• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2010

МҮДДЕЛЕСТІК ТАНЫТЫЛДЫ

494 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоглумен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Тараптар Қазақстан Пар­ламенті мен ЕКПА арасындағы өріс­теп келе жатқан өзара іс-қи­мыл үдеріс­те­рін қанағаттан­ған­дықпен атап өтіп, екі институт ара­сындағы ынты­мақтастықтың өзара түсіністік пен сенім тұр­ғы­сында дамып келе жатқанына тоқталды. “Біз ЕКПА-ны еуропалық кеңістіктегі маңызды саяси әріптес ретінде қарастырамыз. Қазақстан Парламентінің депутат­тары өздері­нің еуропалық әріп­тес­терімен ха­лық­аралық саясаттың ауқымды са­ла­лары бойынша сындарлы үнқа­ты­суды дамытуға мүдделі”, – деді Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасы Қа­зақ­стан Парла­мен­ті­нің атынан Ассам­блея жұмысында біз­дің елімізге тұрақты түрде қол­дау білдіргені үшін ризашылық біл­дірді. “Сіз Парламенттік Ассамблея жоспарлары мен шараларын жү­зеге асыру барысында қазақ­стан­дық та­раптың жан-жақты кө­ме­гіне сенім арта аласыздар”, – деді Қ.Тоқаев. Қа­зақстан Сенатының Төрағасы ЕКПА төрағасын ЕҚЫҰ-ға Қазақ­стан­ның төраға­лық етуіне байла­ныс­ты шара­ларды әзірлеу мен өт­кі­зуге бай­ланысты Қазақстан Пар­ла­ментінің жұмыстарынан хабардар етті. Атап айтқанда, ол үстіміздегі жылы мамырда Алматыда “ЕҚЫҰ-ның еуразия­лық өл­шемі” Тран­­с­азия­лық пар­ла­ментшілер жиыны өте­тіні туралы мәлімдеп, М.Чавуш­оглуды осы шараға қатысуға шақырды. Кездесу соңында тараптар Қа­зақ­­стан мен Еуропа Кеңесі ара­сын­­да­ғы парламентаралық ын­ты­мақ­тастықты қарқынды дамыту саяси үн­­қатысу мен түрлі саладағы эко­­но­микалық өзара іс-қимылды ны­ғайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.