• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2019

«Нұр-Сұлтан – таза әрі қауіпсіз қала» жалпықалалық акциясы жалғасуда

435 рет
көрсетілді

Екі айлық тазалық жұмыстарының аясында (26 наурыз бен 26 мамыр аралығы) қаланы көгалдандыру, абаттандыру және тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акция басынан елордалық кәсіпорындар, ПИК пен коммуналдық қызметтері қалдықтардың 1299 тоннасы қала сыртына шығарған. 

Экологиялық науқанға қызмет көрсетуші 150-ден астам ұйым қатысады деп күтілуде. Жоспарға сәйкес шара аясында 25 үйдің кірер топтары жөнделеді, 41 үйдің турникеттері, 68 ауладағы шағын сәулет нысандары боялады, 32 ауладағы жиектастар ақталып, 78 үйдің қасбетіндегі хабарландырулар мен жазулар жойылады. 

Бұдан бөлек, шаһарда «Біз таза елорда үшін» атты жалпықалалық екі сенбілік өткізілмек.