• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2012

«Азия балалары»: Жеті алтын жүлде

356 рет
көрсетілді

«Азия балалары»: Жеті алтын жүлде

Сәрсенбі, 11 шілде 2012 7:18

Осы күндері Саха РеспубликасыныңЯкутск, Мирный және Нерюнгриқалаларында «Азия балалары» аттыV халықаралық спорттық ойындарөтуде. Оған 27 елден келген 2000спортшы бақ сынасуда. Қазақстаннанбарған 80 жас спортшы жарысбағдарламасындағы 20 ойын түрінің 15-іне қатысуда.Ойындар 15 шілдеге дейін жалғасады.

 

Сәрсенбі, 11 шілде 2012 7:18

Осы күндері Саха РеспубликасыныңЯкутск, Мирный және Нерюнгриқалаларында «Азия балалары» аттыV халықаралық спорттық ойындарөтуде. Оған 27 елден келген 2000спортшы бақ сынасуда. Қазақстаннанбарған 80 жас спортшы жарысбағдарламасындағы 20 ойын түрінің 15-іне қатысуда.Ойындар 15 шілдеге дейін жалғасады.

Қазақстан делегациясы 140 жолаушымен 4 шілде күні таңда Алматы-Абакан-Якутск чартерлік сапарымен ұшып келді. Қазақ­стандықтарды қалыптасқан дәс­түр бойынша ән-би, нан-тұзбен және қымызбен қарсы алды.

Саха Республикасында 500-ден аса қазақ диаспорасы тұрады екен, олар ұлттық дәстүрді ұста­нады. Қымызды да дайындаған осы қандастарымыз болса керек. Қазақ диаспорасы әрқашан біздің спортшыларды қолдауда белсен­ділік танытады. Осы төрт жыл­дықтағы ойындардан да олар тысқары қалған емес.

Сайыстың бірінші күнін самбо күресі бастады. Бұл бастау елімізден барған делегация үшін таңғаларлық  жаңалыққа толы болды: 3 самбошының үшеуі де финалға жолдама алды. Қуаныш иелері – 42 кг. салмақ­тағы Сұңғат Жұбатқан, 48 кг. салмақтағы Парасат Жұмабай және 56 кг. салмақ дәрежесі бойынша Серікбай Нығмет.

Қазақстан құрамасы жан­күйерлері «Қазақстан! Қазақ­стан!» деген ұранмен залды гу­летті. Біздікілер осы сенімді ақ­тай алды. Бірінші болып Сұңғат Жұбатқан алаңға шықты. Оның қарсыласы Қорған қаласының (Ресей) өкілі Савелий Плеханов. Ол да осал емес. Дегенмен, жеңіс отандасымызға бұйырды. Сәл ғана басымдықпен белдесуді Сұң­ғат Жұбатқан жеңді. Ол – Қазақстан Республикасынан бар­ған V «Азия балалары» ХСО-ның алғашқы жеңімпазы.

Келесі болып сайыс алаңына бет алған 48 кг. салмақ дәреже­сіндегі қазақстандық Парасат Жұмабай Алтай өңірінен келген Амыр Чадинмен күш сынасты. Алайда, сәттілік Ресей спортшы­сының жағында болды. Үшінші болып «Жеңіске 50 жыл» спорт сарайының жарыс алаңына сал­мақтары 56 килодан аспайтын самбошылар шықты. Осы ойында жерлесіміз Серікбай Нығметке Ресей Федерациясының Свердлов облысынан келген Евгений Новоселовпен бәсекеге түсу бұйы­рыпты. Десек те, біздің Серік­бай ауыртпа тәсілмен еш қиындықсыз қарсыласын жеңіп, алтынды мойнына ілді. Жалпы, ойында самбо бойынша 11 команда бақ сынасты.

Сонымен, ойынның алғашқы күнінде-ақ біздің құраманың ен­шісіне 2 алтын, 1 күміс медаль бұйырды. Қазақстандық делегация үшін бұл құтты бастама! 2008 жылы өткен жарыста біздің құрама жалпыкомандалық екінші орын алған болатын.

Ал арғы күні еркін күрестен Нұржан Сейітжанов чемпион атан­ды. Нұржан финалда иран балуанын тізерлетті. Сонымен қатар, қыздар күресінде Марина Седнева күміс медальға ие  болды.

Биыл Ойындардың бағдарла­ма­сына тұңғыш рет енген пауэрлифтинг спортынан павло­дарлық  Игорь Борингин күміс жүлдені иеленді. Көркем гим­нас­тикадан көпсайыс қорытын­дысы бойынша Әлия Әсемова қола жүлдегер атанды. Бұдан басқа спортшыларымыз тағы төрт алтын, бір күміс, төрт қола жүлде иеленді.

Жалпы, командалық есепте Қа­зақстанның балғын спортшылары жарыс қожайындары Саха Респуб­ликасына ғана жол беріп, екінші орында тұр. Қазақстан құрамасы­ның қоржынында 7 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль бар.

Осы жерде айтатын нәрсе, 2009 жылы осы сында алтын жүлде алған қазақстандық таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев биыл Лондон Олимпиадасында өнер көрсетеді. Демек, «Азия бала­ларын» балғын спортшыларды жеңіске жетелейтін турнир деуге болады.

Техникалық қорытынды жө­нінде мына сайттар бойынша ақпарат ала аласыздар: www.gamesasia.ru және www.yakutsk2012.ru

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».