• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2010

КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

1083 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Ақсу ауданындағы “Қызылағаш” су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады  Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. “Адам өліміне әкеліп соққан Алматы облысының Ақсу ауданындағы “Қызылағаш” су қоймасында орын алған апат туралы хабарды қайғыра қабыл алдым. Қа­зақ­стан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың туғандары мен жақын туыстарына, сон­дай-ақ апат салдарынан зардап шеккендердің барлы­ғы­на қайғырып көңіл айтамын”, делінген көңіл айту жеделхатында. Президенттің тапсырмасы бойынша апаттың орын алу себебі мен оның салдарларын жою және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету үшін үкіметтік комиссия құрылды.