• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2019

Қарағандыда Президенттік институттың 30 жылдығына арналған конференция өтті

428 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасындағы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жиынды ашқан ҚарМУ-дың ректоры Азамат Едрисов  Президенттік институттың тарихына тоқталып, оның еліміз үшін күрделі саяси және экономикалық жағдайда дамығанын атап өтті.

– 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Президент лауазымын тағайындау туралы» заңды қабылдады. Сол кезде Қазақстанда түбегейлі өзгерістердің мықты тұлғасыз және тиімді басқару институтынсыз іске асуы мүмкін емес еді, деді ол.

Сонымен қатар, ректор қазіргі уақытта президенттік басқару нысаны біртіндеп түрлене отырып, Парламенттің және биліктің басқа да тармақтарының өкілеттіктерін күшейтуге бағыт алғанын атап өтті. «9 маусымға белгіленген президенттік сайлау елімізде басталған демократиялық реформалардың жалғасуын көрсетеді», деді А.Едрисов.

Конференцияға қатысушылар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамашы болған және жүзеге асырған орасан зор өзгерістердің  Қазақстанды бүкіл әлемге танымал және Орталық Азия аумағының көшбасшысы болғанын қамтамасыз еткенін атап өтті.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Egemen Qazaqstan»