• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Шілде, 2012

Жетісудың қос қарлығашы Айман, Шолпан Қожахметовалар Лондонда бақ сынайды

377 рет
көрсетілді

Жетісудың қос қарлығашы Айман, Шолпан Қожахметовалар Лондонда бақ сынайды

Сенбі, 14 шілде 2012 6:44

«Спорт – денсаулық кепілі» деген сөзді   саналарына сіңіріп,   саламатты өмір салтын берік ұстанған Айман, Шолпан Қожахметовалар   10 жасқа толғанда жүзумен айналысып, жасөспірімдер арасында  өткен Қазақстан чемпионатында 1-орынды жеңіп алған еді.  Еліктің лағындай сүйкімді егіз қызға жерлестері дән разы болып,  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген  осы шығар деп  үлкен үміт артатын. Ел үміті ақталды. Жетісудың қос қарлығашы топ жарып шықты. Бүгінде есімдері әлемдік спортта құрметпен аталады.

Айман мен Шолпан Қожах­ме­товалар 1991 жылы 23 сәуірде Талдықорғанда дүниеге келді. Айман жеңіл атлетикадан Қазақ­стан Республикасының халық­ара­лық дәрежедегі спорт шебері. 2010 жылы  Вьетнамда, 2011 жылы Жапонияда өткен Азия чем­пионаттарында  қола ме­даль­­дар­дың иегері атанды. Сочи қала­сын­да өткен Ресейдің лицен­зия­лық ашық чемпионатында ХХХ  Жазғы Олимпия ойындарына жол­дама жеңіп алды. Ал Шолпан жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ел  чемпионатының жеңімпазы. Мәскеу қаласында өткен Ре­сейдің лицензиялық ашық чемпионатында ХХХ  Жазғы Олимпия ойындарына жолдама жеңіп алды. Айман, Шолпан Қожах­ме­то­валар – Қазақстан Республика­сы­ның 5 және 10 шақырымға спорттық жүрістен рекордын жа­ңартқан жүйріктер.

«Егіз қыздарымның Олим­пиа­даға барғанының өзі үлкен қуаныш.  Әлемдік доданың нәти­жесін әзірге бір Алла ғана біледі. Жолдары болсын балаларым­ның. Әке-шешесі спортшы бол­ған соң өзіміз шыға алмаған шыңдарға балаларымыз шықса екен деген үмітпен олардың спортпен айналысуына  қолы­мыз­дан кел­ге­нін­ше барлық мүм­кін­дікті жасадық. Қос қарлы­ға­шым бүгінде Прагада  жатты­ғу­ла­рын жалғастыруда. Сағын­дық», дейді егіз  қыздардың  әкесі, самбодан Қазақстан Рес­пуб­ликасының спорт шебері Болат Қожахметов.

Қорыта айтқанда, биылғы жылдың 11 тамызында Ұлы­бри­та­ниядағы Жазғы Олимпиадада 20 шақырымға спорттық жүріс­тен бәсекеге түсетін Айман, Шол­пан атты егіз қызға жетісу­лықтар зор сенім артып отыр.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.