• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2010

АҚПАРАТТЫҚ ТОПТЫҢ АҚЖОЛТАЙ САПАРЫ

745 рет
көрсетілді

Ақмола өңіріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты ел халқына Жолдауының негізгі қағидаттарын насихаттау және түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері келді. Ішкі істер министрі, топ жетекшісі Серік Баймағамбетов, оның сапарластары – Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, “Ұйғырлардың республикалық мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахмеджан Шардинов өңір тұрғындарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен, студент жастармен танымдық кездесулер өткізіп, жұртшылықты өтініштері бойынша қабылдады. КӨКШЕТАУ. Алдымен Шортанды аудандық ішкі істер бөлімінде болған С.Баймағамбетов облыс орталығындағы учаскелік инспекторлардың базалық тірек пункттерінің, жедел басқару және кинологиялық орталықтарының жұмыс­тары­мен танысты. Одан кейін облыстық ішкі істер департаментінің құрылым бас­шыларымен кеңейтілген мәжіліс өт­кізілді. Министр облыстық департамент бастығы, полиция полковнигі Тілеген Мәткеновтің Елбасы Жолдауындағы тап­сырмаларды жүзеге асыруға байла­нысты қолға алынған шаралар туралы есебін тыңдады. Жолдаудың айрықша маңызды және реформалық сипаты барлығын атап көр­сеткен республикалық топтың жетекшісі С.Баймағамбетов құқық қорғау орган­дары­на қатаң талаптар қойылатынын еске салды. Ішкі істер құрылымдары қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан көп мәселелер туындауда. Адам құқығы мен мемлекет мүддесінің қатар қорғалуы қажет. Адамдарға жа­қындау – сенім қалыптастырудың тура жолы. Қылмыс атаулымен жұмыла кү­ресу, қоғамдық күштерді тиімді пайда­лану, оларға көмек-қолдау көрсету үнемі назарда ұсталатын болады. С.Байма­ғам­бетов құқықтық реформаның бір саласы – медициналық айықтырғыш, кәмелет­ке толмағандарды уақытша оқшаулау сияқты құрылымдардың әкімшілік құзыретін өзгерту екендігіне тоқталды. Ендігі жерде олар Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінің қарауына көшуі тиіс. СТЕПНОГОР. Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Көкшетаудағы “Нұр Отан” ХДП ғима­ратында, Ш.Уәлиханов атындағы мем­лекеттік университетте, “Бурабай” спорт сарайы ұжымында кездесу өткізген соң Степногор қаласында болды. Ақпараттық топ мүшесі осындағы “Под­щипник зауыты” АҚ-тың өнді­рістік қызметімен танысып, жұмысшы-қызметшілер алдында Елбасы Жол­дауынан туындайтын міндеттер туралы сөз сөйледі. Халықаралық сапа және менеджмент жүйесімен жұмыс істейтін кәсіпорын Еуропа подщипник корпо­ра­циясының (ЕПК) құрамына енген. Мұнда темір жол саласына қажетті под­щип­никтің 12 түрі, қосалқы бөлшек­тердің 154 түрі дайындалады. Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, зауыт жаңа жобаларды табысты игеруде. Мәселен, ұжым радиалдық подщип­ник­тер дайындауға бағытталған инвести­ция­лық жобаны толық аяқтау арқылы қазірдің өзінде әріптестеріне 150 мил­лион теңгенің 13 түрлі өнімін жөнелтті. “Алтын сапа” белгісінің иегерлері Жолдау талаптарына сай ізденісті өрістете беретініне сендірді. Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балалардың облыстық мектеп-интернаты қонақты құшақ жая қарсы алды. Вице-министр білікті маман Абай Темірбаевтың басшылығындағы ұжым­ның табыстарына ризалық білдірді. Мектеп өзі құрылған 10 жыл ішінде спорттың олимпиадалық он түрінің қанат жаюына мүмкіндік ашып отыр. Қол жеткен нәтижелер де көңіл өсі­рерліктей. Әңгімені ұзартпай, мынадай әдемі бір көріністі сіздерге жеткізгіміз келеді. Қайырбек Айтбайұлын Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, “Парасат” орденінің иегері Ирина Некрасова жөргектегі бөбегі Назармен бірге қарсы алды. Жоғары дәрежелі спорт шенеунігі болашақ олимпиа­да­шыға батасын беріп, көрімдік ретінде сый-сауға ұсынды. Мәжілісханада Елбасының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауын талқылаған кеңес болды. Онда қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айкерім Айқожина, тәрбиеші Қарлығаш Архи­пова, дәрігер Елена Девочкина өз пікірлерін білдірді. АТБАСАР. Республикалық ақпарат­тық-насихаттық топтың мүшесі, “Ұйғыр­лар­дың республикалық мәдени орта­лығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахметжан Шардинов аудандағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, Макеев, Новосельск, Сочин ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздесті. Аудан активінің жиналысына қа­тысқан А.Шардинов мемлекетіміздің таяу онжылдықтағы даму бағыттарын айқындаған Жолдаудың мәні мен маңызы жөнінде тиянақты түсінік берді. “Елімізде әлемдік қаржы дағдарысынан шығу ғана емес, дағдарыстан кейінгі ұлан-ғайыр істер кешенін жүзеге асыру міндеті қойылып отыр. Мұнда Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығы, ел ішіндегі жарастық пен тұрақтылық ше­шуші тұтқа болатыны айқын. Сіздердің көп этносты аудандарыңызда өзара түсі­ністіктің үлгі алар тәжірибесі қалып­тасқан екен. Жолымыз әрдайым оң болсын”, – деді ол. Индустрия және сауда министрлі­гі­нің жергілікті құрылым және техникалық саясат департаменті директорының орын­­басары Серік Рақымов, Атбасар ауда­нының әкімі Руслан Әубәкіров, жөн­­деу-механикалық зауытының дирек­то­ры Сағат Рақышев отандық тауар өн­ді­руді молайту, кәсіпкерлікті қолдау, Ке­дендік одақ туралы пікірлерімен бөлісті. Республикалық ақпараттық-насихат тобының өзге де мүшелері облыстың барлық аудандарында кездесулер өткізді. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.