Петропавл-Астана автожолының 66-шы шақырымында “Ман”, “Хюндай” және “Ауди” көліктерінің соқтығысуы салдарынан бес адам көз жұмды. Бір адам ауруханаға жеткізілді.
Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлерінің ақпаратына қарағанда, “Хюндай” көлігінің жүргізушісі жол жүру ережесін өрескел бұзып, қарсы беттегі “Ауди” көлігіне соқтығысқан.
Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.