• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Сәуір, 2019

Шри-Ланкада жарылыс болып, 160 адам қаза тапты

535 рет
көрсетілді

Шри-Ланкада шіркеу мен қонақ үйде жарылыс болды. Жергілікті News 1st телеарнасының мәліметінше, қаза тапқандар саны 160-тан асқан, ал 360 адам зардап шеккен.

Католиктер шіркеуінде пасха мерекесін тойлау кезінде және Коломбо қонақ үйінде және елдің басқа да бөліктерінде алты жарылыс болды. Жергілікті News 1st телеарнасының мәліметінше, қаза тапқандар саны 160-тан асқан, ал 360 адам зардап шеккен. Шри-Ланка үкіметі жедел отырыс жасады.  Шри-Ланка премьер-министрі Ранил Викрамасингхе шіркеу мен қонақ үйге шабуылды айыптады.  

Жарылыстан кейін Шри-Ланкадағы Коломбо әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. «SriLankan Airlines Коломбо Bandaranaike (BIA) халықаралық әуежайынан ұшып шығатын барлық әуе желілерінің жолаушыларын осы таңертең елде болған оқиғадан кейін күшейтілген қауіпсіздік шараларына байланысты ұшудан төрт сағат бұрын әуежайға келуді сұрайды» деп жазды әуекомпаниясы Twitter желісінде.