• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Руханият 22 Сәуір, 2019

Жарқын бейнелер

652 рет
көрсетілді

Алматының орталық көшелеріндегі сылдырап аққан арықтарды бой­лай өскен тал-терек­тердің тасасында қо­ныс тепкен Мұхтар Әуе­зовтің музей-үйіне 1970 жылдың басында әр аптаның жұмасы күнгі кешінде әдебиет пен өнерсүйер қауым бір атаның баласындай болып бас қоса қалатын.

Осынау бір жан се­мір­тер естелік әңгіме-дас­танның тіз­гінін ұстап, ұйытқы бол­ған көрнекті фи­лолог-ғалым аға Рах­манқұл Бердібаев Шара апайдан әрірек тұрған жас ғалымдар мен талапты студенттердің білімді де білікті азамат бо­лып толысуына зор үлес қос­қанын атап өткен жөн.

Қазақ әдебиеті мен өнерінің «сыр санды­ғын» ашып, егіле жырлайтын асыл текті аға, апалар бей­несін осы суреттен сүй­сініп кө­реміз. Олар оң­нан солға қарай: Ба­қыт­­жан Байқадамов, Ға­ри­фол­ла Құр­ман­ға­лиев, Ша­ра Жиен­құ­лова, Қасым Тоғұза­қов, Жүсіпбек Еле­беков, Қа­на­бек Байсейітов.

Қажы ҚОРҒАНҰЛЫ,

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері