Атап айтқанда, №375/376 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Риддер» пойызының кестесі өзгереді. 22 мамырдан бастап бұл құрам «Семей - Шар - Өскемен» (бұрын «Семей - Локоть - Өскемен» арқылы қатынайтын) арқылы жүретін болады.
Бұл жолаушылардың жол жүру уақытын 5 сағатқа қысқартады. Сондай-ақ тексеруге байланысты мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде ұзақ уақыт аялдамайтын болады. Жолдағы жалпы уақыт - 23 сағат 23 минут.
Сонымен қатар 22 мамырдан №086 «Нұр-Сұлтан - Сарыағаш» бағытындағы пойыздың кестесі өзгереді. Енді бұл құрам «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол» теміржол вокзалынан қатынайды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан мәлім еткендей, аталған өзгерістер жолаушылардан келіп түскен көптеген өтініштерден кейін енгізіліп отыр. Толық ақпаратты «105» анықтама телефонынан алуға болады.