Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы” Заңға қол қойды.
* * *
Мемлекет басшысы табиғи монополиялар субъектілері мен реттелетін нарықтарға қатысты тариф (баға) саясатын жетілдіруге, олардың қызметінің тиімділігін арттыруды ынталандыруға, олардың көрсететін қызмет сапасын, реттелетін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған “Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы” Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.