• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2010

ЖАНДАНДЫРУ ЖАЙЫ СӨЗ БОЛДЫ

639 рет
көрсетілді

Сенаттың Халықаралық қаты­настар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төраға­сы Қуаныш Сұлтановтың Сло­вакия Сыртқы істер министрлігі саяси секциясының бас дирек­торы Игорь Слобод­никпен кездесуінде Қазақстан мен Словакия қарым-қатынасын жан­дандыру, сондай-ақ парла­мент­аралық деңгейдегі ынты­мақтас­тықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Екіжақты қатынастарды одан әрі белсенділендірудің маңызды­лы­ғын атап өте келіп, Қ.Сұлтанов пар­ламентаралық үнқатысуды одан әрі терең­детуді жақтайтынын айтты. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төра­ғалық ету бағдарламасына қатысты сенатор оның Парла­менттік Ас­самблеясы 2010 жы­лы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу жө­ніндегі еліміздің бастамаларын жүзеге асыруға күш салуы, он­дағы негізгі тақырыптар­дың бірі Ауғанстандағы жағдай болуы тиіс екенін айтты. Қ.Сұлтанов сондай-ақ үстіміздегі жылғы мамыр айында Алматыда “ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өл­шемі” Тран­сазиялық парла­мент­­шілер жиыны өтетінін хабарлады. И.Слободник Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші ел­дердің бірі ретіндегі жетістік­терін жоғары бағалай келіп, екі ел арасындағы ынтымақтас­тықты одан әрі дамыту жайын­да айтты. Дипломат сондай-ақ екіжақты қатынас­тарды ны­ғайтудағы парла­мент­аралық байланыстардың рөлін атап өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сена­тының баспасөз қызметі.