• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2019

Жер учаскесін жалға алу құқығы аукционнан сатылды

1251 рет
көрсетілді

Петропавл қалалық әкімдігі жер учаскесін жалға алу құқығын аукцион арқылы сатуды биыл бірінші рет ұйымдастырды.

    Сатылымға жиырма лот шығарылып, 14-і өз иелерін тапты. Ағылшын әдісімен өткен аукционға заңды тұлғалармен қатар жеке адамдар да қатысуға мүмкіндік алды. Барлығы 36 қатысушыдан өтініш түсіп, аукционның  талапқа сай өту барысын кәсіпкерлер палатасының өкілдері бақылады.

  «Жер қатынастары саласындағы  үйлесімділікті қамтамасыз ету, жемқорлықты еңсеру мақсатымен түскен өтініштер жан-жақты сараланып, содан кейін ғана аукцион өткізу рұқсат берілді.  Жер учаскелері ашық түрде ұсынылды», дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

    Қаланың әр аумағында орналасқану жер телімдері бес жылға жалға беріліп, коммерциялық мақсатқа ғана қолданылады. Аумағы 0,1 га жер учаскесінің бастапқы бағасы 174,6 мың теңге болса, 3 миллион теңгеге сатылды. Ең қымбат лот осы  болды. Жер учаскесін жалға алу құқығын иеленгісі келгендер арасында аукцион тартысты өтті.

  Нәтижесінде 2,0739 гектар жер учаскесі 8,5 миллион теңгеге бағаланды.