• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2019

Өткен жылы Қостанайда 3 мың тонна медицина қалдықтарының көзі жойылды

514 рет
көрсетілді

Бұл туралы жақында «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстағы медицина ұйымдарының 2019 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындылары және саланы дамытудың стратегиялық бағыттары туралы» деген тақырыпта өткен облыс әкімдігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

Негізі облыс өңірінде медицина қалдықтарын жою мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. 2018 жылы емханалар мен ауруханаларда қордаланып қалып, жойылған 3 мың тонна қалдықтың 19,2 проценті «Б» (қауіпті) класынан болса, аса қауіпті саналатын 3 проценті «В» класына жатады.

Ең алдымен медициналық қалдықтарға қатысты өзектілік ауылдық жерлерде орналасқан емдеу мекемелеріне қатысты. Келісім шарттар облыс орталығындағы мекемелермен жасалады, ал ауылдардың қалаға ұзақтығы 100 шақырымнан 400 шақырым аралығында болады. Сондықтан медициналық қалдықтар ауылдағы емдеу мекемелерінде ұзақ сақталады. Оның қауіптілігі сейілмейді. Мысалы, 2019 жылдың І тоқсанында облыста медициналық көмек көрсеткеннен кейін жұққан 3 жұқпалы ауру тіркелген.

Облыс өңірінде жұқпалы эпидемиялық аурулардың алдын алу шаралары өткізіледі. Жұқпалы аурулар өткен жылы әр 100 мың адамға шаққанда 266,9 келді. Ал биылғы жылдың бірінші тоқсанында қызылша ауруының өршуіне байланысты бұл көрсеткіш 86 болды.

Қостанай