан 2:0 есебімен жеңіліп қалды.

«Ордабасының» ойынында сене­галдық шабуылшы Мансур Гуйе кез­десудің 85-ші минутында гол соғып, командасына жеңіс әкелді. Сөйтіп, шымкенттік ұжым енді өз алаңындағы қарымта кездесуде екі доп айырма­шылығымен жеңілмесе, келесі айна­лым­ға шығады.

«Ақтөбенің» жағдайы да сондай. Бұл кездесуде алғашқы болып есепті алаң иелері ашқан. «Ақтөбе» ойын­ның бітуіне 8 минут қалғанда есепті теңестіріп кетті. Голды Ресейдің «Алания» командасынан ауысып келген өзбек легионері Марат Бикмаев соқты. Енді «Ақтөбе» өз алаңында грузиялық командадан жеңіліп қалмаса немесе ірі есеппен тең түспесе болды. Тіпті 0:0 есебімен тең түссе де, сыртта салған добы арқылы келесі кезеңге өтеді.

Ал еліміздің былтырғы чемпионы «Жетісуға», айтары жоқ, жеребе жолдас болмады. Польшаның «Лех» командасы – бұрыннан бері Еуропа алаңдарында ойнаған тәжірибелі ұжым. Бір өкініштісі, осы ойында «Жетісу» 60-шы минутқа дейін алаң иелеріне лайықты қарсылық көрсет­кен-тін. Тек матчтың 61 және 65-ші минуттарында 2 доп жіберіп алды. Енді «Жетісудың» келесі ойында поляктардың да сағын сындыруға тырысуы керек.

Келесі ойындар бір аптадан кейін өтеді.

Дастан КЕНЖАЛИН,         

«Егемен Қазақстан».