• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2019

«Жақсылық жаса» челленджі: Жаңаөзен жастары жаңа іс бастады

1156 рет
көрсетілді

Аталмыш челлендж аясында олар қала көшелеріне өлең жолдары мен нақыл сөздер жазылған халықты ауызбірлікке, татулыққа, ұлттық патриотизмді жоғары ұстауға шақыратын тақтайшалар ілуді бастаған.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, аталмыш челлендж аясында олар қала көшелеріне «Бірлігі мықты жастар - болашаққа жол бастар», «Рухани жағынан сұлу адамдар – бұлар ең алдымен бақытты адамдар», «Әр қазақ - менің жалғызым» деген сынды өлең жолдары мен нақыл сөздер жазылған халықты ауызбірлікке, татулыққа, ұлттық патриотизмді жоғары ұстауға шақыратын тақтайшалар ілуді бастаған. Оңды істерін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 2 жыл толуына орайластырған жастар  бұл нақыл сөздер қаланың көркін асырумен бірге, жастарға тәрбиелік құрал ретінде қызмет атқарады деп түсіндіреді.

Бұған дейін 1 млн теңгеге мұқтаж жандарға пандус орнатып берген жаңаөзендік жастар ендігі кезекте аз қамтылған отбасылар үшін қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, оларға азық-түлік және қаржылай көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «Жақсылық жаса» челленджі аясында көшелерге нақыл сөздер жазылған тақтайшалар орнатуды барша қазақстандық жастарға өз өңірлерінде жалғастыру үшін жолдауда.