• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2019

ҚазҰУ халықаралық рейтингте көш басынан көрінді

777 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Academic Ranking of World Universities-European Standard» («ARES») атты беделді еуропалық рейтингісі бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында көш басынан көрінді.

Оқу ордасы «АА» көрсеткіштері бойынша еуропалық жетекші университеттердің қатарына кіріп, «А+» және одан төмен бағаларға ие болған басқа да отандық ЖОО-дың анағұрлым алдында тұр.

Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасы жүргізетін жоғары оқу орындарының рейтингісінде келесі көрсеткіштер ескеріледі: жоғары сапалы білім беру; зерттеу және инновациялық қызмет, жұмыс берушілердің түлектерге сұранысы және т.б. Университеттердің студенттерді кәсіби білім мен біліктілікпен, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысумен, сондай-ақ болашақ жұмыс берушілермен байланыс орнатумен қамтамасыз етуге қабілеттілігіне ерекше назар аударылады.

«ARES» халықаралық рейтингісі 2011 жылдан бері жүргізілуде, ол мемлекеттер бойынша қызметі еуропалық стандарттарға сәйкес келетін университеттерді саралайды. Биылғы жылы аталмыш рейтінгіде Қазақстанның 96 жоғары оқу орны қатысты. «ARES»-тің нәтижелері әлемнің жетекші рейтингілік агенттіктерімен ескеріледі.

ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айналу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде және ғаламдық ғылыми-білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Бұл оқу ошағы мен Отандық білімнің халықаралық рейтингілерде табысты ілгерілеуіне ықпал етеді.

Ақнұр Берікболқызы, әл- Фараби атындағы ҚазҰУ- нің география және  табиғатты пайдалану   факультеті

Гүлнар Айгаринова, заң ғылымдарының кандидаты, профессор.