• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2010

ЕУРОПАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНЕ ЖОЛ АШЫЛДЫ

1347 рет
көрсетілді

Қазір әлемдік білім беру ке­ңіс­тігі жеке-дара қалуды қаламайды. Сондықтан да болар, әлемдегі 46 мемлекеттің Болон процесіне бірі­гіп отырғаны. Біз де осы үдерістен шығу үшін, яғни әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылған едік. Күні кеше ғана Будапешт пен Вена қалаларында Еуропа білім министрлері бас қосқан ІІ фо­рум­да Болон процесі мен халық­ара­лық Лиссабон ынтымақтастығына қосылуға қол жеткіздік. Бұл ел өмі­ріндегі елеулі оқиға деуге тұ­ра­ды. Соның нәтижесінде жоғары білім берудің еуропалық үлгісіне енетін боламыз. Қазақстандық жоғары мектептің әлемдік білім кеңістігімен бұлай үйлесуі ұлттық экономика үшін маман даярлауға кең жол ашып қана қоймайды, кадр сапасын арттыруға да ерекше септігін тигізеді. Сол секілді білім беру кеңістігіндегі ұстанымы­мыз­ды нығайтуға да мүмкіндік береді. Отанымыз еуропалық білім беру кеңістігіне ену арқылы әлемдік білім беру үдерісіне жақындауға да қадам жасалады. Ал осы игілікті шара Қазақ елі­нің жоғары білім беруіне қандай жақсылықтар әкеледі деген сау­ал­ға тоқталар болсақ, Болон про­це­сіне қосылу арқылы, біріншіден, отандық білім беру бағдарлама­ла­рын және оқу жоспарларын еуро­па­лық стандарттарға сәйкестен­ді­ру­ге, екіншіден, біліктілікті артты­рып, академиялық дәрежелерді тануға, үшіншіден, қазақстандық жоғары оқу орындары берген дипломдардың Еуропа өңірінде жарамдылығы және кадрлары­мыз­дың кез келген елде жұмысқа тұ­руы­на құқылы болуына, төртін­шіден, оқытушы-профессорлары­мыз­дың деңгей дәрежесін шетел­дік­­терге танытуға, бесіншіден сту­денттер мен оқытушылардың ака­де­миялық ұтқырлығын қамтама­сыз етуге, алтыншыдан, екі дип­лом­ды білім беру бағдарламасын іске асыруға мол мүмкіндік туады деп жауап беруге негіз бар. Әлемдегі жоғары білім беру ісінде кредиттік технология бой­ын­ша оқыту кең қанат жайған. Ендігі жерде бұл іс те елімізде өз шешімін табады. Жоғары оқу ор­нын бітірушілерге шетелдік үлгіге сай дипломның қосымшасын бе­ру­ді, халықаралық еңбек нарығы­ның талаптарына сәйкес олардың жұмысқа қабылдануына кепілдік жасауды қамтамасыз ету қарасты­ры­лып отыр. Болон декларация­сы­ның тағы бір маңыздылығы сол – кредиттік технология бойынша сынақтық бірлік жүйесін енгізу, яғни академиялық кредиттерді қа­лыптастыру. Жоғарыда айтқаным­дай, елімізде соңғы жылдары бұл қадам біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Болон процесіне қосылғанға дейін елімізде көптеген жұмыстар атқарылды. Білім құрылымы мен мазмұны жан-жақты қаралып, дек­ларацияның принциптеріне сәй­кестендірілді. Кадр дайын­даудың үш сатысы, нақтылай түс­сем, бакалавр – магистр – PhD бірте-бірте орнығып келеді. Білім беру процесі субъектілерінің ака­де­миялық еркіндік шекаралары ке­ңей­тілді. Соның нәтижесінде білім беру мәдениеті қалыптасу үстінде. Тағы бір айтарым, 2009 жылғы сәуір айында Лувен (Бельгия) универ­си­те­тінің базасында Болон процесіне қатысушы елдердің білім министр­лерінің форумы өткен болатын. Осы шараға Қазақстан мемлекеті алғаш рет қатысып, білім беру саласында ынтымақтастық орнату мәселесін қозғаған еді. Сол секілді Отанымыздың Лиссабон конвен­циясына қол қоюы, конвенция аясында Еуропа мемлекеттері қа­былдаған бірнеше қорытынды құжаттарға сүйеніп біздің де біраз жұмыстарды тиянақты жүргізуге мүмкіндігіміз болады. Халықаралық білім беру про­це­сіне қосылғаннан кейінгі жерде талаптың күшейетіні белгілі. Мұ­ның ең бастысы, Отанымыздағы жоғары оқу орындарының халық­ара­лық аккредитациядан өтуі дер едік. Мұндай жағдайда Елбасы айтқан халықаралық рейтингке ену жүзеге асатын болады. Сол ар­қылы дүниежүзілік білім кеңісті­гінде тек танылып қана қоймай, өз орнымызды аламыз. Бүгінгі күні қазақстандық үш жоғары оқу орны шетелдік аккредитациялық агент­тік­тердің мамандандырылған сарап­тауынан жақсы өтті. Сондай-ақ Қазақ бас сәулет-құрылыс ака­демиясы сәулет мамандығы бой­ын­ша МСА-ЮНЕСКО-ның ак­кре­дитациялық агенттігінің талап­та­рына толық жауап беріп, үдеден шыға білді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жеті білім беру бағдарламасы шең­берінде шетелдік ASІІN (Герма­ния) аккредитациялық агенттігінен жоғары баға алса, Қазақстан-Британ техникалық университеті британдық мамандандырылған теңіз инжинирингі, ғылым және технологиялар институтынан инженерлік бағдарлама бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Өткен жылы ұлттық университет­тері­міздің 10 білім беру бағ­дар­ла­ма­лары мамандандырылған халық­аралық аккредитациядан өткізіле бастады. Бұл жұмыс Президент Нұрсұл­тан Назарбаев ұйытқы болып отырған “Еуропаға жол” мемле­кет­тік бағдарламасына сәйкес ат­қарылып жатқанын да назарға сала кетсем деймін. Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Білім және ғылым министрі.