“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы Алматы облысының “Қызылағаш” су қоймасында болған апаттан зардап шеккендерге көмектесу үшін партия қызметкерлерінің бір күндік еңбекақыларын аудару туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, партия барлық нұротандықтарды төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетуге шақырды.
“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Саяси кеңесі Алматы облысының “Қызылағаш” су қоймасында болған апаттан қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасады, деп хабарлады аталған партияның баспасөз қызметі.