65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Саятбек Оқасов финалды үндістандық Баджранг Баджрагштан 7:12 есебімен ұтылып, Азия біріншілігінің күмісін қанағат тұтты.
Ал 70 келіде сынға түскен Нұрқожа Қайпанов ақтық сында жапониялық Коджира Шиганы 9:0 есебімен жеңіп, өз мансабында тұңғыш рет Азия чемпионы атанып отыр. Сондай-ақ, биылғы құрлық додасындағы Қазақстанның алғашқы алтын жүлдесін қоржынға салды.
79 келіге дейінгі салмақта Ғалымжан Өсербаев қола жүлдегер атанды. Кіші финалда ол жапон балуанын 6:0 есебімен жеңген.
Сондай-ақ, 97 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ерғали Әлішер қырғызстандық балуанды ұтып, турнирдің қола жүлдесін иеленді.
Ертең Азия чемпионатында 61, 74, 86, 92 және 125 келідегі балуандар күш сынасады.