Сергей Александрович ДЬЯЧЕНКО
1952 жылы туған. Куйбышев жоспарлау институтын, Алматы жоғары партия мектебін тәмамдаған. Саяси ғылымдар докторы, профессор. Институтты бітіргеннен кейін Ресейдің Пенза облысындағы Кузнецк жабдықтар мен конденсаттар зауытында инженер-экономист болып жұмыс істеді. Кейін Целиноград облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды, республиканың Жастар ісі, дене тәрбиесі және спорт жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Туризм, дене тәрбиесі және спорт министрінің орынбасары болды. 1993-1999 жылдары қоғамдық ұйымдарда еңбек етті. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары болып сайланған. Соңғы кезде – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс Төрағасының орынбасары.
•
16 Наурыз, 2010
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
531 рет
көрсетілді